Материалдар / Ашық сабақ "Төл сөз бен төлеу сөз жайлы түсінік" 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Төл сөз бен төлеу сөз жайлы түсінік" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына қажетті материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2345
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақтың жоспары №1


Сабақ:Қазақ тілі

Мектеп:№40

Күні: 21.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Тундебаева Н.К.

Сынып: 8 «Ә»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы:

Төл сөз бен төлеу сөз жайлы жалпы түсінік

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсініктерін қалыптастырып, ерекшеліктерін анықтау, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру, өз бетінше ереже шығара білу, сын тұрғысынан ойлана отырып, шығармашылық жұмыстарды орындай білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сурет бойынша жұмыс істей алады,тақырып бойынша өз ойларын жеткізе алады, тақырып бойынша сұрақтар қоя алады,барлығы бірге мақсатты талқылайды, бірлесе критерий құра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады, өз беттерінше ереже шығарып, дәлелдей алады,сабаққа байланыстаы өз ойларын жеткізе алады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша берілген шығармашылық жұмыстарды тез, сауатты орындай алады.

Тілдік мақсат




Оқушылар: тақырып бойынша мәтінді тыңдай біледі, оқи алады, сұхбаттаса алады, төл сөз бен төлеу сөз туралы бір-біріне сұрақ қойып, жауап ала біледі, грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтайды, жаттығу жұмыстарын өз беттерінше орындай алады.

Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: төл сөзді төлеу сөзге айналдыра білу.

Жазылым бойынша ұсыныстар: тыныс белгілеріне көңіл бөлу.

Алдыңғы оқу

Сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау

Жоспар

Сабақтағы іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы



1.Ұйымдастыру кезеңі:-сәлемдесу,-түгендеу, оқуға жағымды ахуал туғызу.

2.Оқушылар бір-біріне сәттілік тілеп, топқа бөлінеді.1-топ: «Жұлдыз», 2-топ: «Дарын», 3-топ: «Білгірлер»

Білу:

"Баскетбол" әдісі бойынша сұрақ-жауап алынады.

Үй тапсырмасын сұраймын.

топ аттары жазылған стикерлер, топтамалар

Ортасы


























Түсіну.

Біреудің сөзін ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізуін төл сөз дейміз.

Мысалы: Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,-

деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Мұнда Абайдың өлеңі еш өзгеріссіз беріліп тұр.

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуін төлеу сөз дейміз.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар кері байланыс беру арқылы кемшіліктерін түзетеді.

Мұғалім сабақты толықтырады.

Слайдпен жұмыс. «Топтастыру» стратегиясын пайдалану.

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруін төлеу сөз дейміз.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Оқулықпен жұмыс.Ережені түсініп оқу. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгергендерін тексеру.

1.Төл сөз деген не екен?

2.Төлеу сөз дегеніміз не?

3.Бірнеше мысал келтіріп көріңдерші.

Қолдану.

Оқушылардың сөздік қорларын молайту мақсатында тақырып бойынша диалог құрастыру, рөлдерге бөлу.

Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс.

161-жаттығу. Жазбаша.

Ауызша ой дамыту. Топпен жұмыс.

«Буриме» әдісі. «Көктем» тақырыбында өлең шығаруға беремін.

(Көктем болды)................. алақай,

(Қуанар барлық)............... балақай.

(Көктемде жаңбыр)........... болады,

(Бақшаға гүлдер)............... толады.

1-топ :Берілген сызба-кестелерге қарап, сөйлемдер құраңдар.

2-топ: Берілген сөйлемдердің сызбаларын жасаңдар.

3-топ:Суретпен жұмыс

Сурет бойынша төлеу сөздерге байланысты мәтін құрастыр.






Постер,маркер, стикер, топтамалар, дидактикалық материалдар,

суреттер


Слайд
















Топтамалар

Кесте


Сурет


Аяқталуы



Жинақтау. "Бес қалпақ" әдісі.

Үйге тапсырма беру

1.Ережені есте сақтау.

3.Көркем әдебиеттен төл сөзге байланысты 5 сөйлем жазып, сызбамен көрсету.

Кесте

Қосымша ақпарат

Әдебиетпен, өмірмен,өзін-өзі танумен байланыстыру үшін мысалдар келтіру, талдау.

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

әдебиетпен, өмірмен, өзін-өзі танумен байланыс


интербелсенді тақта, аудиотаспа


сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау

Әр тапсырмадан кейін формативті бағалап отырамын. Дескрипторлар арқылы бағалап отырамын.

Рефлексия

1.Мен бүгінгі сабақта не білдім?

2.Сабақ барысында маған не ұнады?

3.Тағы да осы тақырыпқа байланысты не білгім келеді?

4.Маған не түсініксіз болды?

5.Мен бүгін кімге риза болдым?

6.Мен бүгін кімге көмектестім?


Оқушыларға өз ойларын айтуға еркіндік бере отырып,қолдау көрсетемін. Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды жеңіл тапсырмалардан күрделі тапсырмаларға көшу арқылы түрлендіремін.

Рефлексия

Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма?

Оқу мақсаттары шынайы болды.

Бүгін оқушылар төл сөз бен төлеу сөзі туралы толық мәлімет алды. Мысал келтіре отырып, түрлерін бір-бірінен ажыратты. Төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін білді.Түрлі дидактикалық материалдармен жұмыс істеді.

