Материалдар / Ашық сабақ: "Саяхатшылар мен зерттеушілер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Саяхатшылар мен зерттеушілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Саяхатшылар мен зерттеушілер туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
876
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жазылым дағдыларын қалыптастырудың жолдары

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Білім беру мазмұны өзгертеліп жатқан қазіргі кезеңде заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау міндетіміз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылығын арттыру. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Бәсекеге қабілетті маман - креативті ойлай алатын, таптауырынды ойдан алыстаған, кез-келген тақырыпта өзіндік ой-пікірі бар, кез-келген жағдайға сыни тұрғыдан қарап, ұтымды жауап бере алатын адам. Сондықтан біз мектеп табалдырығынан бастап оқушының бойына аталған қасиеттерді сіңіре білуіміз керек.

Білім берудегі 4 дағдының көздеген мақсаты әрбір тұлғаның жеке қабілеттерін ашып, өмірге бейім адамды қалыптастыру болса, соның ішінде жазылым дағдысының көтерер жүгі өте ауыр. №1-4 слайд.

Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын білдіру деңгейіне бағытталады.

Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау (шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен жұмыс.

Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.

Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.

5-7 слайд. Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.

Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.

Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;

ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру

түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)

дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.

Әдіс-тәсілдер туралы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен

тәсілдер жүйесі қолданылады.

«Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту» әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін кеейту, танымдық қабілетін арттыру мақсатында жазба жұмыстары жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша әр бөлімнің тақырыптарына сәйкес сабақтың жазылым мақсатына сай жазба жұмысы жүргізіледі. Мысалы:

*Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. (кейде күрделі жоспар құру деп беріледі). Осы мақсатқа сай кейде мазмұндама жаздыруға болады деген ойдамын. Жоспар құрылып, жоспар бойынша оқушы мәтінді өз сөзімен баяндап жазады.

*Ж2; Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыру.Мәтіндерді құрастыруда көркемдегіш құралдарды орынды қолдану. Көркемдеуіш сөздерді қатыстырып мәтін жазу тапсырмасы беріледі.

«Анықтама бұрышы» әдісі

Күнделік жанры: Француз жазушысы Жюль Ренар: «Күнделік – адам жанының айнасы» деген. «Күнделік-күнделікті өмірің! Әрбір адам өзіне күнде есеп беріп отырса, өмірде қателігі аз болады. Күнделік сенін сырласың, әрі досың.

Интервью жанры: көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді.

Әңгіме жанры: оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

*Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу тапсырылады.

«Менің қиялым» айдарында тапсырма ұсынылады. Онда оқушылар алдымен жұпқа бөлінеді. Жұптар бір-біріне арқаларын тиістіріп отырады. Бір оқушы табиғаттағы түрлі ауа райының құбылыстарын атайды, екінші оқушы соны шартты белгілермен А4 үлгідегі қағазға маркермен салады. Мысалы қыс және қар туралы айтса, қыстың шартты белгісі ретінде жұлдызшалардың (***** ) суретін салады.

«Топтастыру», «Вен диаграммасы» стратегиялары жазылымның 3 мақсатында қолданылады.

*Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешіліу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу,( дискуссивті эссе)

«Қазақстан халықтарының бірлігі – бейбітшілікке бастар жол» тақырыбында құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіріп дискуссивті ессе жазады.

Эссе жазу барысында сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолданып жазады.

*Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

«Сөз cандық» әдісі

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» тақырыбындағы оқылым мәтініне сүйеніп, тірек сөздер мен сөз тіркестерінен «Сөз cандыққа» сөздер жинақтау. Әр оқушы өзі бір сөз және сөз тіркесін жазып салады. Барлық оқушы салып біткен соң, сөздер мен тіркестер қайта суырылып, мағынасы ашылады, синоним сөздермен алмастырылып жазылады.

Сандықтағы сөз тіркестері тақырыпқа сәйкес жинақы мәтін үлгілері жазуда қолданылады. Әр топқа әр түрін ұсынуға болады.

Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған жаттығу жиынтығы мен мәтіндерден бөлек жазылым дағдысын дамытатын қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Солардың бірнешеуін атап өтейік:  

      Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.

7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында жиі қолданылатын әдістер - «Дербес пікір жазу» әдісі, кері байланыста «ПОПС» әдісі, сондай-ақ өзіміз бұрыннан қолданып жүрген «Топтастыру», «Вен диаграммасы» .

Осы әдіспен қатар 7-сыныптың қазақ тілі оқулығында тапсырманы орындау мақсатында «Дербес пікір жазу» тәсілі

  1. Өзіндік пікір идея-бір сөйлем (тезис)

  2. Дәлел - екі сөйлеммен келтіру керек.

  3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал - екі сөйлем.

  4. Өз пікіріне қарсы пікір-бір сөйлем.

  5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал- екі сөйлем.

  6. Қорытынды-екі сөйлем.

Бұл тәсіл эссені жазу әдісіне өте жақын. 1-тезис-бір сөйлем, оны дәлелдеу, оған мысал келтіру, алдыңғы пікірге қарсы пікір келтіру, қарсы пікірді жоққа шығаратын мысал келтіру және қортынды жазу.

Кері байланыс « ПОПС» әдісі бойынша жүргізіледі.

«Попс» әдісі. ПОПС-формула

П ұстаным немесе көзқарас ( позиция )

О  түсіндіру немесе негіздеу (объяснение или обоснование)

П   мысал (пример)

С  нәтижесі немесе пайымдау (следствие или суждение).

Алдарыңыздағы парақшаларда мына сөз тіркестерін толтырыңыздар.

  1. Менің ойымша _______________________________________

  2. Мен мұны былай дәлелдеймін _________________________________

  3. Мен бұған мынандай мысалдар келтіремін_____________________________

  4. Мен мынандай қорытынды шешімге келдім______________________________

Жаңартылған бағдарламада сауаттылықты нығайту мақсатында жазылатын диктант жоқ деп ұстаздар қауымы алаңдаушылық білдіріп жатыр. Алайда, менің ойымша формативті-қалыптастырушы бағалауды өткізу кезінде диктант жазуға мүмкіндік бар. Сөздік диктант, көру диктанты, жат жазу сияқты жазба жұмыстарын әр сабақта қолдануға болады. Жазылымның 3, 6 мақсаттары жүзеге асырылатын сабақтарда, мәтінмен жұмыс барысында диктант жаздыруды оңтайлы ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіледі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!