Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ашық сабақ "Тістердің дамуы" 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тістердің дамуы[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адамның тістері
Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүиегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды. Көп ұзамай бұл эпителий табақшасы тереңге бойлай өсуін жалғастыра, ұзына бойына бір-бірімен тік бұрыш жасай орналасқан екі табақшаға бөлінеді.
-
Алдынғы, немесе жақ – ерін, табақшасы одан әрі ажырап, ерін мен жақтардың қызыл иектерін бөлетін және сөйтіп, ауыз қуысының түзеуге әкелетін ашық эпителий қатпарына айналады. Артқы тіс табақшасы тіркеу орналасқан. Осы табақшанын жиегінде тостаған тәрізді томпайған эпителий өсіп, ұлғайып, болашақ сүттістердің бастамасын қалайды. Бұл томпақтар тіс тостағандары, немесе кіреукелі мүшелер түзілгеннен кейін тіс табақшасына тереңдей өсіп, кіреукелі мүшелер оның алдыңғы (яғни ерін немесе жақ сүйектеріне қарай) жағында орналасқан. Дамып келе жатқан кіреукелі мүше пайда болғаннан кейін көп ұзамай тостаған немесе қоңырау пішінге келеді, соның өзінде сәйкесті шұқыр - ойыс тіс бастамасын түзетін мезенхимамен толады. Кіреукелі мүшелер біртіндеп тіс табақшамен байланысын жоғалтып, тіс бұдыр бастамалары мүлде оқшауланады. Оқшауланған тіс бастамаларында тістің құрам бөліктері пайда болады, бұл кезде эпителий жасаушалары кіреукеге бастама береді, сүйірлі бұдырдың мезенхима тінінен дентин мен ұлпа түзеліп, ал алғашқы кезде кіреукелі мүшені тіс қапшығы түрінде қоршап тұрған мезенхимадан цемент пен түбір қабықшасы пайда болады. Тіс бастамасы өскен сайын тіс ұяшықтарының сүйекті қабырғалары да биіктей береді. Альвеолярлы өсінділерді жабатын тін қызыл иек деп аталады. Бұл жерде шырышты қабықша фиброзды тін арқылы сүйек қабығымен тығыз тұтасып - өседі; қызыл иек тіні қантамырларға бай да, ал нервтерге жарлы болады. Тіс пен қызыл иектің бос жиегі арасындағы науа тәрізді батыңқы ойыс орналасып қызыл иек қалтасы деп аталады.
Мазмұны
[жасыру]
Тіс біліктері[өңдеу]
1)тіс сауытынан 2)тіс мойнынан 3)тіс түбірінен Тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойыны қызыл иекпен қауысырылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тіс ұшымен аяқталады, онда жай көзбен – түбір ұшында кішкене тесігі көрініп тұрады. Осы тесік арқылы тіске қантамырлар мен нервтер келеді. Тіс сауытының ішінде қуыс болады, ол қуыстың ең көлемді бөлігі - сауыт бөлігі мен қуыстан тарылатын бөлігі – түбір өзегі деп аталатын түбір бөлімнен тұрады. Өзек тіс төбесінде жоғарыда аталған төбе тесігімен ашылады. Тіс қуысын қантамырлар мен нервтерге бай тіс ұлпасы толтырып тұрады. Тіс түбірлері қантамырларына бай альвеолярлы сүйек қабығы, тіс ұяшықтары бетімен тығыз тұтасып өседі. Тіс, периодонт, альвеола қабырғасы мен қызыл иек тіс мүшесін құрайды. Тістің қатты заты мыналардан тұрады: 1) дентин, 2) кіреуке, 3) цемент. Тіс қуысын құрайтын заттың көбісі – дентин. Кіреуке сыртынан тіс сауытын жауып, ал цемент тіс түбірін қаптайды.
Сүттістердің бірқатар ерекшелігі:[өңдеу]
олардың көлемі кішілеу, төмпешіктері мен ажырасатын түбірлері аздау. Сүттістер мен тұрақты тістердің түбірлері саны бірдей. Сүттістердің шығуы яғни қызыл иектің жұқарып, ауыз қуысында тіс сауытының пайда болуы туғаннан кейін 7 айда басталып, 3 жасқа қарай аяқталады. Барлығы 20 сүттіс шығады. Олардың тіс формуласы былай болады: 2•1•2.Цифрлар әрбір жақ сүйегінің жартысындағы тіс санын көрсетеді: екі күрек тіс, бір иттіс, екі үлкен азу тіс. Алты жыл өткеннен кейін сүттістер тұрақты тістермен ауыса бастайды: жиырма сүттіске қосымша жаңа тістер шығып, әрбір сүттіс тұрақты тіспен ауысады. Тұрақты тістердің шығуы бірінші үл-кен азу тістен басталып, үшінші азу тістен басқа тістер 12-13 жаста шығып болады. Үшінші үлкен азу тіс 18 бен 30 жас арасында шығады. Адам жақсүйегінің тұрақты тістер формуласы былай болады: 2•1•2•3, барлығы 32. Стоматологиялық тәжірибеде бірінші күрек тістен бастап соңғы үлкен азу тіспен аяқтап реттік саны ыңғайлы формуланы пайдаланады: 1,2 (күректістер), 3 (иттіс), 4,5 (кіші азу тістер), 6,7,8 (үлкен азу тістер).
Сүттістер мен тұрақты тістердің шығу реті мен уақыты[өңдеу]
Сүттістер.
-
Медиальды күрек тістер: 6-8 айда
-
Бүйір күрек тістер: 7–9 айда
-
Бірінші азу тістер 12-15 айда
-
Иттістер:16-20 айда
-
Екінші азу тістер: 20 – 24 айда
Тұрақты тістер.
-
Бірінші үлкен азу тіс: 6-7 жас
-
Медиальды күрек тістер:8 жас
-
Бүйір күрек тістер: 9 жас
-
Бірінші кіші азу тістер:10 жас
-
Иттістер:11-13 жас
-
Екінші үлкен азу тістер:13-16 жас
-
Үшінші үлкен азу тістер:18-30 жас
Тістер қабысқанда жоғарғы күрек тістер төменгі жақтағы сәйкес тіс-тердің үстінен келіп, ішінара оларды жауып тұрады. Бұлай болу себебі мы-надан: жоғарғы тіс доғасы төменгі тіс доғасынан біршама үлкендеу де жә-не оның үстіне жоғарғы тістер еріндер жағына қарай, ал төменгі тіл жағы-на қарай бағытталған. Осының себебінен жоғарғы азу тістердің тілдік төм-пешіктері төменгі азу тістердің тілдік және жақ төмпешіктері арасында жүлгеде жатады; жоғарғы және төменгі тістердің арасында сәйкестік бол-майды: әрбір тіс басқа қатардың бір емес, екі тісімен жанасады.Жанасат-ын тістер антоганистер деп аталады, соның өзінде медиальды төменгі күр-ек тіспен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің тек біреуден ғана антоганисі болады. Физиологиялық тістесудің вариантары мыналар болып табылады: прогнатия (жоғарыда сипатталады), прогения – бұл жағдайда төменгі күрек тістер жоғарғылардың алдында орналасады және ортогнатия – жоғарғы және төменгі күрек тістер ұштары мен қабысады.
Тістер орналасуының ауытқулары.[өңдеу]
Көрші тістер орындарын ауыстыру мүмкін; тіс жақ доғасы шегінен тысқары қатты тандайға немесе ауыз алдында жақындау орналасуы мүмкін. Кейде тістер мұрын қуысынан, қатты таңдайдан жарып шығады. Тіс санының ауытқулары: жоғарғы латериалды күректістер, екінші кіші азу тістер болмауы мүмкін. Тіс сауыты мен түбірі пішінінің ауытқулары: ұзарған түбірлер және түрлі бұрыш жасай майысқан түбірлер кездеседі. Азу тістерде әдеттегіден көбірек түрлері кездеседі. Тіс сауытында қабысу бетіндегі төмпешіктер саны өзгеріп отыруы мүмкін. Тістердің ренгендік зерттеу негізінен интраоральдық жолмен жүргізіледі, яғни таспа ауыз қуысында енгізіліп, саусақпен тіске қараған бетіне жапсырылады немесе тістетіледі. Суретте тістердің барлық анатомиялық бөлшектері айқын көрінеді, тіс қуысы бар жер ақшыл болып түседі. Тістің альвеолярға батып тұрған бөлігінің шетінде периодонтқа сәйкес келетін жіңішке ақшыл құрсау байқалады. Жаңа туған нәрестенің бет пішінінде жақ ішінде орналасқан сүттістердің бастамалары көрінеді. Одан кейінгі жастағыларда сүттістердің дамуы, жарып шығуы және түсуінің, тұрақты тістердің бастамаларының пайда болып, дамуының және қартаюға байланысты өзгеруінің рентгендік суретін бақылауға болады.
Тістердің дамуы[өңдеу]
Оқи отырыңыз
Головкиннің келесі қарсыласы ресейлік боксшы болуы мүмкін
Lee Hong Ki - I'm Saying [kaz_sub]
Шөп жинауға таптырмас техника (видео)
Жұмыртқаны ерекше пісіру әдісі (видео)
WSB:«Astana Arlans» vs «Baku Fires»
"SAUMED" сауда белгісі экспорттық тауарға айналуы мүмкін
Өткен жылдың ең табысты әншілері
Жалғыз саяхаттауға жайлы елдер
Қыздарына "арақ" ішкізу туралы атышулы роликтің кейіпкері оқиғаның мән-жайын айтып берді
«Астана» «Галатасарайдың» орнына Еуропа лигасында ойнауы мүмкін
Қазақстан спорты дамыған алпауыт елдер рейтингінде 30-орында
Юлия Путинцева «Australian Open» жарысын аяқтады
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Адамның миына Интернет түгелдей сыйып кетеді - ғалымдар
Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы
«Whatsapp» мессенджері мүлдем ақысыз болады
Ең көп табыс табатын футбол клубтары
Арнольд Шварценеггер обыр дертіне шалдыққан азаматтың тілегін орындады
«Барыс» «Авангардтан» ойсырай ұтылды (видео)
Телефон нөмірін есте сақтаудың 5 жолы
Қазақстан жастары Қырғызстанды ұта алмады (видео)
Көз көруін жақсартатын жаттығулар
Спорттық жейдесі ең көп сатылатын футболшылар
Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызмет жолы
Күнделікті тұрмыста қажет болатын кеңестер (видео)
Жануарлар қалай түшкіреді? (Видео)
«Aрландардың» бірінші кездесуге шығатын құрамы анықталды
Көлікті артымен жүргізіп қойған ғалымдар
Қазақстан әлемдегі үздік 55 елдің қатарына кірді
Дәретханадағы сәбиді шығарып алу сәті түсірілген эксклюзив кадрлар
Ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады
Месси: Неймар «Алтын допты» алады
Аяқ киімді күтуге арналған кеңестер
Синтетикалық ет қалай жасалады?
Чех теннисшісі бір ойындағы эйстер саны бойынша рекорд орнатты
АҚШ президенті Барак Обама туралы пікірлер
Отан – оттан да ыстық
— Редактор бағаны —
Автор: Әсел Асанова
Статус: Редактор
— Жұлдызды блогтар —
Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы
Автор: Нұржамал Үсенова
"Біргеміз" әнінің бейнебаяны қалай түсірілді?
Автор: Yernar Almabek
Соңғы пікірлер
WSB:«Astana Arlans» vs «Baku Fires»
Недавно подарила мужу капли которые посоветовала...
"SAUMED" сауда белгісі экспорттық тауарға айналуы мүмкін
Недавно подарила мужу капли которые посоветовала...
Шөп жинауға таптырмас техника (видео)
Недавно подарила мужу капли которые посоветовала...
Жұмыртқаны ерекше пісіру әдісі (видео)
Недавно подарила мужу капли которые посоветовала...
Өткен жылдың ең табысты әншілері
Недавно подарила мужу капли которые посоветовала...
Қыздарына "арақ" ішкізу туралы атышулы роликтің кейіпкері оқиғаның мән-жайын айтып берді
Ал мен расымен, арақ деп ойладым.) Су болғанына шүкір.
Форумда талқылануда
Өнім сапасының статистикалық әдісі
Квалиметрияның негізгі шарттары
Квалиметрияныңнегізгі бағыттары,шарттары
Өнімнің функционалды көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік...
Сапа басқарудың шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері.
— Үздік әуендер —
Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Денсаулық... Тіс күтімі
Денсаулық... Тіс күтімі
9 ақпан – Халықаралық тіс дәрігері күні. Бұл мереке жылдан жылға кеңінен танылып келеді. Бұл дәстүр 249 жылы дәл 9 ақпан күні қайтыс болған Аполлония есімді қыздың құрметіне тойлана бастапты. Аполлония – александриялық шенеуніктің қызы, сол кездегі көпқұдайлылықтан бас тартып, христиандыққа бет бұрған. Сол үшін билік оны ауыр азапқа салып, өлтірмек болады. Ал ол кісендерін шешкізудің айласын тауып, өзі отқа секіріп өледі. Кейінгі ұрпақ Аполлонияның бұл қадамын христиандық ерлік деп бағалап, оны қасиетті адам деп таныды. Және оның есімін атаса, тіс ауруы басылатына сенген.
