Материалдар / Ашық сабақ С.Сарғасқаев Тәмпіш қара 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ С.Сарғасқаев Тәмпіш қара 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
2384
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Бөлім : ІІІ

Балалар мен үлкендер

Пәні: қазақ әдебиеті


Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 30.03.2021ж.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» ( Атымды адам қойған соң...)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Т/Ж1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау.

Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау



Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады: әңгімедегі кейіпкерлер бейнесінің жасалу тәсілдерін анықтау.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен адамгершілік қасиеттерінің жасалуы тәсілдерін ажырату.

Кейбір оқушылар орындай алады: әңгімедегі кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтап, өзіндік көзқарасымен түсіндіру.

Бағалау критерийі

  • шығармадағы кейіпкерлердің типтерін анықтайды;

  • типтердің жасалу тәсілдерін анықтап, ажыратады, өзіндік пікірін білдіреді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тек, түр, кейіпкер, әдеби шығарма, төртбақ,дәліз,сәтен,тәмпіш мұрын.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:өнерге құштарлық,жасөспірімдер бейнесі,патриоттық рух,парасатты азамат,ұстаздың еңбегі,ауыл балалары,жас жеткіншектер,таба нан,жағына пышақ жанығандай.

Талқылауға арналған сұрақтар:«Тәмпіш қара » әңгімесінен достық,татулық қасиеттер қалай көрініс табады?Кейіпкерлердің әрекетін өмірге қызығушылығы,адамгершілік әрекеті тұрғысынан талдайды.

Құндылықтарға баулу

Достық -ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Достықты бағалауға, өзара жауапкершілік пен қамқорлыққа ,рухани жақындықта болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, қазақ тілі, қазақстан тарихы


Алдыңғы оқу

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» («Әдеппен сөйлеп әдеттен»)

Сабақ барысы



Жоспарланған уақыт

Сабақтың жоспары

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин




















Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?! -деп шығыс ақыны Назым Хикмет жырлағандай,бүгінгі сабақта лапылдап білімнің алауын жаға білейік,балалар.


1-тапсырма.

Шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.

  • Оқиғаның басталуы-...

  • Дамуы-...

  • Шиеленісуі-...

  • Шарықтау шегі-...

  • Шешімі-...



2-тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Повесть не себепті «Тәмпіш қара» деп аталған?Егер оның тақырыбын өзгерту керек болса,қалай атауға болады?

2.Шаншатай балаларды еңбек етуге қалай үйретті?

3.Не себепті Ертай басында Шаншатайды ұнатпай қалды?

4.Қырман басында қандай оқиға болды?

5.Шығарманың негізгі ойы қандай?

6.Ертай мен Шаншатайдың танысуы қандай оқиғаға байланысты еді?

7.Біздің арамызда Шаншатай сияқты балалар бар ма,бар болса кімдер?














Сабақтың ортасы


15 минут























2 минут


3-тапсырма.



Дескриптор:

1.Кейіпкердің адамгершілік қасиетін анықтайды;

2.Кейіпкердің өмірге қызығушылығын табады;

3.Кейіпкер әрекеті бойынша өз көзқарастарын айтады.





4-тапсырма:



5-тапсырма.

  • А) Мәтінде кезіккен ойын атауларын теріп жаз.

  • Б) Повестегі басты және жанама кейіпкерлерді жаз.

  • В) Мәтіннен Тәмпіш қараның портретін жаз.



6-тапсырма.

Сергіту сәті «Достықта – біздің күш!»

Достық тақырыбында мақал айтылады, жалғасын келесі оқушы айтады.



















































Сабақтың соңы

15 минут
















7-тапсырма.

Кейіпкерге хат.

Повесть кейіпкерлері Шаншатай, Бейсекүл, Ертай үшеуінің біріне хат жаз.


Дескриптор

- өз пікірін білдіреді;

-дәлелі бар сөйлемдер жазады;

- пікірлерін өмірмен байланыстырып,мысал келтіреді;

- ойларын жүйелі жеткізеді,қорытынды шығарады .



Кері байланыс.


Рефлексия.




















Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!