Материалдар / Ашық сабақ Тіл білгірі 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тіл білгірі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Тіл білгірі бастауыш сынып мұғаліміне пайдалы.Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
703
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл білгірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. «Өлең - сөздің патшасы»
3. Әріптер сайысы
4. Ойлан тап
Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа екі топ қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

I - кезең. Таныстыру.
1 - топ:"Жас қыран".
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тіліміз топты жаратын,
Тобымыз біздің - " Жас қыран".
2 - топ: '' Топжарған''.
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік арман,
Тобымыз біздің -" Топжарған".

II - кезең." Өлең - сөздің патшасы".
Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қазақ тілі
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен

Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.(С. Торайғыров)


IV - кезең. Әріптер сайысы. (А, Е, Т, О, С ).
Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек.
1 - топ.
1. Қандай елде тұрасың?
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
3. Досың кім?
4. Қазір жылдың қай мезгілі?
5. Қайдан келдің?
6. Бүгін қандай күн?
7. Сенің көзің қандай?
8. Жасың нешеде?
9. Қандай тағамды ұнатасың?
10. Бала оқытатын адам?
2 - топ (Ә, Б, М, Н, Д ).
1. Қандай елде тұрасың?
2. Атың кім?
3. Қандай қаланы білесің?
4. Сен тұратын қаланы ата.
5. Жасың нешеде?
6. Бүгін қандай күн?
7. Алма тәтті ме?
8. Кім болғың келеді?
9. Сенің анаң қандай адам?
10. Сыныпта неше оқушы бар?

V кезең. " Ойлан тап".
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!