Материалдар / Ашық сабақ "Сызықтық теңдеулер және сызықтық теңсіздіктер" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сызықтық теңдеулер және сызықтық теңсіздіктер" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу, алған білімдерін жинақтау, сызықтық тендеулерді және сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерін есепте қолдану дағдыларын қалыптастыру Ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденіс тапқырлығын зеректілігін ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
727
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Сызықтық теңдеулер және сызықтық теңсіздіктер

Мақсаты:

  1. Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу, алған білімдерін жинақтау, сызықтық тендеулерді және сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерін есепте қолдану дағдыларын қалыптастыру

  2. Дамытушылық: Ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденіс тапқырлығын зеректілігін ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар, формулалар жасалған кесте, стикер,т.б

Сабақтың типі: Қайталау сабақ

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топтар бойынша жұмыс

Пән аралық байланыс: әдебиет.

І. Сабақтың құрылымы:

Р/с

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

2

Сабаққа кірісу кезеңі

35 минут

3

Қорытынды кезең

5 минут


ІІ. Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгеңдеу.

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

В) Оқушыларды топқа бөлу

1-топ. Алғырлар 2-топ. Тапқырлар 3-топ. Жүйріктер


  • Сабаққа кірісу кезеңі:

  1. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

  • «Ережелер» ойыны(сұрақ-жауап, сәйкестігін тап)

  • «Бауырсақтар» ойыны (деңгейлік тапсырмалар)

  • «Поле чудес» ойыны (топ басшылар сайысы)


  1. Сайыс барысы.

1. «Ережелер» ойының шарты (сұрақ-жауап, сәйкестігін тап)

    • Сұрақ -жауап

  • Сызықтық теңдеулер және сызықтық теңсіздіктер тарауынан бірнеше сұрақ қойылады. Әр топ оқушылары сұраққа жауап бере отырып, өз қоржындарына «балдық шкалаға» алдарындағы стикерлер арқылы ұпай жинайды.

1. Қандай теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық деп аталады?

2. Санды теңсіздіктердің бірінші қасиеті?

3. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады?

4. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп азайтуға болады?

5. Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктер қалай қосылады?

6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?

7. Теңсіздікті шешу дегеніміз не?

8. Теңсіздіктер қалай бөлінеді?

9. Қандай сан аралығын білесіңдер? (жеке-жеке тоқталу)

10. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?

    • Сәйкестігін тап

  • Үш топқа тапсырмалары бар парақша беріледі. Ол парақшада бірінші қатарында сұрақтары, екінші қатарында жауаптары шатасып кеткен. Алдарында тұрған түрлі түсті қаламдар арқылы сол сұрақтың сәкестігін табады. Әр топ оқушылары дұрыс сәйкестік тапқан жағдайда, өз қоржындарына «балдық шкалаға» алдарындағы стикерлер арқылы ұпай жинайды.


1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

а)

2. Жартылай интервал

ә) [3;7]

3. Ашық сәуле

б) U

4. Қиылысудың белгісі

в) ах

5. Бірігудің белгісі

г) [-1;3)


2. «Бауырсақтар» ойының шарты (деңгейлік тапсырмалар)

- Бауырсақтар есептер

- Қояндар «А»-деңгейінің есептерін орындайтын оқушылар

- Қасқырлар «Б»-деңгейінің есептерін орындайтын оқушылар

- Түлкілер – «С»-деңгейінің есептерін орындайтын оқушылар


  • Әр топта 3-қоян, 2-қасқыр, 1-түлкіден болады.

1-ші бауырсақ қояндарға келеді.

2-ші бауырсақ қасқырларға келеді.

3-ші бауырсақ түлкілерге келеді.

1-ші.Бауырсақты ұстап болғаннан кейін,мұғалім барлық қояндағы бауырсақтарды жинап алады , әр топтан бір-бір қояннан шығып 1,2,3 номерлі бауырсақтарын қанжығаларына иемдену үшін тақтаға шығып қорғайды. Дұрыс қорғаған жағдайда өз қоржындарына салады. Қалған бауырсақты дұрыстығын мұғалім анықтайды.

2-ші Бауырсақты ұстап болғаннан кейін,мұғалім барлық қасқырлардағы бауырсақтарды жинап алады . Бірінші болған топтардың екі топтан бір-бір қасқырдан шығып 1,2, номерлі бауырсақтарын қанжығаларына иемдену үшін тақтаға шығып қорғайды.

3-ші Бауырсақты ұстап болғаннан кейін,мұғалім барлық түлкілерден бауырсақтарды жинап алады . Қай топтың қасқыры бірінші ұстайды, шығып бауырсақты қанжығасына иемдену үшін тақтаға шығып қорғайды.

- Қояндар «А»-деңгейінің есептерін орындайтын оқушылар

1-есеп. Теңсіздіктерді мүшелеп қос:


8<9 және 4<6


2-есеп. Теңсіздіктерді мүшелеп азайт:


12>7 және 5>2


3-есеп. Теңсіздіктерді мүшелеп көбейт:


a>3 және b>5


  • Қасқырлар «В»-деңгейінің есептерін орындайтын оқушылар

Теңдеуді шеш:


1. 8х-7=5x+8


2. 5х-8=х+4


  • Түлкілер «С»-деңгейінің есептерін орындайтын оқушылар

Теңдеуді шеш:


Жауабы: -4


3. «Поле чудес» ойының шарты (топ басшылар сайысы)


  • Әр топтың топ басшылары барабанға келіп отырып, сағат тілімен кезектесе айналдыра отырып, сағат тілі түскен сұрақты қорғайды.Тапсырмалар сызықтық теңдеулер және сызықтық теңсіздіктерден келеді.

1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.


2. Санды теңсідіктерді қосу және азайту.


3. Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу.

4 Сан аралықтары

5. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу.

6. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.



ІІІ.Қорытынды кезең.


Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса
Озғандар жарады.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.
Жеңімпаз топ аталып,оқушылардың білімдері бағаланады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!