Материалдар / Ашық сабақ. "Су- тіршілік көзі". 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Су- тіршілік көзі". 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге көмегі болады деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
1088
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп: №23 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалім: Ерғалиева Гүлнар Сайнқызы

Сынып 5 «А»


Қатысқан оқушылар саны:12

Қатыспағандар: 0

Тараудың тақырыбы:

Су - тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы:

Сусыз өмір жоқ.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5.5.1.1Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

5. 5.4.1Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

Сабақ мақсаты:

Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды. Тыңдалған мәтінге жоспар құрады.

Топтық жұмыс барысында белсенділік танытады. Тақырыпты тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрай алады. Мәтінді баяндайды.

Тыңдалған мәтінді тереңірек түсініп, шынайы өмірмен байланыстырады. Тақырыпқа қатысты өз көзқарастарын білдіреді.

Бағалау

критерийлері:

Тыңдалым мәтінінің мазмұнына байланысты жаңа сөздермен танысады. Мәтінді мұқият тыңдау барысында тірек сөздерді анықтайды.

Тірек сөздерді анықтау арқылы мәтін тақырыбын болжайды, мәтінге ат қояды. Тыңдалған мәтінге жоспар құрады.Мәтінді баяндайды.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады.

Құндылықтарды игерту:

Су – тіршіліктің көзі екендігін, сусыз өмірдің болмайтындығын, судың  табиғат үшін маңыздылығын ұғынады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, ағылшын, орыс тілі, ән сабағы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін, бейнематериал



Тілдік мақсаттар:

Тіршілік көзі, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, ағза, тұрмыстағы су

Осыған дейін меңгерілген білім

Лексикалық тараудың алғашқы сабағы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


























3 минут















Сабақ ортасы

25 минут































































































































































Сабақтың соңы

5 минут














1-әрекет. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2-әрекет. Жағымды ахуал туғызу. Шаттық шеңберін құрып, сәттілік тілеу.

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі оқу іс-әрекетін бастаймыз.

3Picture 8 -әрекет. Топқа бөлу. 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер» - Сарқырама

2-топ «Көк кәмпиттер» - Бұлақ

3-топ «Қызыл кәмпиттер» - Жаңбыр

4-әрекет. Ұжымдық жұмыс. «Миға шабуыл» әдісі. Тыңдалым алдындағы тапсырма: Жұмбақ ретінде судың түрлі дыбыстарын жасырамын. Оқушылар тыңдап, жауабын айтады (бұлақ, жаңбыр, сарқырама, т.б.)

Бағалау критерийлері:

  • Жетелеме сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты болжайды.

  • Балалар, сендер ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?

  • Су қандай болады?

Дескрипторлар. Білім алушы:

  • Берілген сұрақтарды түсінеді.

  • Лайықты жауап береді.

  • Тақырыпты болжайды.

Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийімен таныстырады. Тақтадан шығарып қояды.

5-әрекет. Тыңдалым тапсырмасы: ресурстар тізімінде ұсынылған су туралы «Су туралы не білесің?» атты бейнематериалды тамашалайды. «Стоп-кадр!» әдісі арқылы бейнебаян тоқтатылады. «Ой шақыру» әдісі бойынша сұрақтар қойылып, сабақтың тақырыбын өз беттерімен анықтауға бағытталады.

Бағалау критерийлері:

  • Бейнематериалды тамашалайды.

  • Сұрақтарға жауап береді.

- Сабақтың тақырыбын өз беттерімен анықтайды.

- Бейнебаянда не туралы айтылады?

- Бейнебаянда су туралы айтылады.

- Судың бізге қандай қажеті бар деп ойлайсыңдар?

(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады.)

Жарайсыңдар, балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сонымен, сабағымыздың тақырыбы - «Сусыз өмір жоқ».

Дескрипторлар. Білім алушы:

  • Берілген сұрақтарды түсініп, жауап берді.

  • Сабақтың тақырыбын өз беттерімен анықтады.

6-әрекет. Сөздікпен жұмыс.

