Материалдар / Ашық сабақ Секіруге арналған тапсырмалар 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Секіруге арналған тапсырмалар 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірибе бөлісу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
1298
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:14.05.2021

Мектеп: 62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп

Сыныбы: 1А- сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Мұратбек Сандуғаш Оңалбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Секіруге арналған тапсырмалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.5.5 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Қозғалыс түрлерін атайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кеңістікте орындалатын іс- әрекеттерді орындайды;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Секіру жаттығуларын орындайды;

Секіру жаттығуларын орындау барысында дағдыларын пайдаланады;

Бағалау критерийлері

  • секіру барысында, секіру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді.

  • физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін көрсетеді

Тілдік мақсат

- Саламатсыз ба?

- Здравствуйте

- Hello

Ысқырық, свисток, Whistle

Пәндік лексика және терминология

  • қадамдар, аттау

  • секіру кезеңдері

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Секіру барысы туралы оқушылар бір біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Секірулер біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?

  • Секіруден кейін аяқ бұлшық еттерің өзін қалай сезінеді?

Құндылықтарды дарыту

• оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

• ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

• оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

• білімді байыту және оқушылар арасында дене тәрбиесінің адам мәдениеті бөлігі идеясын дамытуға мүмкіндік береді.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ мектептен тыс қызметте меңгерген жеңіл атлетика туралы біледі, секіру дағдыларын игерген.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


    1. минут

Дайындық бөлімі

1.Сапқа тұрғызу, оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2. Қауіпсіздік ережелерін сақтау әрекеті

Сабақ кезінде қауіпсіздік талаптары

*Ойынды бастау, ойында үзіліс жасау және ойынды тек сабақ жетекшінің рұқсатымен (сигналымен) тоқтату.

*Қозғалмалы ойындарды өткізу ережелерін қатаң сақтау.

*Ойыншылардың қол мен аяқпен ұрылу және итеруден, соқтығыстан сақтану керек.

*Құлау кезде жарақат алмау үшін жиналу қажет.

*Сабақ жетекшінің барлық жолдауын (сигналдарды) мұқият тыңдау және орындау.

3.Саптағы бұрылу жаттығулары

«Оңға бұрыл», «Солға бұрыл», «Кері бұрыл», «Алға қарай жүр»

*Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру.

*2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды. 
1. Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет) 
2. Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет) 
3. Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет) 
4. Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет) 
5. Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет) 
6. Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут) 
7. Жай жүріп дем алып, дем шығару 

Спорт зал

Ысқырық

Секіртпелер

Уақыт өлшегіш

Шығыршық









Сабақтың ортасы

25 минут

Негізгі бөлімі

Секіртпемен орындалатын жаттығулар: 
1. Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді. 
2. Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут) 
3. Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

«Секіртпемен секіре түс» 


«Кім шапшаң» секіріп жетеді? 
Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару. 


«Кім ұзақ секіреді?» 
Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады. 


Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар: 
1. Қос аяқтап секіру 
2. Сыңар аяқтап, алма кезек секіру 
3. Аяқты қайшы қойып секіру 
4. Отырып секіру 
5. Екеулеп қол ұстасып секіру 
6. Көзді шарт жұмып секіру 
7. Теріс айналып тұрып секіру 
8. Қолды қайшы ұстап секіру



(Ж,Т) «Қармақ» ойыны

Ойынға бір ұшына асбұршақпен не құммен толтырылған қапшық байланған ұзындығы 3-4 м жіп керек, немесе секіртпені қолдануға да болады. Бұл «балықшы» (жүргізуші) «балықтарды» (қалған оқушылар) аулайтын қармақ. Барлық ойыншылар шеңберге, ал жүргізуші жіппен шеңбердің ортасына тұрады. Жүргізуші қармақтың қапшық байланған ұшын оқушылардың аяқтарының астынан айналдыра бастайды. Олар қапшықтың бағытын бақылап отырады да, өздеріне тигізбеу үшін секіріп отырады.

Ойынның ережелері:

1. Жіп ойыншының жіліншігінен төмен тиген кезде, ойыншы ұсталды деп саналады.

2. Секірген кезде ойыншыларға жүргізушіге жақындауға болмайды.

3. Жіп тиген ойыншы ойыннан ұшады.













Ойынға қажетті жабдықтар


Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды

Денені қалыпқа келтіру жаттығулары

Сапқа тұрғызу.

Оқушыларды сыныпқа алып бару.


Кері байланыс


Қосымша

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік

АКТ- мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Оқушыға секіре аласың, сенің қолыңнан секіртпенмен секіру келеді.

Мақтау, мадақтау, ынталандыру сөздері.

Кері байланыс

Математика, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, өзін-өзі тану

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Секіру жаттығуларын үйренді.

Жақсы деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты.

Қабілетті оқушыларға секіру жаттығуларын бердім.


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Секіру кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2. Өзін-өзі қимыл іс-әрекетпен ептілікке баулиды.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)

1. Секіртпемен орындалатын жаттығуларды орындауды жетілдіре түсу;

2. Оқушылардың ептілік, шапшаңдық дағдыларын жетілдіре түсу;













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!