Сабақтың
жабдығы
|
Мақсаты:
Баскиім түрлерімен танысу оқушылардың
ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының салт- дәстүрін басқа ұлыттар
арасында кеңінен таратып
дәріптеу.
Білімділік:
сәукеле тігіп үйрену, үлгісін дайындай
білуді жетілдіру.
Дамытушылық:сәукеленің тігу әдісін үйрету, өнерге
қызығушыығын арттырып, шеберлігін
дамыту.
Тәрбиелік:
әсемдікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа, әдептілікке
тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, сызу,
информатика
Сабақтың
түрі: аралас,
сарамандық
Көрнекіліктері:
ұлттық баскиім түрлері ерлер, әйелдер
баскиім .
Қажетті құралдар: сәукеле үлгісі шаблон,
сантиметрлік таспа, мата, ою, қағаз
бор,
|
Мағынаны
тану
|
Қазақ халқы баскиімді ерекше құрметтеген.
Оны аяқтың астына тастамаған,біреуге сыйламаған,жоғарыға іліп
қойған.Балалар бүгін біз сабақта сәукеле пішіп, тігуді
үйренеміз.Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер адам, әйел адам
өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің өзіне сай экологиялық
, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан, жазда күннің
ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз
баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік,
тығыз, шыдамды матаны қолданған.Баскиімді екі түрге бөлген ерлер
және әйелдер. Ерлер: тымақ, бөрік, айырқалпақ, тақия малақай, сәлде
киеді. Әйелдер баскиімі – сәукеле, кәмшәт бөрік, қасаба, киімешек,
шылауыш.
Тымақ - екі бөліктен тұрады, төбесі төрт сай, шеті
бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы әрі сәнді аязда
киеді.
Айырқалпақ – ақ киізден немесе драптан өрнектер
салынып тігіледі.
Бөрікті бала жігіттер, орта жастағы адамдар киген
екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен
жұрындалады. Әйелдер баскиімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма
бар. Қасаба – тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар
киген.
Кимешекті – егде жастағы әйелдер киген,
бет жақтауы кестеленеді, тазалыққа жылылыққа
жақсы.
Сәукеле- қазақ,қырғыз,қарақалпақтарға ортақ
баскиім.Бірақ ортақ баскиім болғанымен әр халықтың сәукелесінің өз
ерекшеліктері бар.Қазақтардың сәукелелерінің төбесі шошақ,
биік,артқы құлағы шашқап тәрізді белге дейін жеткен Сәукелені –
қалыңдықтар, жас келіншектер киген оны қыз ұзатыларда әкесінің
үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Екі жақтауына
моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ
желек жабылады. Қазақ халқымыз сәукелені күні бүгінге дейін
қолданып келеміз. Сонғы кездері үйленген жас жұбайлар үйлену
тойында қазақтың ұлттық киімін киетін
болған.
Сәукеле тігудің
реті
1.
Қуыршаққа сәукеле тігу үшін сары түсті 25х25 см шаршы пішінді мата
керек.
2.
Матаны үшбұрыштап екіге бүктеп, бүгу сызығын
ал.
3.Матаның екі шетін ортаңғы бүгу сызығына жеткізіп
бүкте. Алынған үшбұрыштан конус шығатындай дөңгелектеп сызып,
белгіле.Конусты қиып ал. Төбесін де белгіленген жерден дөңгелектеп
сызып, қиып ал
4.Сәукеленің екі шетін біріктіріп тік.Диаметрі 3см
дайын үлгіні матаның үстіне қойып,сәукеленің төбесі болатын
дөңгелек қи.Сәукеленің негізгі бөлігіне төбесін
біріктір.
5.Жұмсақ фольгадан өлшемі 5х5 см болатын бірнеше
шаршы қиып ал.Осы шаршыларды қолмен умаждап, дөңгелек моншақтар
жаса.
6.Сәукелеге моншақтарды тігіп, әшекейле.Төбесін,
ортасын әшекелейтін моншақтарды ПВА желімімен желімдеуге болады. Ал
етегін әшекейлейтін моншақтарды жиегіне тігу
керек.
|