Бұл күн тарихының біздің елге маңыздылығы шамалы болғанымен, тіс күтімі әрқашан өзекті болмақ. Сондықтан назарларыңызға ақ маржан тісті сақтау құпияларын ұсынамыз.
Тіс иегінің саулығы үшін ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан келесі құралдардың көмегімен тазартып тұру қажет:
1. тіс щеткасы
2. тіс пастасы
3. тіс жібі (флосс)
4. ауызды шайқауға арналған сұйықтық
Тіс щеткасын қалай пайдалану керек?
Тісіңізді кем дегенде күніне екі рет тазалау қажет.
I. Таңғы астан кейін таңертең.
II. Түнде ұйықтар алдында, соңғы тамақты қабылдаған соң.
Тазалау барысы:
-
Тіс тазаларда міндетті түрде щетканы жуып алыңыз.
-
Щеткаға аздап тіс пастасын жағасыз.
-
Щетканың басын қызыл иек сызығына 45 градус бұрыш етіп ұстаңыз. Иектен тістің өткір жағына қарай кішкентай дөңгелек қозғалыстармен барлық тістеріңізді мұқият тазалаңыз.
-
Әр тістің іш жағын да дөңгелек қозғалыстармен тазалау керек. Щетка тістің өткір ұшына перпендикуляр етіп қойылады.
-
Тістің сыртқы жағын щетканы айналдыра отырып тазалаңыз.
-
Астыңғы және үстіңгі азу тістердің шайнайтын бетін ысқылаңыз.
-
Тазалауды қызыл иекті уқалаумен аяқтаңыз. Аузыңызды жауып тұрып щеткамен тісіңіз бен иегіңізді дөңгелек қозғалыстармен уқалаңыз.
-
Тілді де тазалау қажет. Ол үшін арнайы құрал қолданған дұрыс. Тілдің арт жағынан бастап, алдыңғы ұшына дейін абайлап «қырыңыз».
-
Щетканы жуып, бас жағын жоғары қаратып, стақанға қойыңыз.
Тіс щеткасын қаншалықты жиі ауыстырып тұру керек?
Қолдану барысында щетка ескіреді. Оның қызмет ету мерзімі адамның тіс тазалау жиілігіне, тазалау ұзақтығына, щеткамен уқалау күшіне және тіс пастасына да байланысты. Дұрысында тісті күніне екі рет, үш минуттан, 50-70 г күшпен уқалау қажет. Сонда щетканы шамамен үш айда бір рет ауыстырып тұрса жеткілікті.
Щетканы ауыстыру қажеттігін оның түрінің өзгеруінен де байқауға болады.
Грипп, ангина, тағы басқа жұқпалы аурулармен аурып, жазылғасын да щетканы ауыстырған жөн.
Тіс жібін қалай қолдану керек?
Тіс жібі тіс арасында тұрып қалған тамақ қалдықтары мен тіс дақтарын тазалауға арналған. Щетка оны толық тазалай алмағандықтан, тіс жібі міндетті қосымша құрал болып есептеледі. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін, тісті щеткамен уқалап, кейін тіс жібімен тазалау қажет.
Тазалау барысы:
1. Кассетадан 30-40 см жіп тартып шығарасыз.
2. Жіптің көп бөлігін сол қолыңыздың ортаңғы саусағына орайсыз.
3. Қалған бөлігін оң қолыңыздың ортаңғы саусағына ораңыз. Сонда саусақтар арасында 10 см жіп қалу керек.
4. Жіпті сұқ саусақ пен бас бармақтың көмегімен тартып, тіс арасына абайлап өткізіңіз.
5. Жіпті тістің өткір жағына қарай қозғалта отырып, тазалаңыз. Яғни, астыңғы жақ үшін төменнен жоғары қарай, үстіңгі жақ тістерін жоғарыдан төмен қарай тазалайсыз.
6. Одан кейін жіп қызыл иектен шығарылады, бірақ тіс арасынан алмаңыз.
7. Дәл осылай қасындағы келесі тіс тазаланады.
8. Енді барып, жіпті тіс арасынан шығаруға болады.
9. Жіптің қолданылған бөлігі оң қолдың ортаңғы саусағына оралады.
10. Ал сол қолдың ортаңғы саусағынан жіптің жаңа бөлігі тарқатылады.
11. Осындай тәртіппен барлық тіс тазаланады.
12. Есіңізде сақтаңыз: екі тістің бір аралығын тазалаған жіп бөлігін екінші рет қолданбаңыз. 40 см барлық тісіңізге жетеді.
Ауыз шайқауға арналған сұйықтықтар
Бұл сұйықтықтар тіс тазалығын арттырады, тіс дағының алдын алып, ауыз қуысын жағымсыз иістен қорғайды. Биологиялық белсенді компоненттері бар біртекті сұйықтықтың белгілі бір иісі мен түсі болуы мүмкін.
Дегенмен, сұйық тазалағыштың әсері болу үшін, міндетті түрде алдымен тісті щеткамен, жіппен, тілді арнайы қасықпен тазалап алу керек. Ал ауызды бұл сұйықтықпен шайқаған соң, оны бірден түкіріп тасатаңыз.
Тілді тазалау жолдары
Ауыз қуысының күтімінде тіс тазалығы өте маңызды. Көптеген микроағза тілдің түбіндегі қыртыстарында жиналып қалады. Сондықтан, тілдің арт жағын жақсылап тазалау қажет.
Тілді тазалаудың екі тәсілі бар:
- тіс щеткасымен және пастамен;
- арнайы қасықпен.
Тілді қасықпен тазалағаннан кейін ауызды арнайы сұйықтықпен шайған дұрыс. Ал арнайы қасықты сумен жуыңыз.
Тілді паста жағылған щеткамен тазалағанда да, тіл түбінен бастап, ұшына дейін жүргіземіз. Және щетканы тілге басыңқыраған дұрыс.
Тіс пастасы құрамындағы бактерияға қарсы және күкіртті қосындыларды жоятын заттар тілді өте жақсы тазартады. Күкіртті қосындылар жағымсыз иіс тудыратындықтан, тіс пастасы тынысыңызды кеңейтеді.
Форумда талқылайық. Асқорытудың
маңызы және Тістің құрылысы туралы қазақша ашық сабақ Сабақтың
тақырыбы: Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы. Сабақтың
презентациясын жүктеп алу: Асқорытудың маңызы. Презентация Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Оқушыларға асқорыту мүшелерінің, тістің
құрылысы, мүшелерде астың қорытылуы, ішек-қарын аурулары, олардан
сақтану, ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалы әсерін
оқытып-үйрету Оқушының жан дүниесі сиқырлы дүние, ал оның қабілетін
танып, талантының ашуына қамқорлық көрсету, ең алдымен ұстаз
парызы. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды, қойылған
талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әр алуан
түрлерін пайдаланады. Әрбір мұғалім өз сабақтарының қызықты,
тартымды, есте қаларлықтай болғанын қалайды. Сондықтан ең алдымен
оқушылардың ынталылығын, қызығуын арттыратын әдістерді сабақта
кеңірек қолдануға көңіл бөлінуі керек. Осы мақсатпен биология
сабақтарында топтық жұмыстарды, ойын элементтерін қолданып келемін.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша
материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тісті күту, тіс, ішек-қарын ауруларының алдын алу және
тамақтану шегі, реті туралы гигиеналық тәрбие беру. Сабақтың типі:
Аралас сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың әдісі:
Әңгімелесу, тест, тірек-сызба, практикалық тапсырма, т.б Сабақтың
көрнектілігі: Интерактивті тақта, тіс моделі, тіс пастасы, көрнекті
суреттер. Пән аралық байланыс: Медицина, валеология, химия,
өсімдіктану, әдеп, халық педагогикасы. Сабақтың формасы: Жеке,
топтық. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Үй тапсырмасын сұрау. 1.
«Тыныс алу жүйесі» тарауы бойынша тест. 1.Мұрын қуысы неше бөлікке
бөлінеді? а) екі бөлікке б) үш бөлікке с) төрт бөлікке
2.Кеңірдектің жалғасы: а) аңқа мен жұтқыншақ б) көмей с) бронхылар
3.Кеңірдек қалай бөлінеді? а) екі бронхыға б) үш бронхыға с)
бронхиолаға 4.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай? а) 500мл б)
1500мл с) 3500мл 5. Тыныс қозғалыстарына не қатысады? а) көкет б)
қарын бұлшық еттері с) қабырға аралық бұлшық еттер 6. Тыныштық
күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері: а) 10-12 б) 16-18 с)
20-22 Кілті: 1.а, 2.с, 3.а, 4.а, 5.с, 6,б. 2-тапсырма. Тыныс алу
жүйесі 2-тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Бөлімнің аты Құрылысы Қызметі кеңсірік жұтқыншақ-таңдай тесігі
көмекей кеңірдек ауа тамырлары өкпе 3. Жаңа сабақ §40. Ас қорытудың
маңызы. Тістің құрылысы 1.Азық-түлік пен тағамдық заттар. Қоректік
заттардың маңызы. Адам организміндегі клеткалар мен ұлпалар
қоректік заттардың үздіксіз келіп тұруын қажет етеді. Қоректік
заттар – клеткалардың өсіп өнуі, дамуы үшін және организмнің
тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі. Ағза – ұлпа – жасуша
Кенеулі заттар Ақуыз Көмірсу Май 100-120 гр 400гр крахмал 1-1,25 гр
Дәрумен 100гр қант Мин.заттар Су, NaCl . Тұз. 2-2,5л.10гр Тағам –
энергия, құрылыс материялы. Ас адамның арқауы 2. Ас қорытудың
маңызы. Ас – адам организмінің құрылыс материалы, энергия қоры.
Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа
іс-әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Асқорыту деп –
қоректік заттардың күрделі түріне жай, суда еритін қанның құрамына
жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады. 3. Асқорыту мүшелері.
Асқорыту жолы Ауыз қуысы : тіл, тіс. Жұтқыншақ ұзындығы 11-13см
Өңеш ұзындығы 25см, бұлшық ет Қарын алмұрт пішінді, сыйымд. 2-3л
Ұлтабар ұзындығы 25 см ұйқы безі, бауыр. ұлтабар Аш ішек 5-7м аш
ішек мықын ішек Соқыр ішек Тоқ ішек – ұзындығы 1,5-2 м жиек ішек
тік ішек Тік ішек 4. Тістің құрылысы. 6-9 ай Тістің эволюциясы 2
жаста- 20 сүт тіс 6-7 жаста тұрақты тіс 18-19 жаста ақыл тіс Тіс
сауыты Кіреуке Тіс мойыны Тіс Дентин Тіс түбірі Қуыс, борпылдақ
ұлпа Жүйке, қантамыр 32 Күрек Ит тіс Азу тіс Үлкен кіші 4 2 4 6 2
және 3 түбірлі Тіс формуласы 8765432112345678 8765432112345678
Шайнау –тағамдағы механикалық өңдеу. Ауыз қуысында ас механикалық
өңделіп қана қоймай сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен
химиялық ыдырауға ұшырайды. 1) Кіреуке – эмаль организмдегі ең
берік ұлпа. 98% бейорганикалық заттар. 2) Дентин – 70%
бейорганикалық, 30% органикалық зат 3) Пульпа – тіс ұлпасы 5.Тісті
күту Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру
тістер микробтардың жиналатын орны. Тіс аурулары: 1. Кариес – тіс
шірігі, тіс жегі. 2. Пародонтит – қанжел 3. Парадантоз – қанқұрт 4.
Гингивит 4. жаңа сабақты бекіту. 1. Кестемен жұмыс Р/с Кенеулі
заттар Адамға тәүліктік қажеттілігі 1 2 3 Ақуыз Көмірсу Май 100-120
гр 400гр крахмал 100 гр қант 1 – 1,25 гр 2. Суретпен жұмыс 1.
Оқушылардың ретсіз орналасқан асқорыту мүшелерін орнына қойып
шығады. 4 Практикалық тапсырма 1. 1,25,6,7 сандармен көрсетілген
мүше бөліктерін атаңыз. 2. Ұлтабар ұшы қай ішектің бөлімі? 3. Өт
жолы қайда ашылады? 4. Апендикс қайда орналасқан? 5. Тістің
құрылысын ата. Үйге тапсырма параграфф 40 Асқорытудың маңызы.
Тістің құрылысы. «Тісіңді күте біл» тақырыбына хабарлама
жазу.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/biologia/30-asorytudy-mayzy-tst-rylysy-ashy-saba.html
Сурет: parodontology.ru, umniki.3dn.ru
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/biologia/30-asorytudy-mayzy-tst-rylysy-ashy-saba.html