Материалдар / Ашық сабақ, Тақырыбы Тазалық -денсаулық кепілі. 1 сынып ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, Тақырыбы Тазалық -денсаулық кепілі. 1 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
2725
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні Дүниетану

Ортақ тақырып: Дені саудың жаны сау

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: №1 Марқакөл орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Закариянова Зайнигуль Кизатовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тазалық – денсаулық кепілі


Оқу мақсаты

1.1.4.1 Жеке бас гигиенасы ережелерін үйрену және оның денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіну.

1.1.4.2 Үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйрену.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жеке бас гигиенасы ережелерін үйренеді және оның денсаулықты нығайтудағы маңызын түсінеді.

Үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренеді.

Көптеген оқушылар:

Жеке бас гигиенасы ережелерін құрастырады, түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

Түрлі дереккөздерге сүйеніп гигиена сақтаудың маңызын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Жеке бас гигиенасының ережелерін үйренеді және оның денсаулықты нығайтудағы маңызын түсінеді.

  • Үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренеді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар жеке бас тазалығын сақтау тәсілдерін айтады,түрлі аурулардың тазалық сақтамаудан болатынын дәлелдейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жеке бас гигиенасы-бұл денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған талаптар мен нормалар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Адамның дені сау болуы үшін не істеу керек?

-Денсаулығымыз мықты болуы үшін не үшін тазалықты сақтаймыз?

-Денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айту.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және руханият» құндылығы негізінде оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу


Пән аралық байланыс

Сауат ашу, жаратылыстану, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстар, Балапан телеарнасының

Ол кім? Бұл не? Бағдарламасы. Жеке бас гигиенасы туралы. www/ kaztrk.kz.


Бастапқы білім

- Денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану керектігін біледі.

-Аурудың тазалық сақтамаудан болатынын түсінеді.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин














2 мин





2 мин

Ұйымдастыру : Құрметті оқушылар “Дені саудың жаны сау» дейміз. Ендеше:

Балалар, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да

Денің сау, күштісің сен бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай бақыттарға- деп бүгінгі сабағымызды бастайық.

Психологиялық ахуал. «Микрофон» тәсілі арқылы бір-біріне денсаулық,тазалық жайлы жылы сөздер айтады.

Топқа бөлу : «Мақал-мәтелдердің жалғасын тап»

Мақал-мәтелдер бөліктерге бөлініп таратылады және оларды құрастыру арқылы топтарға топтасады. Мақалдың дайын үлгісі топ үстелінде жазылып тұрады.

1. Дені1 саудың2 жаны3 сау4.

2. Ішің1 ауырса2 аузыңды3тый4.

3. Көзің1 ауырса2 қолыңды3 тый4

Топқа бөлініп отырған соң мақал-мәтелдің мағынасын сұрап пікірталас тудыру.










Рисунок 5


Рисунок 3

Сабақтың ортасы




5 минут



























10 минут




























2 минут




7 минут

































8 минут







Тапсырма №1 (Ұ) «Кірқоймастың достары» әдісі

Гигиеналық заттарды кірқоймасқа жинап беру .

Әр түрлі заттардың (доп, тарақ, сабын, сусабын, щетка, қасық, қалам т.с.с) ішінен гигиеналық заттарға жататын заттарды теріп кірқоймасқа салады.

Рисунок 2 Рисунок 11


preview-image 1 Рисунок 10

Рисунок 8


Рисунок 9





Рисунок 12 Рисунок 21


Дескриптор:

  • Гигиеналық заттарға не жататынын ажыратады.

ҚБ: Кірқоймастың көңіл күйімен бағалау

Тапсырма №2. (Т) «Пікірталас» әдісі

Оқушыларға тақырып көлемінде

3 көзқарасты талқылау ұсынылады.

Топтың әрбір мүшесі плакатқа жазылған тұжырыммен танысады да,

соңына өз пікірін білдіреді.

1 топ.

Арман күнде таңертең таңғы жаттығу жасап,салқын сумен жуынады. Мен Арманмен келісемін, өйткені......

2 топ.

Нұржан сабаққа шаршап келді. Беті жуылмаған, шашы өскен, тырнағы кір. Мұғалім оған қарап қатты ренжіп, ескерту жасады. Мен мұғаліммен келісемін, өйткені.........

3 топ.

Әрбір үйде ортақ тарақ,ортақ тіс щеткасы,ортақ сүлгі болу керек. Себебі үйдегі заттың бәрі ортақ болу керек.Мен бұл қағидамен келіспеймін, өйткені......

