Материалдар / Ашық сабақ. "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы" 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасы бйынша 7-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен пән мұғалімдеріне арналған
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Л.Гылымбаева

Бөлім:

2-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

Педагогтің аты-жөні:

Желдибаева А.А.

Күні:

30.11.2023

Сыныбы:7а

Қатысушылар саны: 15 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сүйінбай Аронұлы. «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7. 2. 2. 1 эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

7. 1. 3. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;

Тәрбиелік мақсаты:

Ұлттық мүдде. Ар-ұят. Талап. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау, ұлттық мәдениетті дәріптеу; сыни және креативті ойлау, білуге, жаңаны тануға құштар болу; шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Топқа бөлу. Топ таңдау әдісі арқылы 2 топқа бөлініп отырады.

1-топ: Сүйінбай

2-топ: Қатаған

Үй тапсырмасын бекіту:

Ш.Қанайұлының «Зар заман» толғауын «Кубизм» әдісі бойынша талдау



Shape1 Ойтүрткі .

1. Мына суреттен өнердің қай түрін көріп отырсыңдар?

( суреттер көрсетіледі)

2. Суреттен қай ақынды көріп тұрмыз?


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылар «Кубизм» әдісімен толғауды талдайды.

І. ТҮСІНДІРІҢІЗ.

 Зар заман” өлеңінің негізгі идеясы қандай?

ІІ. СУРЕТТЕҢІЗ

 Зар заманда” халықтың жағдайы қандай болды?

ІІІ. САЛЫСТЫРЫҢЫЗ

 Зар заман” мен қазіргі заманды салыстырыңыз.

ҮІ. ТАЛДАҢЫЗ

 Зар заман” уақытында Ш. Қанайұлының психологиялық ахуалы қандай болды?

Ү. ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Ш.Қанайұлы неден қорықты? Оқулықты пайдаланыңыз.

ҮІ. ЗЕРТТЕҢІЗ

Шығармадан анафора мен эпифораға бір мысалдан тауып, зерттеңіз.

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.












«Қос шапалақ» әдісімен бағалайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

бейнеролик
























Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ


(Ұ) «Миға шабуыл» Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын интербелсенді тақта арқылы тыңдап, есте сақтау мүмкіндігін байқау мақсатында «Сөздер банкісі» толтырылады. Бірнеше айтыскер ақындардың аты жазылады. Оқушылар тек Сүйінбай айтысқан ақындарды дұрыс тауып, келесі банкіге орналастырады.

Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Қандай қазақ ақын-жырауларын білесіңдер?


2.Сүйінбай Аронұлы кім?




Дарынды оқушылардың шығармашылық жұмысы. Слайд арқылы:

1.С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығы

2. Сүйінбай – айтыскер ақын.
















Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.


Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Презентация

Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдату

«Қашан? Кімдер? Қалай?» әдісімен тиянақтау









Сөздікпен жұмыс.

Шығармадан оқиға қашан болғанын, оған кімдер қатысқанын және оқиға қалай аяқталғандығын анықтайды.







Shape2

Қалай?


Дескриптор:

- Оқиға қашан болғанын, кімдер қатысқанын және қалай аяқталғанын анықтайды;


Мәтіндегі түсініксіз сөздерді оқып, түртіп алады.

Тезімді – күш көрсету, тезге салу мағынасында;

Дұлым – қырғызша көппін деген мағынада;

Ерчі – батыр,ер

Нар келде – нар тұлғалы алып.

ДК экран аудио

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

ТТ. «Еркін жазу» әдісі

1 топ: Айтыста Сүйінбайдың жеңуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?

2 топ: Айтыстың шарықтау шегі, ұтысы. Сүйінбай не сұрады? Қатаған не берді?

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

1 топ: Айтыста Сүйінбайдың жеңуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?

