Ашық сабақ .Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеті мен белгісі. 7класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ .Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеті мен белгісі. 7класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеті мен белгісімен таныстырып практикада қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

7.2В бөлім: Үшбұрыштар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері мен белгілері

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;

Сабақ мақсаттары

Теңбүйірлі үшбұрыш анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін білуге, есептершығарудасолқасиеттердіпайдалануғаүйрету Есептер шығаруда жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту;

Эстетикалық бағытта, яғни үшбұрыш сызбаларын дұрыс орындауда есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Мұғалімнің кәсіби дамуы

Оқушылардың үй жұмысы мен өзіндік жұмыстарды орындау дағдылары бойынша қадамдық әдістемелік ұсыныстар (математика пәнінен). Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылардың тапсырмаларды қадам бойынша орындалуын қадағалау.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Теңбүйірлі үшбұрыш анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін білу, теоремаларды дәлелдей алу

Қолдану

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда пайдалана алу


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

- үшбұрыштардың теңдік белгілерін тұжырымдайды;

- есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салу жолын сипаттай алады;

- сызбада берілгендерді сипаттай алады;

- теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдайды.

Пәнге қатысты лексикамен терминология:

- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;

- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалы әр түрлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;

- катет, гипотенуза;

- табаны, бүйір қабырғасы;

- қабырғалар арасындағы бұрыш;

- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;

- қарсы жатқан бұрыш;

- бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет;

- үшбұрыштың медианасы;

- үшбұрыштың биссектрисасы;

- үшбұрыштың биіктігі;

- үшбұрыш қабырғасына орта перпендикуляры;

- үшбұрыштың орта сызығы;

- қасиет, белгі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

-үшбұрыштар қабаттастыру кезінде беттессе, онда...;

- үшбұрыш қабырғасына іргелес бұрыштарды анықтаңыздар;

- табанындағы бұрыштар;

- катеттер арасындағы бұрыш...

- Бір түзуде жатпайтын үш нүктеден, осы нүктелерді ..... қосатын кесінділермен .........

- үшбұрыштың төбесін қарама қарсы қабырғаның ортасымен қосатын кесінді........

- барлық қабырғалары тең үшбұрыш ........

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.

Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Талап қоя білуі, қолдау көрсетіп отыру.

Идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысу.

-Ашықтық

- Құрмет

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс орнатамын.

Физика мен информатика пәндерінде пайдаланылатын тұстарын атап өтемін.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ресурстарын қолдану дағдысы

http://www.mathsisfun.com/triangle.html

http://bilimland.kz/ru/

Бастапқы білім


Үшбұрыш және оның элементтері

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезең

дері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурс

тар

Баста

луы


І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. (2 мин)

Қызығушылықты ояту. Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», - деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда». Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештеңе істегің келмейді. Онда данышпанның сөзін еске алыңыз "Барлығы сенің қолыңда". Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.

Слайд №1-3


Психологиялық ахуал:

I.Үй тапсырмасын тексеру

1. Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі 32,4 дм. Үшбұрыштың қабырғасын табыңдар. 2.Ушбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 4 см,5 см,6 см.Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

3. Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғалары 2 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

4. Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі 45 см. Үшбұрыштың қабырғасын табыңдар

. ІІ. Өткенді қайталау.

1.Үшбұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?

2.Үшбұрыштың элементтерін атаңыз

3.Өмірмен байланыстыра үшбұрышқа мысалдар келтіріңіз

4.Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісі қалай айтылады?

5.Үшбұрыштың периметрін қалай табатын едік?


1Равнобедренный треугольник 2 -

2Прямоугольник 1 -

3Овал 1 -




Үшбұрыштардың қабырғаларын өлшеу арқылы үшбұрыш түрлерін ажыратып, топтарға бөлінеді



Равнобедренный треугольник 1


Сабақтың ортасы


1-үшбұрыш, 2- төртбұрыш, 3- дөңгелек арқылы оқушыларды топқа бөлу:

1- топ: үшбұрыш,

2-топ: төртбұрыш,

3-топ: дөңгелек

III. . Жаңа сабақты меңгерту

  1. Практикалық жұмыс: (Сто әдісі)

Топтарға бірнеше үшбұрыштар беріледі, ішінен қабырғаларын,бұрыштарын өлшеу арқылы теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерін табады.

  1. Топ постер арқылы теңбүйірлі үшбұрыштың теоремасын айтады, дәлелдейді.

I топ: Теорема: Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштар тең екенін дәлелдейді.

II топ: Теорема(кері ): Үшбұрыштың табанындағы бұрыштар тең болса, онда теңбүйірлі үшбұрыш боладындығын дәлелдейді.

III топ: Теорема: Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медиана осы үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болатындығын дәлелдейді.

Сергіту (Математикалық функция)

Есептеңдер. Дәптермен жұмыс.

1.Бүйір қабырғасы 5см, табаны 2 см болатын теңбүйірлі үшбұрыштың периметрін табады.

2. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 12 см. Үшбұрыштың табанын анықтандар.

3. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 20,6 дм табаны 6 дм бүйір қабырғаларын табындар

Бекіту.

«5 СҰРАҚ» (ақиқат немесе жалған жауап беру.)

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

  2. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең емес

  3. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасына жүргізілген биіктігі оның әрі биссектрисасы, әрі медианасы болады.

  4. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 300 тең болса, онда бүйір қабырғалары арасындағы бұрышы табандағы бұрышынан 4 есе үлкен болады.

  5. Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см. Табаны бүйір қабырғасынан екі см қысқа болса, онда табан қабырғасының ұзындығы 6см тең.

Үйге тапсырма:

41 Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін пайдаланып есептер құрастырып келу.

Бағалау.


















Теоремалар мен есептерді дәптерге жазады





Ақиқат немесе жалған екенін тексереді

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Оқушылар «Бағдаршам» әдісін қолданып, рефлексия жасайды.





Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі