Материалдар / Ашық сабақ "Теріс сандарды қосуға есептер шығару" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Теріс сандарды қосуға есептер шығару" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосуға есептер шығару

Мақсаты:

  1. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, математикаға қызығушылығын арттыру..

Сабақтың түрі: дидактикалық ойын,топтық сайыс

Сабақтың типі: Ойын түрінде (Математикалық кафе)

Көрнекілік: кафе үлгісіндегі кабинет, түрлі-түсті қағаздар,стикер, үлестірмелі қағаздар, сілтемелер,слайд.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Оқушыларды топқа болу

1-топ. Натурал сандар 2-топ. Бүтін сандар 3-топ. Рационал сандар

2.Үй тапсырмасы тексеру:

451.

1)(-15)+(-8)=-23; 3)(-8,4)+(-1,6)=-10; 5) ;

2)(-3,25)+(-0,75)=-4; 4)(-0,9)+(-99,9)=-100; 6) ;

3.Сабаққа кірісу кезеңі:

Математикалық кафенің қонақтары бүгін кафеміздің үш столының тапсырыс берген қонақтары бар. Олар : «Натурал сандар», «Бүтін сандар», «Рационал сандар» командаларына «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз! Біздің тағамдарымыздан дәм татып, уақыттарыңызды көңілді өткізулеріңізге тілек білдіреміз!

Ас- мәзірі:

  • Қуырдақ- «Кім үлгерді, сол жеді»

  • «Үш бұрыш » қосылған сорпа

  • «Біздің дастарханнан- сіздің дастарханға...»

  • «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.

  • Мезим « логика қосылған балмұздақ»


Шарты: кафе үлгісіндегі кабинетте математика сабағына қатысушылар

үшін үстел әзірленіп, «Натурал сандар», «Бүтін сандар», Рационал сандар»сілтемелері қойылады.Ойынға 3 команда 7 оқушылрадан

қатыстырылады және жүргізуші «бас аспаз».

«ас мәзірінде» ерекше тағамдарға байланысты тапсырмалар бар. Тапсырманы жақсы орындаған командаға Сыйлықтар беріледі.

Қуырдақ- «Кім үлгерді,сол жеді» берілген сұрақтарға бірінші жауап берген топқа бір ұпай қосылады. Әр сұрақ бір ұпай.

  1. «Бір жылы сөз бір күнге азық»

  2. «Екі жақсы қас болмас; екі жаман дос болмас»

  3. «Бес саусақ бірдей емес»

  4. «Бес бармақ жиналса, жұдырық болады»

  5. «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»

  6. «Алты аға бірігіп әке болмас»

  7. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

  8. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі»

  9. «Дос егіз болса, дұшпан сегіз болады»

  10. «Он саусақтың саны бірдей болғанымен, тұрқы бірдей емес»

  11. «Он рет айтқанынан бір рет көрсеткен артық»

  12. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды»

  13. «Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
    Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар»

  14. «Бір тал кессең он тал ек»

  15. «Бір күн тұзың татқанға қырық күн сәлем»

  16. «Бір жақсы дос, жүз туыстан артық»

Келесі тағамымыз «Үш бұрыш » қосылған сорпа. Мұнда үш топқа тапсырма беріледі. Арифметикалық төрт амалды пайдалана отырып белгісіз санды табу керек:



Shape3 Shape2 Shape1

?(34)



40



23

12 8 6









5 7 6 8 10 4


Shape6 Shape5 Shape4

?(40)

54

90




14 5 12 3 17 9







10 6 5



8 6 5

Shape9 Shape8 Shape7

?(25)

10

3













  1. 6 5 12 15 9



Shape12 Shape11 Shape10

?(59)

22

53

12 3 6







Shape15 Shape14 Shape13

?(8)

12

15

5 7 10 8 11 7



4 5 2 3 9 18



12 8 4

Shape17 Shape16

21

48

Shape18

?(84)

12 7 7







5 9 9 12 6 18



«Біздің дастарханнан- сіздің дастарханға...». Әр топ келесі топқа дайындап келген сұрақтарын қояды қояды.

Натурал сандар:

  • Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп айтылады?

  • Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды?

  • Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?

  • Нөл саныны қарама-қарсы сан?

Бүтін сандар:

  • Санның модулі қалай жазылады?

  • Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

  • Қандай санның модулі нөлге тең?

  • Қандай сандар нөлден кіші?

Рационал сандар:

  • Натурал сан дегеніміз не?Қандай сандар нөлден үлкен?

  • а санына b санын қосу – а санын b бірлікке өзгерту болып табылады.

  • Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  • Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?

  • Келесі тағам: «Ебін тапқан екі асар» қаймағы қосылған «Тезпісер» тағамы.(оқулықпен жұмыс)

  • Есеп №456:

  1. ; 3) ; 5) ;



  1. 4) ; 6)



Жауабы:



Shape19

Есеп №458:

Түсте ауаның температурасы -2С болды. Кешке ауаның температурасы -3С-қа, ал түн ортасында -5С-қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?

Shape20

Есеп №460:

Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп жүрді де, жүзу деңгейін -42 метрге өзгертті, сонан соң тағы да -27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?

Shape21

  • Келесі кезекте : Мезим « логика қосылған балмұздақ»


  • Математиктердің ойынша бір поездың екінші поездан айырмашылығы неде?

Жауабы: жылдамдық

  • Балаларды жазалауда қолданылатын геометриялық фигура?

Жауабы: Бұрыш

  • Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет

  • Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

  • Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық

  • Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

  • Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 

Жауабы: екі сағат

  • Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

  • Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы

  • Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? 

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

  • Бір оқушы «қой бағатын кезегім» деп сабақтан қалып қойғанда мұғалімі «қанша қойың бар?» деп сұрапты. Сонда оқушы: «Біреуі екеуінің алдында жүреді, екеуі біреуін айдап жүреді, ал біреуі екеуінің ортасында жүреді депті. Қанша қой бар? 

Жауабы: 3 қой



4.Қорытынды.


  • Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?

  • Екі теріс санның қосындысы теріс санба,әлде оң санба?



5.Үйге тапсырма:№457,462.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!