15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Табиғатқа саяхат. Өө дыбысы және әрпі"
|
Пәні: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатқа саяхат |
Мектеп: Нұрбұлақ орта мектебі |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Бекенова Айнагуль Жауынгеровна |
||||||
|
Сынып: 1 «А» |
Қатысқандар:12 Қатыспағандар:0 |
||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Табиғатқа саяхат. Өө дыбысы және әрпі |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1. Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.1. Сөз /сөйлем сызбасын оқу. 1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). 1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.11.1. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңында тиісті тыныс белгілерін қою. |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Көптеген оқушылар: Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоя алады. Кейбір оқушылар: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
Сөйлемді бас әріппен бастап,соңында тиісті тыныс белгілерін қояды. Әріпті таниды, ажыратады, салыстырады. |
||||||
|
Тілдік мақсаттары |
өрмекші-паук, spider |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік құндылықтармен қатар достыққа адал болу қасиеттері дамиды. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика, дүниетану, бейнелеу өнері, көркем еңбек |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ қолдану |
||||||
|
Алдыңғы білім |
Ң дыбысы |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы Блум таксаномиясы * Білу |
Ой шақыру. Ертегі Өткен тақырыпты сұрау Ал, балалар ендеше ортаға шығып дөңгеленіп тұра қалайық та, «Өрмекші» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп алайық. Балалар тақта алдына дөңгеленіп тұрады. Бастайтын оқушы қолындағы жіпті қалаған оқушыға қарай лақтырып сұрақ қояды. Жіпті алған оқушы сұраққа жауап беріп өзі басқа оқушыға сұрақ қойып қолындағы жіпті лақтырады.
«Өрмекші» әдісі
(Оқушылар орындарына отырады.) |
Қима суреттер |
|||||
|
Сабақтың ортасы *Түсіну *Қолдану *Талдау *Жинақтау |
Қалай ойлайсыңдар, неге біз бүгінгі сабағымызда өрмекші торын құрадық? Нені байқап тұрсыңдар? Өрмекші торы құралды.
Оқушылар айнаға қарап тұрып Ө дыбысын айтады. «Ө» дыбысының дыбыстық артикуляциясы түсіндіру. «Ө» дыбысы - қазақтың төл дыбысының бірі. Айтылғанда ерін алға созылып, ауыз домалақ болып жай ғана ашылады да, дыбыс ұзақ айтылады. Ұзақ, созылып айтылатын дыбыстарды қандай дыбыс дейміз?
«Ө»дыбысының таңбасы қандай пішінге, қандай әріпке ұқсайды?
Бір оқушы тақтаға шығып талдау жасайды, басқалары орындарында отырып жасайды. Тақтадағы суреттерді ата. Өрік, өзен, өрмекші, көл, көмір, көпір. Осы сөздерге назар аударайық. «Ө» дыбысы сөздің қай жерлерінде орналасқан? Топқа бөлінеді (өзеннің, өрмекшінің және көбелектің сурет қиындыларын құрастыру арқылы) 1-топ: «Мозайка» /шығармашылық жұмыс/ Тапсырма: Жұлдызшалардан Ө әрпін құрастыру.
2 Тапсырма: Ө әрпін лентадан жасау және Ө дыбысы бар сөз ойлап, суретін салу.
3 Тапсырма: Мына суреттердің ішінен Ө әрпі бар суреттерді таңдап алып, жіпке тізіп ілу. Көбелек, құс, көйлек, алма, көз, гүл, өшіргіш, көгершін 1-жұп: «Мәнін тауып, сөйлем құра» Тапсырма: Берілген мысалдың мәнін тауып, шыққан мәніндегі сөзге сөйлем құрау.
4 2 + 2 = сөзіне сөйлем құрау.
ріс ... нер мір гіз 2-жұп: «Кім жылдам?»
Тапсырма. Көп нүктенің орнына О - Ө әріптерін
қойып оқу. Ш ... л – ш ... л т ... л – т ... л 3-жұп «Өркеш» рөлдік ойын Сөздікпен жұмыс Саусақ жаттығуы Өрмелеген өрмекші, Өнеріңді көрсетші. Қалай,қайтіп тоқыдың? Мынау ғажап өрмекті. Екі қолдарының саусақтарын партада жорғалатып, өрмекшіні келтіреді. Дескриптор:1.Буындып оқиды, тұтастай оқиды 2. Сөздердің мағынасын ажыратады 3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды. Тыңдалым. Оқулықпен жұмыс.
Қысқы табиғат сурет бойынша әңгіме құрау.
Оқылым Оқулықпен жұмыс.
Шөл көл төл сөл өрнек өрмек көрік көлік көрме көрші өмір төрт көкөніс өрмекші ЖазылымДәптерде берілген ө дыбысының кіші және үлкен әріптерін ауада және дәптерде жазу. Дәптермен жұмыс: Өө әрпінің баспа түрін және жазба түрін көрсетемін, оқушылар дәптерге жазады. |
Өрмекші және өрмекші торының суреті
Айна Әріптер Текшелер Суреттерді атайды, ө» дыбысының орналасуын анықтайды. суреттер Жұлдызшалар
Лента Маркер Суреттер, Ілгіш Кір қыстырғыш Мысал Сөздер жазылған қағаз Сөздер жазылған қағаз Слайд диск |
|||||
|
Сабақтың соңы *Бағалау |
Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі:
...зен ...рік к...л ...лең
Орындаған
тапсырмаларын жинап аламын. Ойын«Мен-фотоаппаратпын» есте қалған заттардың атын айтқызу. Дескриптор:1. Суреттегі заттарды топтарға бөледі, атын атайды. 2. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді табады. 3. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді буынға бөледі. 4.Ө дыбысының орналасу ретін біледі 5. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табады. Еркін микрофон: Не үйрендің? Нені білдің? Дәлелде, анықта, мысал келтір |
Суреттер, Ілгіш Кір қыстырғыш
|
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Оқушылар Ө дыбысын үйренді. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп айта аламын.Жоспарланған саралау іске асты, берілген тапсырмалар тақырыпқа сай болды. Жас ерекшеліктері ескеріліп, тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Белгіленген уақытқа жеттім. |
Кері байланыс: Смайликтермен бүгінгі көңіл күйлерімізді бейнелейік.
Оқушылар парақшаларды бояп береді |
||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Ребус құрап келу |
Бағалау Ынталандыру мақсатындағы мадақтама сөздермен бағалау (жарайсың, тамаша, керемет, күшті, өте жақсы т.б.) |
Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ. Құндылықтармен байланыс (тәрбие) Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуге,сыйласуға тәрбиелеу. Алған білімін өмірде пайдалану. |
|||||
|
Қорытынды бағамдау Ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты) 1.Білу кезеңінің өткен сабақтағы сұрақ-жауаптары 2.Қолдану кезеңіндегі тапсырмаларды орындаудағы оқушылардың белсенділігі Қандай нәрсе,тапсырма сабақтың одан әрі жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты) 1.Талдау кезеңіндегі шығармашылық жұмыстар 2.Бағалау кезеңіндегі бағалау критерилерінің нақтылығы, шынайылығы Сабақ барысындағы келесі сабаққа қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? Саралаудағы А оқушыға шығармашылық жұмыс ұсыну, қосымша ақпарат,тың деректер дайындау
|
|||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген