Материалдар / Ашық сабақ. Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
610
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Мектеп:

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы КММ

Мұғалім:

Сандыбек Құралбек Амандықұлы

Сабақтың тақырыбы:

Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы


Күні:


Сынып:

8

Оқу мақсаты:

8.1.5.1. Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу

Сабақ мақсаты

I. Барлық оқушылар біледі.

Б.: Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. Ағаш атқа секіруде ескереді.

Т.: Кіші ағаш атқа секіріп мінуді үйренеді.

II. Оқушылардың басым бөлігі біледі.

Қ.: Ағаш атқа қол тіреп мінуді, тіземен отыруды, секіруді көрсетеді.

Т.: Ағаш аттан секірудің тактикалық орындалу техникасын аңықтай алады.

III. Кейбір оқушылар біледі.

Ж.: Тактикалық орындалу техникасын қай кезде қолдану керек екендігін түйіндейді.

Б.: Ағаш аттан секіру техникасын пайдалана отырып өздерін бағалай алады.

Бағалау критерийлері

  • I – біледі, түсінеді


Қауіпсіздік ережелерін сақтай отыра ағаш атқа секіру керектігін біледі.

  • II – қолданады


Секірпені басып серпілу,қол тіреп тізерлеп отыруды қолданады.

  • III – талдайды


Ағаш атқа секіріп мінуді, тізерлеп отыру, табаңмен отыру, секіру, түсуді талқылайды.

  • өзіндік пікір қалыптасады


  • білімін өмірлік жағдайда пайдаланалады


РЕСУРСТАР


САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ЖОСПАР

Жоспар‑

ланған уақыт

Жоспарланған жұмыстар



Оқушы іс-әрекеті

Мұғалім іс-әрекеті

САБАҚТЫҢ БАСЫ

(15 мин)


Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.



Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ

(25 МИН )


I‑кезең:

(10 мин.).




Кіші ағаш аттан секіру жаттығуларынның жиынтығы.

  • Көпіршеде секіру.

  • Көпірше арқылы қол тіреп ағаш атқа тізелеп отыру.

  • Табаңға отыру, секіру,екі аяққа түсу.

  • Екпін алып жүгіріп келіп секіре тізеге отыру.

  • Екпін алып жүгіріп келіп секіре тізеге отыру,табаңға отыру,секіру түсу.


Гимнастикалық кіші ағаш атқа секіріп мінуді орындау керек (тізелеп, отырып тірелу). Бұл тапсырманы орындау кезінде мұғалім сақтандыру шарасын жүзеге асырып тұруы қажет.

«Сақтандыру» техникасы жаттығуды орындағанға дейін де, кейін де талқыланғандығына көз жеткізіңіз (қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, гимнастикалық дағдыларды орындаудағы көмек).

II‑кезен:

(10 мин)



Тіреліп секіру. Оқушылар шағын топтарда кезекпе-кезек гимнастикалық ағаш аттан тіреліп секіру жаттығуын орындайды. Сонымен қатар оқушылар гимнастикалық кіші ағаш аттан аяқтарды жанға ашып тіреліп секірудің негізгі кезеңдерін дұрыс көрсетуге тырысады:

-екпін алып жүгіру;

-көпіршеде секіру;

-аяқпен итерілу;

-ұшу;

-сайманға тірелу;

-сайманнан өту;

-ұшудың жалғастыру;

-қону.

Оқушылар кезекпен қозғалыс әрекеттерін орындауды жетілдіру үшін өзінің және өзгенің икемділігін бағалайды.


Дескриптор

- екпіндей жүгірудегі қадам алысын орындайды;

- көпірден серпілгенде сәтті және екі қолын дер кезінде тірейді;

- ұшу кезіндегі дене ұстанымын орындайды;

- секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін көрсетеді.



Нұсқа: жаттығуды күрделендіру үшін гимнастикалық ат пен көпіршенің арақашықтығын өзгертіп отыруға болады.

Сұраңыз: арнайы гимнастикалық жабдықтарды қолдана отырып жаттығуларды орындау қиын үрдіс болып табылады ма?

Сіз жаттығуларды қалай тиімдірек орындайсыз?

САБАҚТЫҢ СОҢЫ

5 мин

(2-3 мин.)

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


САБАҚ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯ

Қалыптасатын ойлау дағдыларының деңгейлері

Дағдылардың қалыптасуы

  • білдім, түсіндім


  • қолданамын


  • талдаймын


  • өзіндік пікір қалыптасты


  • білімімді өмірлік жағдайда пайдаланамын


Ескерту: оқушы дағдыларды меңгергендігін (+ / -), мұғалім пайызбен (%) белгілейді

Қорытынды:____________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

1. Сабақ мақсатына толық жетті ме?

2. Қандай түзетулер енгізу қажет?

(мұғалім үшін)

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

Қорытынды:____________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!