Сабақ жоспарыСынып: 6 МерзіміПән: қазақ әдебиетіТақырыбы: Сырбай Мәуленов. Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Сырбай Мәуленовтің өмірі жайлы айта келіп, шығармаларымен таныстыру,түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету. Дамытушылық:сөйлемді дұрыс құруға,ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.шығармашылық ойын дамыту. Тәрбиелік:оқушылардың туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу; Сабақтың түрі:Жаңа материалды меңгерту, Әдісі:түсіндіру,ой қозғау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс. Көрнекілігі: суреттер, сызба,түрлі қарындаштар.ақын суреті. Интеративтік тақта,портретПәнаралық байланыс:дүниетану,бейнелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу. Сыныпты топқа бөлу. Туған жерлердің тасы да,суы да,топырағы да ыстық.Сондықтан бүгінгі топтардың аттарын «Тас», «Су», «Топырақ» деп аламыз. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үй тапсырмасын қорытындылау. Ғабит Мүсірепов өмірбаяныІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ү. Жаңа сабақ:Кіріспе: Сырбай Мәуленов туралы бейне фильм өмірбаяны туралы.-Бүгін біз ,сендермен Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінімен танысамыз. Мәтінді оқып беру. Отан –әр адамның жүрегіне жылы тиетін қасиетті сөз.Отан сендердің туған елдерің,туған жерің,досың,сенің тұратын жерің.Әр адам үшін туған ел,туған жер әрқашан қымбат.Өйткені, сен туған өлке,алтын бесік-Атамекен деп аталады.Отан адам үшін біреу ғана.Отанды анаға теңейді. -Туған ел!Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады.Туған жерсіз адамның күні жоқ,-деген жазушы Сырбай Мәуленов. Топтарға тапсырма. 1. Суреттерге қарап Сырбай Мәуленов туралы топтастыру. 2.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну. 3.Төрт жол өлең құрау. -Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? -Біздің Отанымыз қалай деп аталады? -Астанамыз қай қала? -Дұрыс-ақ,балалар,ендеше Отан,табиғат,туған жер жайлы жырлайық. Сергіту сәті. Түсініктерін анықтау. 1.Отан,туған жер туралы білетін мақал-мәтел жалғастыру. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. Отан оттан да ыстық. Туған жерге туың тік. Отан елдің анасы,ер елдің анасы. Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас. ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Шығармадағы негізгі ойды анықта: • «Туған жер» тақырыбына сурет салу. 5 - сызба бойынша Бәрі де керемет сипат! Ана әлдиі көгілдір аспан Әже ертегісі көгілдір көл Жеңге әзілі көк шөп Балғын шақ Туған жер Сағынасың шағала Балалық шақ түсіңе енеді құлыншақ Туғандардың мөлдір ауасы Күлкілері үйдің табалдырығы • мәтінді әңгімелету. ҮІІ. Бекіту: Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле. Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің? Өз ауылың туралы әңгімелеп бер. ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өмірбаяны жатқаБағалау.Бағалау парағы арқылы. Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсініп оқиды,идеясын түсінеді. Туған жер туралы мағлұмат алады.Топпен жұмыс жасау белсенділігі артады. Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.Шығармашылық қабілеттері дамиды. Рефлексия: Сабақ жайлы алғандарын жазып,қорытындылау.