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

жақсы


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Сабаққа байланысты даярлап, жоспарлап әкелген тапсырмаларым өте тиімді болды.

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Уақытты тиімді пайдаландым.

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Алдыңғы сабақтағы оқушылардың іс-әрекеттері мен сабаққа берген кері байланыстарын ескере отырып, аздаған өзгерту енгіздім.Сабақтың жинақтау кезеңіне «Бес бармақ» әдісін пайдаландым.Себебі, осы әдіс арқылы сабақты жинақтау тиімді болатынын түсіндім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.Топтық жұмыстар, суретпен жұмыс.

2.Мен жоспарлаған уақыт.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1.Оқушылардың мәтін бойынша жұмыс істеу кезіндегі өмірмен байланыс.

2.Жас ерекшеліктеріне сай берілген тапсырмалар.

Тексерілді __________________



















Қысқа мерзімді сабақтың жоспары №2

Сабақ:Қазақ тілі

Мектеп:№40

Күні: 24.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Тундебаева Н.К.

Сынып: 8 «Ә»

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:3

Сабақтың тақырыбы:

Төл сөз бен автор сөзі

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Төл сөз бен автор сөзі туралы түсініктерін қалыптастырып, ерекшеліктерін анықтау, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру, өз бетінше ереже шығара білу, сын тұрғысынан ойлана отырып, шығармашылық жұмыстарды орындай білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сурет бойынша жұмыс істей алады,тақырып бойынша өз ойларын жеткізе алады, тақырып бойынша сұрақтар қоя алады,барлығы бірге мақсатты талқылайды, бірлесе критерий құра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады, өз беттерінше ереже шығарып, дәлелдей алады,сабаққа байланыстаы өз ойларын жеткізе алады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша берілген шығармашылық жұмыстарды тез, сауатты орындай алады.

Тілдік мақсат




Оқушылар: тақырып бойынша мәтінді тыңдай біледі, оқи алады, сұхбаттаса алады, төл сөз бен автор сөзі туралы бір-біріне сұрақ қойып, жауап ала біледі, грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтайды, жаттығу жұмыстарын өз беттерінше орындай алады.

Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар: төл сөз бен автор сөзін ажырата білу.

Жазылым бойынша ұсыныстар: тыныс белгілеріне көңіл бөлу.

Алдыңғы оқу

Төл сөз бен төлеу сөз туралы жалпы түсінік

Жоспар

Сабақтағы іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы



1.Ұйымдастыру кезеңі:-сәлемдесу,-түгендеу, оқуға жағымды ахуал туғызу.

2.Шаттық шеңберін құрып, топқа бөлу.1-топ: «Жалын», 2-топ: «Барыс», 3-топ: «Қыран»

3.Психологиялық тренинг: Алақанмен айналаға,

Шуақ нұрын шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімдеп,

Біз сабақты бастайық.

Білу:

"Миға шабуыл" әдісі бойынша сұрақ-жауап алынады.

1.Төл сөз дегеніміз не?

2. Төлеу сөз дегеніміз не?

3. Төл сөзді төлеу сөзге қалай айналдырамыз?

топ аттары жазылған стикерлер, топтамалар

Ортасы


























Түсіну. Төл сөз бен автор сөзі  туралы мағлұмат.

Мысалдар

Сызба-кестелер


1. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», – дейді Ахмет Байтұрсынов.

«—————–», -……….. .


2.Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсынов шығармалары  туралы  былай деді:

«Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,

Сөзі – алтын, мағынасы –  меруерттей.»

……….. : «.————–».


3. «Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,

деп өз тіліне аяныш білдіре  отырып, Мағжан Жұмабаев сүйсіне  былай дейді:- Таза , терең, өткір, күшті, кең тілім!»

«———— , – ………. . ———–.»


Төл сөз

Сөйлеуші өз сөзінде  басқа адамның айтқан сөзін өзгертпей , сол айтылған күйде беруін төл сөз деп атаймыз

Автор сөзі

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі  автор сөзі деп аталады

Төлеу  сөз

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтуын төлеу сөз деп атайды

Ережені түсініп оқу. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгергендерін тексеру.

1.Төл сөз дегеніміз не екен?

2.Автор сөз дегеніміз не?

3.Бірнеше мысал келтіріп көріңдерші.

Қолдану.

Оқулықпен жұмыс: 163-жаттығу, тақырып бойынша диалогты рөлдерге бөліп оқу, төл сөз бен автор сөзін ажырату.

«Кім тез оқи алады?»Тақтада жазылған сөйлем  сөздері орындары ауысып келген, оларды тиісті тәртібіне келтіріп, сөйлемді кім тез тауып оқи алады? Дұрыс жауабын дәптерге жазып, сөйлемді төл сөзге айналдырып , орын тәртібін ауызша айту.

1.Айтыңдаршы қалдырған деуге өлмейтұғын бола  артына ма сөз өлді.                   

 (Жауабы: «Өлді деуге бола ма , айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»-дейді    Абай)

2.   Қазақ гауһары ішіндегі тілінің түрік тілі  (Жауабы: «Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі»,-деді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)

Топтық жұмыс.

1-топ: Сызба-кестелер бойынша сөйлемдер құрастыру.

1.«—————–», -……….. .

2.……….. : «.————–».

3.«———— , – ………. . ———–.»

4.…………. : « ————- ,» – …………. .

2-топ : