Материалдар / Ашық сабақ: Ш,Мұртаза 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ш,Мұртаза 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Ш,Мұртаза 6-сынып Оқушылар білуге тиіс маңызды ақпараттар. Оқуышларға түсінікті және пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2022
383
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Шерхан Мұртаза барлық шығармаларының арасынан «Қызыл жебе» романына көп көңіл аударған. Советтік Ресейдің жоғарғы билігінде болған  бірінші қазақ Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлігі туралы баяндалатын бұл шығарма Ш. Мұртаза шығармашылығының басты құжатына айналды.

2. «Буржуазиялық националист пен түрікшіл» деп айыпталып ату жазасына кесілген Тұрар Рысқұловты жазғаны үшін автор Ш. Мұртазаға «неотүрікшіл» деп кінә тақты. «Жұлдыз» журналына жариялауға дайын болған нұсқасына тыйым салып, көзін жойған. Роман Қазақстан партиясының институты мақұлдаған рецензиясынан кейін ғана жарық көрген.

3. Шерхан Мұртаза білім алып жатқан мектепте Мұхамеджан Қаратаев қазақ әдебиеті пәнін жүргізген, ал Алаш Орда үкіметінің мүшесі, әйгілі саяси қайраткер Жақып Ақбаевтың қызы Аргуния химия пәнінен сабақ берген.  

4. Жазушының анасына арнаған автобиографиялық «Ай мен Айша» романы бойынша Тұңғышбай Жаманқұлов спектакль қойды. Қойылымда    Шерханның аяулы анасы Айша мен соғыс азабын шеккен барлық қазақ әйелдерінің күрделі тағдыры сипатталған.

5. Шерхан Мұртаза туысқан қырғыз әдебиетінің шоң өкілі, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың барлық шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Тіпті жас кезінде ертегіші Х. Андерсонның ертегілері мен еуропалық бірер жазушының да туындалыран қазақ тіліне аударып бастаған.

6. Шерхан Мұртазаға тән қасиет – талантты жастарға қамқорлығы. Шығыста облыстық газетті қызмет етіп жүрген Оралхан Бөкейді, Атырауда жүрген жас ақын Фариза Оңғарсынованы, оңтүстікте трактор жүргізушісі болып еңбек етіп жатқан Мұхтар Шахановты және Арқада аймақтық газетте тілші Ақселеу Сейдімбекті «Лениншіл жас» газетіне тартты. Аты атылған бұл кісілер қазақ руханияты мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты, ел таныған үлкен азаматтарға айналды.

7. Жазушының мерейтой, туған күнді атап өту дегенді жақтыртпаған. «Адамды жасы көріктендірмейді, оны еңбекқорлық пен қарапайымдылығы көріктендіреді» дейді екен Шераға.

10. 1994 жылы Шерхан Мұртаза Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымның депутаты болып сайланды. Осыған байланысты сан-саққа жүгірген көзқарастарды байқаған жазушы: «Бұл лауазымға жабысып алғанымды ойлап жатсаңыз, қателесесіздер. Мен үшін ең маңыздысы – менің қаламұшым. Мен оған ие болғанымша, жұмыссыз қалмаймын» дейді.

- Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған.

- Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылыға мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.

- Шерхан Мұртазаның ана тіліміз туралы айтқан қанатты сөздері. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.

- Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.

- Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.

- Шерхан Мұртазаның тұмарындай болған туындысы – «Қызыл жебе» эпопеясы. Бес кітаптан тұратын шығарма - қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.


- Шерхан Мұртаза спортты жанына серік еткен атлет. Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған студенттік шағында бокспен айналысқан. Ол уақытта факультеті намысын қорғап, орта салмақтарда жүлдегер атанған. Шерхан Мұртаза спорттың бильярд және тапанша ату түрінен де жақсы болған.

- Шерхан Мұртаза алты жерде бас редакторлық қызмет атқарған. 1970 — 72 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980 — 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізді. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ойын-суықтық бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!