Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі
7.1B бөлім: Геометрияның
алғашқы мәліметтері
|
Мектеп:№11
|
Күні:
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Мұқанова
Г.Т
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Сыбайлас және вертикаль
бұрыштар, олардың қасиеттері.
Перпендикуляр
түзулер.
|
Сабақтың типі
|
Білімді жалпылау және жүйелеу
сабағы
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
7.3.1.10 сыбайлас және
вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және
қолдану
|
Сабақ
мақсаттары
|
-
оқушылар сыбайлас және
вертикаль бұрыштардың, перпендикуляр түзулердің, перпендикулярдың
түзуге қатысты анықтамаларын және қасиеттерін
қолданады,
-
дәлелді пайымдаулардың
дағдыларын қалыптастырады және дамытады;
-
білім, іскерлік кешенін өз
бетімен қолдану дағдыларын дамытады.
|
Бағалау критерийлері
|
-
сыбайлас және вертикаль бұрыштардың
анықтамаларын біледі;
-
сыбайлас және вертикаль
бұрыштарды салады және белгілей алады;
-
сыбайлас және вертикаль
бұрыштардың қасиеттерін біледі және стандартты жағдайларда
қолданады;
-
перпендикуляр түзулердің
анықтамаларын біледі.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- бөлімнің ұғымдары мен
терминдерін пайдаланады;
- аксиомаларды және
теоремаларды тұжырымдайды;
- сызбаның салынуын
түсіндіреді;
- есептердің шешу жолын
түсіндіреді.
Пәнге тән лексика мен
терминология:
- нүкте, түзу, сәуле, кесінді,
бұрыш;
- аксиома,
теорема;
- бұрыштардың түрлері, сүйір
бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік
бұрыш;
- вертикаль бұрыштар, сыбайлас
бұрыштар;
- бұрыштардың градустық
өлшемі;
- перпендикуляр
түзулер
Диалог пен жазу үшін
пайдалы сөздер мен тіркестер:
- кесінділер/бұрыштар
тең;
- вертикаль бұрыштар...
;
- сыбайлас бұрыштардың
қосындысы... тең.
- перпендикуляр түзулер . . .
жасайды.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Пәнге деген жауапты көзқарас
арқылы құрмет көрсету, атқарылған жүмысты талдай білу және бағалай
алу қабілеті, қауіпсіздік техникасын, денсаулық сақтау факторларын
сақтау.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Сызу
|
АКТ қолдану дағдылары
|
интернет
ресурстар
|
Бастапқы
білім
|
Кесінділер мен
бұрыштарды салуда және өлшеуде сызғыш пен транспортирді қолдана
алу, фигуралардың теңдігі, геометрияның қарапайым фигураларын білу,
сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамалары; сыбайлас және
вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдану.
|
Сабақ
барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
2 минут
Білу
Қызығушылықтарын
ояту
5
минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Психологиялық
жұмылдыру.
Шеңберге
тұрып
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
Сабақтың тақырыбымен
таныстыру, оның мақсаттарының қойылымы. Оқушыларды тілдесуге
дайындау. Оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштар. Олардың
қасиеттері жайлы теориялық материалды қайталайды, қиылысушы және
перпендикуляр түзулер арасындағы айырмашылықты естеріне
түсіреді.
Оқушылардың жетекші білімдері
мен дағдыларын өзектендіру.
(Өтілген мәліметтер бойынша
білім мен дағдыларын жүйелеу.)
Өтілген тақырып бойынша
оқушылардың негізгі теориялық білімдерін жалпылау және жүйелеу
мақсатында мұғалім оқушыларға «Бұрыш түрлері» тақырыбы бойынша
кластер құруды ұсынады.
|
«Бұрыш түрлері» тақырыбы
бойынша кластер
|
Сабақтың
ортасы
7
минут
Түсіну
2
минут
|
3. Жеке-дара білімдерін бір
жүйеге жалпылау
Оқушыларға өтілген тақырып
бойынша негізгі білімдерін тексеретін тест беріледі. Мұнда
оқушыларға бірден кері байланыс беріліп
отырады.
1. Егер бұрыштар тең болмса,
олар вертикаль бұрыштар бола ма? (Ж)
2. Бұрышты қақ бөлетін сәуле –
медиана ма? (Ж)
3. Сыбайлас бұрыштың бір
бұрышы тік, ал екіншісі сүйір бұрыш болып табылады.
(Ж)
4. Сыбайлас бұрыштың бір
бұрышы сүйір, ал екіншісі доғал бұрыш болып табылады.
(Ж)
5. Вертикаль бұрыштар тең.
(А)
6. Жазыңқы бұрыштың градустық
өлшемі 1800-қа тең.
(А)
7. Екі түзу қиылысқанда
вертикаль бұрыштардың екі жұбы пайда болады.
(А)
Көз арналған
гимнастика.
|
1 қосымша "Тест"
|
17
минут
Талдау
|
Оқушыларға дайын сызбалар
бойынша есептер шығару ұсынылады Әрбір оқушыға тапсырмалары бар
парақтар беріледі. Берілген жұмысты орындауға берілген уақытты
қадағалап, жазбаларды жұмыс дәптеріне ұқыпты рәсімдеу
қажет.
|
Кесте
қағаз
|
Сабақтың
соңы
5
минут
Жинақтау
|
Қорытынды жасау. «Доп лақтыр»
әдісі
Сұрақтар
қою.
Оқушыларға олардың өтілген
тақырыптары бойынша негізгі теориялық білімдерін жүйелеуге септігін
тигізетін викториналық сұрақтар қойылады.
1) Бұрыштардың өлшем бірлігі
қандай? (градус)
2)
Градустың бөлігі?
(минут)
3) Жазыңқы бұрыштың градустық
өлшемі қандай? (1800)
4)
Минуттың бөлігі?
(секунд)
5) Тік бұрыштың градустық
өлшемі қандай? (900)
6) Сыбайлас бұрыштардың
қосындысы неге тең? (1800)
7) Вертикаль бұрыштар қай уақытта
тең болады?
(әрқашан)
|
http://textbooks.nis.edu.kz/
|
Бағалау
|
Үй
тапсырмасы.
Фишкалар арқылы
бағалау
|
|
Саралау –
оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті
жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
|
Бағалау –
оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді
жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Тапсырмалар арқылы
дифференциация жасау, жеңіл тапсырмалардан күрделі тапсырмаларға
өту, оқытудың визуальды және есту арқылы қабылдау әдістерін
қолдану.
|
Оқушының жеке жұмысы
бағаланады,
|
Көзге арналған
гимнастика.
|
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған
ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді
ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді
ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,
неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді
білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда
берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Алдыма қойған мақсатыма
жеттім, оқушылар берілген тапсырманы
орындады.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту
туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Сабаққа таңдап алынған
әдіс-тәсілдер тиімді болды.
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту
туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Жеке, жұптық, топтық
жұмыстар орындату.
2: Оқушылар өздігінен білім
алуы.
Сабақ барысында сынып
туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы
нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
Тапсырмалар берген кезде
тапсырмалар орындау барысында барлық оқушыларды ұйымдастырып
отыру.
|