Материалдар / Ашық сабақ "Сезім мүшелері" әлеуметтік тұрмыстық бағдар беру тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сезім мүшелері" әлеуметтік тұрмыстық бағдар беру тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық дағдыларын қалыптастыру сабағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Ашық сабақтың негізгі мақсаты – ақыл ойы кем балалардың көру, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, саяхаттау барысында белсенділік пен қызығушылықтарын арттыру, бойларына сенімділік ұялату. "Ерекше" балалар бұл сабақта негізгі түстерді қайталайды, дене мүшелерінің атауларын ажыратады, сезім мүшелерінің қызметтері туралы түсінік алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
766
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ

Тобы: Әлеуметтік тұрмыстық бағыт беру

Пәні: Танымдық дағдыны дамыту

Тақырыбы: Сезім мүшелері



Сабақтың мақсаты:


Түзете-білімділік: Дене мүшелері және олардың қызметтері туралы түсінік беру.


Түзете-дамытушылық: Дене мүшелері атаулары туралы алған білімін бекіту. Бет бөліктері және сезім мүшелері қызметтері. Көру, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту.


Түзете-тәрбиелік: Гигиеналық тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар: Себет, көбелек, пияз, мандарин, алма, дене мүшелері суреттер топтамасы, «Сезім мүшелері» мнемокесте, «Ғажайып қапшық», электронды оқулық.


Сабақ түрі: Саяхат сабағы



Сабақ барысы


Ұйымдастыру кезеңі.

  • Хош келдің, сабаққа, Асан! Біз бүгінгі сабағымыз өзгеше болып өтеді. Саяхаттаймыз. Дене мүшелерінің атауларын еске түсіреміз, сезім мүшелерінің қызметтерімен танысамыз.


Жылулық шеңбері.


Амансың ба, алақандарым!

Шап-шап-шапалақ!

Амансың ба, аяқтарым

Топ-топ-топ!

Амансың ба, еріндерім

Пуп-пуп-пуп!

Амансың ба, менің мұрным

бип-бип-бип!


Табиғат бұрышы: Алгоритммен жұмыс.

  • Күз мезгілінің екінші айы басталып кетті. Күз мезгіліндегі ауа райын

еске түсірейік. Күзгі ауа райы белгілерін тақтаға іле ғой. Күзде күн бірде жылы, бірде бұлтты, әрі жаңбырлы болады, қар аралас жаңбыр жауады. Күн суытып, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Адамдар жылы киімдерін киеді.

Алгоритмнен күз белгілерін алып табиғат бұрышына қою.















«Алгортимнен күзгі ауа райы белгілерін тап» ойыны



  • Күзгі даланы серуендеп, әрі саяхаттап қайтайық.

  • Асан, ана жақта не көрінеді, қарашы? Не еткен тамаша табиғат!


Жаңа сабақты түсіндіру.


  • Қандай , әсем дала! Бұл жай дала емес, «Сиқырлы дала»!

Қанекей, кеттік онда.

  • Ой, Асан, мынау не? (Себет қой)

  • Бір кәдеге жарап қалар, қолыңа алшы.

  • Қарашы, қандай әсем дала! Қаншама гүлдер өсіп тұр. Қандай түсті

гүлдер!

- Қызыл түсті гүлді көрсетші, маған. Оның ортасында не тұр? (көз) Көзді үстелге қою. Мына көз нешеу? Ал, сенде неше көз бар?

  • Дұрыс, екі көзің бар екен.

  • Көз не үшін керек? Біз көзімізді сақтауымыз керек? Қалай сақтаймыз?

Жаттығулар жасауымыз керек. Көзімізді жұмдық. Ештеңе көрмеді. Көз жан-жақты көру үшін керек. Көзімізді бір ашып, бір жұмайық. Қанекей, гүлдің үстінде ұшып жүрген көбелекке қарайық. Көбелек оңға бір, солға бір, жоғары, төмен, айнала ұшып жүр.

Әр орындалған тапсырмаға смайлик беріліп отырады. Смайликтерді бір ыдысқа саламыз.

  • «Сиқырлы даланы» әрі қарай қыдырайық. Мына гүл қандай түсте? Мына сигналдық белгіден көрсетші.