Дескриптор:

  • Спортпен шұғылдану мен жеке бас гигиенасын сақтау денсаулық сақтаудың жолы екенін дәлелдейді.

ҚБ: «Тазалықтың достары» әдісі


Сергіту сәті: Музыка ойнатып спорт жаттығуларын жасату.

Тапсырма №3. (Ж)

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

Сурет бойынша гигиена ережелерін құрастыр,достарыңа түсіндір,дәлелде.

Тазалық сақтау бойынша суреттер беріледі,оқушылар сурет бойынша ойланып,жеке бас гигиенасы туралы ереже құрастырып, достарымен бөліседі.

Дескриптор:

  • Гигиена ережелерін құрастырады.

  • Рисунок 24 Достарына түсіндіреді,дәлелдейді.

Қ Б:«Ұқыпты балақай» әдісі

«Өте жақсы»- ұқыпты,таза баланың суреті.

«Жақсы» – (ереже құрайды,бірақ дәлеледеме ұсынбады) - көңілсіз баланың суреті.

«Көңілім толмады» - (сурет бойынша түйінді ой айта алмады) – салақ баланың суреті.


Тапсырма №4 (Ж) (МК) Зерттеу жұмысы.

Оқушыларға А4 қағазы, пипетка, кішкене сұйық май құйылған ыдыс,салфетка беріледі.Ақ қағазға пипеткамен май тамызады. Салфеткамен дақты кетіру ұсынылады. Не байқағандары сұралады. Түскен дақтың оңай кетпейтінін дәлелдейді.

Дескриптор:

  • Қағазға май тамызады.

  • Дақты салфеткамен сүртеді

  • Түскен дақтың кетпейтінін дәлелдейді

ҚБ: Ауызша мадақтау.

Мен өте ризамын! Жарайсың! Мен сенен көп үміт күтемін! Тамаша ой айттың!.


Рисунок 14








Рисунок 26


Жарайсың!


Рисунок 27


Жақсы!




Талпындың!








Рисунок 23





Рисунок 25












Өте жақсы!



Жарайсың!



Жақсы!















Рисунок 28







Өте жақсы!



Жақсы!



КРисунок 16 өңілім толмады!

Рисунок 15 Рисунок 17 Рисунок 18 Рисунок 20



















Сабақтың соңы

3 минут










1 минут

Кері байланыс.

«3 минуттық үзіліс»

Тақырыпты ой елегінен өткізіп,

3 минуттық үзіліс беріліп, төмендегідей фразалар ұсынылады:

Мен бүгін ________ туралы хабардар болдым.

Мен енді __________ ережелерін сақтайтын боламын, өйткені_________ .


Тапсырмалар бойынша алған қалыптастырушы бағаларды кірқоймасқа тапсыру.


Рисунок 1












Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Оқушыларды жіктеу тәсілі арқылы талаптары әртүрлі оқушылармен топқа бөлу.

Барлығы Т 1.

Тапсырма тәсілі.

«Кірқоймастың достары» әдісі

Гигиеналық заттарды кірқоймасқа жинап беру . (Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырма арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында қолдану. Саралаудың қорытынды тәсілін қолдану.

Көптеген оқушылар. Т 2.

«Пікірталас» әдісі

Дереккөз тәсілі арқылы берілген мәтінге өз көзқарастарын жеткізу деңгейін білу мақсатында және оқушылардан бірнеше жауап алу мақсатында диалог пен қолдау тәсілін қолдану.

Т 3. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушыларды ойланту және бірқатар жауаптар алу мақсатында алдын ала дайындалған мәтінмен жұмыс істеу. Қарқын тәсілін қолдану.

Т 4. Қорытынды тәсілі арқылы оқу мақсатына сәйкес өздерінен не күтетіндіктерін түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында зерттеу жұмысы ұсынылады.

Әр тапсырмадан кейін бағалау тәсілін қолдану.



Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


1 тапсырма.

ҚБ: «Кірқоймастың көңіл күйімен» бағалау әдісі

2 тапсырма

ҚБ: «Тазалықтың достары»

3 тапсырма

ҚБ: «Ұқыпты балақай»

«Өте жақсы»- ұқыпты,таза баланың суреті.

«Жақсы» – (ереже құрайды,бірақ дәлеледеме ұсынбады) –көңілсіз баланың суреті.

«Көңілім толмады» - (сурет бойынша түйінді ой айта алмады.) – салақ баланың суреті.

4 тапсырма

ҚБ: ауызша мадақтау.

Мен өте ризамын! Жарайсың! Мен сенен көп үміт күтемін! Тамаша ой айттың!.





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Сұйық маймен жұмыс істеген кезде тазалық ережесімен таныстыру




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!