Ашық сабақ
тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттер
достастығы
Сабақтың
мақсаты: Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы (ТМД) –ның қалыптасу тарихы жайлы әңгімелеп, шолу
жасау.
Білімділік: Тәуелсіз мемлекеттер
достастығының ерекшеліктері, республикалық елдер тарихындағы
маңызды оқиғалар туралы білімдерін
кеңейту.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты әр түрлі
сұрақтар қоя отырып, студенттердің ойлау қабілетін арттыру,
білімдерін дамыту,өзіндік әрекетке, ізденіске бағыттай отырып,
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылыққа
тәрбиелеу,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Ашық
сабақ
Сабақтың
әдісі: Модульдік, түсіндіру, баяндау,
сұрақ-жауап
Пәнаралық
байланыс: Қазақстан
тарихы
Көрнекі
құралдар: карталар, интерактивті тақта,
презентация, дүние жүзінің физикалық картасы, сұрақ
–жауаптар.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру
кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Жаңа сабақты түсіндіру
IV.
Жаңа сабақты пысықтау
V.
Жаңа сабақты бекіту
VI.
Бағалау
VII. Қорытынды
VIII. Үйге тапсырма
Күтілетін
нәтижелер:
А)
Республикалар арасындағы
байланыстарды біледі
В)
ТМД – Еуразия кеңістігінде
өзара көмек және ынытымақтастық одағына маңызды талдау
жасайды
С)
Экономикалық байланыстар
төлқұжатын құрастырады
Сабақ
барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Кезекші жауабы
3. Сабаққа дайындықтарын
тексеру
II. Үй тапсырмасын
тексеру:
Үй
тапсырмасына «Антарктида» тақырыбында сұрақ-жауап арқылы жауап
беру
III. Жаңа
сабақты түсіндіру
-
Кіріспе
Ұйымдастыру бөлімі (жағымды
ахуал орнату және топқа бөлу)
Студенттер шеңбер болып
тұрады. Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?-деп сұраймын. Көңіл
күйлеріңізді білдіретін әрекеттер жасап көрсетіп, оны достарыңызға
жолдайсыз. Мысалы: менің көңіл күйім тамаша (ортаға шығып бас
бармағымды көтеремін ). Осы көңіл күйімді ..............
(студенттің аты) жолдаймын. Кімге жолдасам, сол ортаға шығып әрмен
қарай жалғастырады. Осылай топтың барлығы бір-біріне жақсы көңіл
күй сыйлайды. Сонан соң саналу арқылы топқа
бөлінеді.
Қызығушылықты
ояту. Төмендегідей сөздер
жазылған қағаздар қиындысын топқа беремін. Сұрақ: Бұл
республикалардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін? (Студенттер
өз болжамдарын айтады)
Қазақстан Республикасы,
Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы,
Түркіменстан Республикасы, Тәжікістан
Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина
Республикасы, Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы ,
Молдова Республикасы.
Мағынаны
тану.
-
1
-тапсырма. Төмендегі мәтінді ұсынамын.
Мәтінді «Түртіп алу»әдісімен түсініп оқиды. (Түртіп алып оқу: « »
білемін,«+» мен үшін жаңалық, «-»келіспеймін, «сұрағым бар»). Оқып
болған топта талқылаңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша әр топ 5
сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтарын келесі топқа ұсынады.
Топтар келген сұрақтарға жауап береді.
ТМД –Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек және
ынытмақтастық одағы. ХХ ғ. 90-жылдарындағы басты оқиғалардың бірі –
социялистік жүйенің және оның негізінде құрылған халықаралық
экономикалық қатынастардың ыдырауы. Социялистік жүйенің темірқазығы
болып саналатын Кеңестер
Одағының бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуі жаңа
мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына, өндірістің қысқаруына,
елдердің арасындағы шаруашылық – экономикалық және
әлеуметтік-мәдени байланыстардың әлсіреуіне, тіпті үзілуіне апарып
соқты.
Кезінде Кеңеңстер Одағы құрамында болған
тәуелсіз мемлекеттер өздерінің экономикалық мақсаттары мен басым
бағыттарын жүзеге асыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар
арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара
ынтымақатстықтың қажеттілігіне көз жеткізді. Сөйтіп,ынтымақтастықты
дамыту және одан әрі жетілдіру
мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы құрылды. Жаңа құрылған ТМД елдері
экономикалық-әлеуметтік жағдайды орнықтырумен қатар, шекаралық
мәселелерді де өз бетінше шешуге мәжбүр
болды.
Экономикалық
байланыстары. ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік
құрылымдардың қалыптасуымен, өндірі өнімдерінің кенет төмендеуімен,
елдер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік
байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. ТМД елдеріндегі өндіріс
өнімнің жалпы төмендеуін 100% деп есептесек, оның 60%-ы осы
шаруашылық байланыстардың үзілуінен
төмендеді.
Тәуелсіздік алып, қайта құрылған
мемлекеттердің үкіметтері өз мемлекеттерінің мүдделері мен
экономикалық басылымдықтарын қалыптастыра отырып, бұрынғы одақтас
республикалар арасындағы тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісін сақтау
қажеттігін түсінді. ТМД елдері арасындағы өзара экономикалық
ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталады. 1993 жылдың
қыркүегінде Мәскеуде мелекет пен үкімет басшыларының қол қоюымен
ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды.
Экономикалық одаққа алғашында 8 мемлекет, яғни Армения,
Беларусь,Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан, Қырғызтан,
Молдова кірді. Ал Украина мен Әзербайжан қауымдастықтың мүшелігіне
кейінен енді. 2009 жылы 18 тамызда Грузия мемлекеті өз өтініші
бойынша ТМД құрамынан ресми түрде
шығарылады.
Елдер арасындағы қарым-қатынастар барлық
еледр үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамассыз етуге
негізделіп, нарық экономикасы принциптеріне сәйкес құрылады. Бұл
ТМД аумағында өзара тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге
асыруға; экологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге; жұмыс
күшімен алмасуға; қаржы- несиелік,сыртқы сауда, кедендік және
валюталық саясатты келісуге және сол сияқты мәселелерді бірлесіп
шешуге мүмкіндік береді.
1994 ж. 15 сәуірінде қабылданған еркін сауда
аймағын (ЕСА) құру туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12
мемлекеттің басшылары қол қойды. Еркін сауда аймағы кедендік одақ
құрудың өтпелі кезеңі болып
табылады.
1995 ж.
Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан және Ресей кедендік одақ құрды, оған
1998 ж. Тәжікстан қабылданды. Соның нәтижесінде бұл елдер арасында
өзара қолайлы еркін сауда тәртібі қалыптасты. Мысалы 1995 ж.
Кедендік одақ елдерімен тауар айналамы Беларусьте - 68%,
Қазақстанда - 40%, Ресейде – 17% болып, ал ТМД елдеріндегі тауар
айналамының жалпы өсімі 7% –ға жетті.
2000 ж . 6 қазанда Астана қаласында өткен
кедендік одақ мүщелері - Қазақстан ,Беларусь,Ресей,Қырғыстан және
Тәжікстан үкіметі басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым
– Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады. Жаңа ұйым
2000 ж. 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің шешіміне
сәйкес құрылды. Бұл ұйымның басты мақсаты – осы қоғамдастыққа
енетін бестіктің шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік
қалыптастыру. Бұл ұйым дербес халыаралық құқығы бар ұйым болып
саналады. Қоғамдастықтың жоғарғы әкімшілік тұл ғасы 3 жылға
сайланатын бас хатшы болып табылады. Жаңа қауымдастықтың құрылуы –
ТМД-ның құрамындағы елдердің экономикалық саясатты, оның ішінде
микроэкономикалық, валюталық, қаржылық және әлеуметтік салаларды
үйлестіруді көздейтін ынтымақтастық аясын кеңейтеді. ТМД елдерінің
одағы құрылғалы бері ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы
тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге
бағытталған бұрынғыдай біртұтас бір мемлекетті қайта құру туралы да
шешімдер қабылданды.
