Халқымызға ғасырлар бойы арман болған
тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн –
біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке
күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі»
туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына
байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың
мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең
басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін
жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің
Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған
ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық
мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің
ұлттық валютасын шығарды.
Әрбір елдің
тарихында үлкен шежіре,тарих жатыр.Ал біздің
еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі,
еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің
белгілеріне ие болды. Біздің ұлттық
бейнемізді,болмысымызды,тарихымызды көрсететін
рәміздеріміз бар.Елтаңба,Әнұран мен Туымызбен бірге
тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар. Теңге
1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді. Ұлттық валютаны
«теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі
ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған
еді. Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық
теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын
шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы
жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған
Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла
Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи
даму аспектілерін зерттеуден
бастаған.
"Әр елде өз
валютасы"
Қырғызстанда-/сом/
Ресейде
-/рубль/
Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/
Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/
Қытайда — /
юань/
Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда —
/сум/
Түркияда -/ лира
/
Латвияда - / лат /
Кореяда — /
йена /
Жағдаяттар
шешу.
1-жағдай:
Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы
жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан
оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі,жыртық.Сен оқулықты
ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің
…?
2-жағдай: Сен
екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің
қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге
бар.
Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге,
1 қорап сағыз 60 теңге
Қай затты алар едің? Неге?
3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны
кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып
едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің
әрекетің…?
"Менің
теңгем"
Бұл бөлімде оқушылар теңге тақырыбына өлең
шығарады.
|