  1. Өз елінің тарихын терең білетін шежіреші

  2. Елі үшін еміренеді

  3. Ұтқырлығы мен тапқырлығы басым

  4. Екі ел арасындағы татулықты, бірлікті дәріптеді

  5. Сөзге шешен

  6. Білімді

Дескриптор: Жалпы-2 ұпай

-айтыста Сүйінбайдың жеңіске жетуінің себептерін түсіндіріп жазады;

-тапсырманы дұрыс орындайды.

2 топ: Айтыстың шарықтау шегі, ұтысы. Сүйінбай не сұрады? Қатаған не берді?

Оқулық бойынша Сүйінбайдың не сұрағанын, Қатағанның не бергенін тізіп жазады.

Дескриптор: Жалпы-2 ұпай

-ақын ұтысын саралап береді;

-тапсырманы дұрыс орындайды.

ДК экран

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

Таратпа материалдар

ЖЖ.

Өлең жолдарындағы автор бейнесіне сипаттама беріңіз. Мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз. Кейіпкердің тұлғалық болмысын талдаңыз.

Кейіпкердің тұлғалық болмысы

Үзінділер

Менің түйгенім

Намысшыл





Батыл





Батыр




Дескриптор: Жалпы-3 ұпай

-кейіпкердің тұлғалық болмысын талдайды;

-мысалдар арқылы өз ойын дәлелдейді;

-түсінік беріп, ойын қорытындылайды.

Мадақтау сөздер: «Тамаша!», «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»


Оқулық, жұмыс дәптері, таратпа материалдар














Саралау тапсырмасы:

«Дұрыс не бұрыс» әдісі


Үлгерімі төмен оқушыға қима қағаз тарату. Оқушылар дұрыс не бұрысын белгілеп тапсырманы орындайды.

«Бас бармақ» әдісі

Оқулық, жұмыс дәптерлері. Қима қағаздар

Сабақтың соңы

Қорытын ды

Ой толғаныс.

Рефлексия


























Үйге тапсырма

Бағалау

«Миллион кімге бұйырады?» ойыны.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында LearningApps.org онлайн-сервисінде құрастырылған ойын арқылы бекітеді.






«Әңгімелесуші серіктестер» әдісімен оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.



72-бет, 3-тапсырма

Оқушылардың үй тапсырмасы, жаңа сабақ, тапсырмалар орындау бойынша белсенділіктерін бағалау

ЖЖ:

Оқушылар ойында берілген сұрақтарға жылдам жауап береді.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай алады.

-Сүйінбай қай жылдары өмір сүрді?

- Сүйінбай кім?

- Айтыс деген не?

-Сүйінбай мен Қатаған қай елде айтысады?



Серіктесіңізбен талқылаңыз:

3 үйренген жаңа нәрсе туралы:

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Не білгің келеді?

бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.


Оқушылар өздерінің сабақ бойы жинаған ұпайларын санайды, өзін-өзі бағалайды.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті балын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



ДК экран

LearningApps.org онлайн-сервисі




















































































5-тапсырма. «Блиц» сұрақтар.

Сқрақтарға жауап беріңдер

1.Айтыс дегеніміз не?

2.Сүйінбай кім?

3.Айтыстың түрлерін ата.

4.Сүйінбай мен Қатаған қай елде айтысады?

5.Екеуінің айтысының тақырыбы неде болды?



«Блиц» сұрақтар.

1. Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр.

2. Айтыс ақыны. Жасынан жыраулығымен елге танылған.

3.Бәдік, салт айтысы, жануар мен адам айтысы т.б.

4.Қырғыздың шонжары Орманхан берген аста.

5. Байлық





ҚБ: «Мадақтау сэндвичі»

(Топтардың өзара кері байланысы жүргізіледі)

1. Позитивті комментарий: не ұнады?

2. Сындарлы сын: нені жақсарту керек?

3. Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...





«Шоллер табақшалары» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындау. (Жеке жұмыс)

А

Материалды жүктеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!