ТМД елдері басшыларының 1995- 1997 жылдары
қабылданған шешімдері Ынтымақтасчтық еледрінің құқықтық
мүмкіндіктеріне көбірек сәйкес келді. ТМД елдері шеңберіндегі
халықаралық экономикалық өзара қатынастар тәжрибесі интеграцияның
жеке аймақтардан әртүрлі қарқынмен басталып, біртіндеп басқа
аймақтарға көшумен тиімді екендігін көрсетті. Мәселен, ең алдымен,
екілік (Ресей мен Беларусь), одан кейін үштік (Орталық Азия
мемлекеттер одағы), 1998 ж. Ол Тәжікстанның кіруіне байланысты
төрттік одақ болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде ТМД-ның барлық
елдері (Түркіменстанды қоспағанда) бірнеше аймақтық экономикалық
бірлестіктер тобына бөлінді. 2009 ж.27 қарашасында Минск қаласында
Ресей, Беларусь және Қазақстан өз аумақтарында біртұтас кедендік
кеңестік құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2010 жылдың 1
шілдесінен бастап күшіне енеді. Бірақ бұл
топтар анклав болып саналмайды. Орталық Азия одағына
кіретін елдер (Өзбекістаннан басқасы) кедендік одаққа мүше, сол
сияқты екілік одақ төрттік одақтың белсенді мүшелері болып
табылады. ТМД елдері шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы әлі
де бастапқы сатыда. Әлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен
аймақтың интеграциялық топтардың тәжрибесіне көз салсақ, ТМД еледрі
толыққанды экономикалық одақ құру үшін қандай қиындықтарға
ұшырасатындығын болжау қиын емес. Оған күнделікті өмір шындығында
көзіміз жетіп отыр. Бірақ қалай болғанда да біртұтас экономикалық
кеңестікті қалпына келетіру ТМД елдеріне әжептәуір экономикалық
нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Мәселен, қосымша ивестиция
салмай-ақ негізгі өнім өндіруді 1,5 есе арттыруға болады. Нақты
айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық шығынды 20% -ға,
металлургия өнеркәсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%- ға
төмендетуге мүмкіндік туады. ТМД елдерінің сыртқы экономикалық
қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда
баланысын 15-20 млрд Ақш долларына арттыруға
болады.
Ең бастысы, ТМД елдеріндегі нағыз
экономикалық интеграция олардың экономикалық жағдайының көтерілуіне
қажетті тұрақты жағдай
жасайды.
3-тапсырма. «КӘМҚ талдауы»
әдісі.
ТМД
ұйымының күшті жақтары
|
ТМД
ұйымының әлсіз жақтары
|
|
|
ТМД
ұйымының мүмкіндіктері
|
ТМД
ұйымының қауіптері
|
|
|
4-тапсырма. «Пікірлер сызығы» әдісі.
Топта студенттер Қазақстан Республикасының ТМД құрамында болуын
жалғастыра берген маңызды ма? Деген сұрақ бойынша пікірлер сызығына
орналасады.
(Сынып еденіне бір сызық
сызылады. Сызықтың алғашқы нүктесіне
100% , орта тұсына
50%, соңғы
нүктесіне 0%
жазылады). Иә- жалғастыра беру
керек, себебі.... дейтіндер 100%-ға, жоқ- жалғастырмай ол ұйымнан
шығу керек дегендер -0%, шыққан да дұрыс, шықпаған да дұрыс деп
ойлайтындар - 500%-ға барып тұрады. Әр студенттен өз пікірі
сұралады.)
Сабақты қорытындылау,
бағалау.
ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН
АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР.
Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар
бойынша өз оларыңызды айтасыздар.
Бас бармақ – мен үшін маңызды Сұқ саусақ – маған
қиын болды
Ортаншы саусақ – маған қызықты
болды
Төртінші саусақ – менің көңіл
күйім
Бесінші саусақ – менің ұсынысым
Үйге тапсырма:
Тәуелсіз мемлекеттер
достастығы жөнінде географиялық диктант, сөз
құрастыру.