Бағалау критерийлері:

Сөздерді суреттермен сәйкестендіреді.

Суреттердің атауларын үш тілде айтады.

( Ұ) Тапсырма: Сөздерді суреттермен сәйкестендіру, суреттердің атауларын орыс және ағылшын тіліндегі баламасын, яғни үш тілде айту.

Дескрипторлар. Білім алушы:

  • Суреттердің атауларын анықтап, сөздермен сәйкестендіреді.

  • Суреттердің атауларын орыс және ағылшын тіліндегі баламасын айтады.

Сөз

Сурет

тіршілік, өмір-жизнь- life

ауыз су, тұщы су – питьевая вода - water

Мұз – лёд - ice

Бүйрек – почки - kidneys

су жетіспеушілігі - недостаток воды - dehydration





















7-әрекет. Бейнебаянды тоқтаған жерінен әрі қарай қосамын.

Жұптық, топтық жұмыс.

Бағалау критерийлері:

  • «Ойлан - жұптас - бөліс» әдісі бойынша мәтінді тыңдайды.

  • Тірек сөздерді тауып, мәтінге ат қояды.

  • Тыңдалған мәтінге жоспар құрып, баяндайды.

Дескрипторлар. Білім алушы:

  • Мәтінді мұқият тыңдайды.

  • 5 тірек сөз бен сөз тіркестерін анықтап, мәтінге ат қояды.

  • Тыңдалған мәтінге жоспар құрады.

  • Мәтінді баяндайды.

Тыңдалым мәтіні:

Су - тіршілік көзі. Тіпті су ішпеген бір күнімізді елестетудің өзі өте қиын. Біз күн сайын мөлдір сұйықтықты рахаттана ішеміз. Ең қызығы, біз суды ішіп қана қоймаймыз. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің үштен екі пайызын су құрайды екен. Мысалы, адам ағзасының 86 пайызы судан тұрса, балықтардың 75 пайызы, ал қияр мен қарбыздың 95 пайыздан астамы судан тұрады екен.

Су өте пайдалы бола тұра, оны ішудің де өз ережесі бар екен. Негізі дәрігерлер суық судың бүйрекке күш түсіретіні туралы айтады. Суды бірден жылдамдата жұтқаннан гөрі, ауызда ұстап, біртіндеп жұтқан пайдалы.

Қалай ойлайсың, үйдегі құбырмен келіп тұрған суды ішуге бола ма? Оның құрамында хлор бар. Хлордың ағзаға зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан үйіңізге су тазалайтын арнайы сүзгі орнатсаңыз, ағзаңыз таза, денсаулығыңыз мықты болады. Ал өзен суын неге ішуге болмайды дейміз? Өйткені оның тазалығына ешқандай кепіл жоқ. Лас суды ішіп, ауырып қалуымыз әбден мүмкін. (140 сөз)

8-әрекет. Тыңдалым тапсырмасы. (І-топ) Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 5 тірек сөз бен сөз тіркестерін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз.

Shape1 Shape2

Shape3

Су – тіршілік көзі



Shape4

Shape6 Shape5

Тірек сөздер: мөлдір сұйықтық, өте пайдалы, адам ағзасының 86 пайызы, балықтардың 75 пайызы, қияр мен қарбыздың 95 пайызы, су – тіршілік көзі.

Дескрипторлар. Білім алушы:

- мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды;

- тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады.

Тыңдалым тапсырмасы. (ІІ-топ) Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтіндегі маңызды тірек сөздер жазылған тамшыларды анықтап, түрлі –түсті қарындашпен бояңыз және мәтінге тақырып қойыңыз.

Дескрипторлар. Білім алушы:

  • Тыңдалған мәтінге жоспар құрады.

  • Мәтінді баяндайды.

Тыңдалым тапсырмасы. (ІІІ-топ) «Solo» әдісі бойынша берілген суреттер негізінде сұрақтарға жауап береді. (оқулық бойынша 1-тапсырма)

Не?

Қандай?

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!