  • Дұрыс, көк түсті. Гүлді себетке салайық, ал ортасындағы суретті алайық. Бұл не екен? (мұрын) сенде мұрын бар ма? Мұрын біреу. Мұрын бетті орналасқан. Мұрын не үшін қажет? (дем алу үшін) қанекей, тыныс алу жаттығуын жасайық.


«Жел» тыныс алу жаттығуы.

  • Қолымызды жанымызда, баяу жоғары көтере терең тыныс алу. Төмен қарай ақырын түсіре мұрын арқылы дем алу. 3-4 рет

  • Мұрынның тағы да қызметі бар.


«Иістерді ажыратамыз» ойыны. Бос банка тұр. Бірақ оның ішінде зат болған. Иіскеп көр, тап. Ненің иісі шығады, суреттен көрсет. Дұрыс, жарайсың!

  • Мұрынды сақтаймыз. Суық тигізбейміз.

  • Тағы да айналаға қарайық. Мынау не? Гүл. Түсін көрсете ғой. Себетке салайық.

  • Гүлдің ортасындағы суретті ала қой. Ауыз екен.

  • Аузыңды көрсет. А деп айтшы. Ауыздың ішінде тіл, тіс бар.Тісті күту, тіс пастасы мен щеткамен тазартып отыру қажет. (тіс пастасы мен щетканы көрсету). Ауыз неге керек?

  • Ауызға тамақ салып шайнап жейміз.


Ойын: «Дәміне қарай сез» - орамалмен көзі байлаулы

Шарты: Алма, апельсин дәмін көзді жұмып тұрып ажырату. Суреттен көрсетеді.

  • Алманың дәмі қандай? (Тәтті. Тағы да көзін байлау). Енді қай жеміс екен, таба ғой.

  • Ауызды тамақтан кейін жууды ұмытпа. Тілмен дәмін білеміз.

  • О-о-о, мынау қандай әдемі гүл! Себетке сала ғой. Гүлдің ортасындағы суретті көрсет. Ол не?

  • Құлақтар (құлақ нешеу?) Екі құлақ. Сенің құлақтарың қайда, көрсет?

  • Құлақ не үшін керек? (тыңдау үшін) Құлағыңды жауып тұр. Мен не айттым, естідің бе? Құлақ дыбысты есту үшін керек екен.


«Сиқырлы қапшық» ойыны. Қапшықтың ішінен сылдырлатамын. Ол не? Музыкалық аспаптар. Сонымен құлақ не үшін керек екен. Айналадағы дыбыстарды тыңдау үшін. Құлағымызды қалай күтеміз? Суық тигізбеу, үшкір затпен шұқыламау, таза ұстау қажет.

  • Қанекей, сабаққа қайтайық.


Сергіту сәті. Мимикалық жаттығу


"Біз таңғалдық"- қасты көтеріп түсіру.
"Жылауық" - көзді тарс жұму.
"Ашулану"- маңдай бұлшық еттерін түю.

Лимон жегенде. (3 – 4 рет)

Қуанғанда. (3 – 4 рет)

Таңғалғанда. (3 – 4 рет)

Ренжігенде. (3 – 4 рет)


Ақпараттық коммуникативтік технология (АКТ). Электронды оқулықпен жұмыс: «Бет бөліктерін дұрыс орналастыр»


  • Жарайсың! Саған мына смайликті беремін. Бұл смайликте көңіл-күй қандай? Көңілді. Мен саған көңілді күй сыйлаймын.


Сабақты қорытындылау.

Мнемокестемен жұмыс: Сезім мүшелерін қойып шық

Мақсаты: Аталған сезім мүшелерін кестеге қою.




















Мнемокестемен жұмыс


Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін қайсысы, көрсете ғой?

Құлақ, көз, мұрын, ауыз, қол жатады. Біз таза болсақ, деніміз сау болады. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

- Сабаққа жақсы қатыстың. Жарайсың! Үлкен смайликпен марапаттаймын.

Сабақ аяқталды. Сау бол!






Абеуова Риза Бляловна

Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, жартылай стационар бөлімінің дефектолог-мұғалімі

Телефон нөмірі: 8-708-662-89-85






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!