400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Табиғатты таза ұстайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға қоршаған ортамен таныстыру арқылы қоқыс және қалдықтар туралы білім беру. Олардың пайдасы немесе зияны туралы түсіндіру. Табиғатты қорғап, қоқыспен ластамауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Табиғатты таза ұстайық»

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология

Тақырыбы:

Мақсаты: Балаларға қоршаған ортамен таныстыру арқылы қоқыс және қалдықтар туралы білім беру.

Олардың пайдасы немесе зияны туралы түсіндіру. Табиғатты қорғап, қоқыспен ластамауға үйрету.

Көрнектіліктер: Әртүрлі заттардың суреті, қоқыс қалдықтарының суреті, қоқыс жәшігінің суреті, бейнежазба.

Жеке жұмыс: Арнұр, Томирис, Айару қоқысты сұрыптауға үйрету.

Бингвальды компанент: Қоқыс –мусор, Тамақ қалдықтары- пишщевых отходы.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші балаша.

Сәлем, Сәлем Нұрлы күн

Сәлем саған Жер ана

Сәлеметсіздерме қонақтар!


-Балалар шаттық шеңберіне жиналып, қайталайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Жыл мезгілдері бойынша сұрақ-жауап.

-Балалар, жер-біздің ортақ үйіміз. Бізді қоршаған заттардың бәрі не адамның қолымен жасалған ,не табиғаттан жаратылған.

-Табиғат дегеніміз не? Табиғат-адам қолымен жасамаған, бізді қоршаған орта. Табиғат-бұл біздің тұратын үйіміз. Орман, ағып жатқан өзендер, көлдер. Ашық аспан астында, жарқыраған күннің астында өмір сүреміз.

-Жарайсыңдар балалар!

Слайд көрсету.

- Балалар табиғатты ластауға бола ма?

-Түрлі қоқыстарды төгуге бола ма?

Неге?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Қоқыс деген не? Ол қайдан пайда болады?

-Оған не жатады?

-Көрнекілік суреттер бойынша жұмыс.

Тамақ қалдықтары, қағаз, жейтін шоколадтың қабығы, сок яғни шырынның бөтелкесі бұның барлығы балалар- қоқыс.

Пайданылып болған бос ресурстар, яғни заттар! Қораптар,салафан пакеттері т.б

Күн сайын әр қалада, мысалы Жаңаөзенде көптеген тонна қоқыстар шығарылады.

-Балалар айтыңдаршы қоқысты қайда тастау қажет?

-Жарайсыңдар балалар!

Біз өзіміз тұрып жатқан үйдің ауласын, көшемізді, қаламызды және де балабақшамызды таза ұстауымыз қажет!

Арнайы қоқыс жәшіктеріне лақтырып, өзгелерге де үлгі бола білуіміз қажет!

-Егер қоқыс тастасақ не болады балалар?

- Дұрыс, үйіміздің алды бүлініп, жаман иістер шығады, балалақшамыздың ойын алаңдары бүлінеді, сосын біз далада ойнай алмай қаламыз! Сондықтан балалар өз қоршаған ортамызды таза және ұқыпты ұстайық!

Бейнежазба «Қоршаған ортаны таза ұстайық»

- Ендеше бірге бейнежазба көрейікші!

Бейнежазба бойынша сұрақ-жауап!



Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай балалар.

Таудай болып өседі.


-Балалар сендермен қоқыстардың қандай зияны бар екендігі туралы сөйлестік! Енді оларды қалай сұрыптауға болатынын көрейікші! Көптеген қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуден өткізіп, пайдаға жаратуға болады екен! Мысалы: негізгі қайта өңделетін бағытта- бөтелкелер, пластик өнімдері, ағаш немесе темір, және қағаз өнімдері кездеседі! Қайта өңдеу үшін арнайы қойма, қайта өңдеу цехтары, пештер, қоқыс сұрыптаушы машина, жүк көлігі, темір арқан аспалы магниті керек! Осы құралдармен қоқыстарды қайта өңдеп қолданысқа жарамды газет-қағаздар, алюминий-әйнек өнімдерін жасайды!

Дидактикалық ойын: «Қоқыстарды дұрыс сұрыптау, топтастыру»

Шарты: Арнайы қоқыс жәшіктеріне қоқысты сұрыптап салу.

Біз қоқыстарды сұрыптап тастауымыз қажет!

Яғни бөтелке, қағаздарды, салафан пакеттері мен пластиктерді өздерінің арнайы қоқыс жәшігіне салуымыз қажет!

Мысалы, міне тұрған бөтелкелер жәшігіне – бөтелкелерді, ал пластик жәшігіне –пластиктерді сұрыптап тастаймыз!

-Тағы кім қоқысты сұрыптай алады екен?

-Жарайсыңдар, балалар!

Әрдайым осылай қоқыстарды бөлек жинап, қоқыс жәшігіне тастауды ұмытпаңдар! Табиғатты таза ұстап, қорғауымыз қажет балалар!

-жауап береді


-тыңдайды









-жоқ

-жоқ



-білгенін айтады










-қоқыс жәшігіне








-барлық жер ластанады!







-көреді

-жауап береді




-бірге жасайды








-ойынға келіседі, қызыға ойнайды!








-бірге анықтайды, тексереді







-түсінеді



-қарайды





-бірнеше бала шығып байқап көреді!

Рефлекциялық-

түзетушілік

-Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Қоқысқа не жатады?

-Қоқысты қайда тастаймыз?


-Жарайсыңдар, осы қоршаған ортаны таза ұстап, қоқыстарды жинап жүрейік!

-Сау болыңдар, балалар!

-Сұрақтарға жауап береді



-Сау болыңыз!









ТОО «Детский сад «Лада» ЖШС «Лада» балабақшасы»















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Табиғатты таза ұстайық»









Тәрбиеші: Ж.С. Енсебаева






Өскемен қаласы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27.01.2022
1418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі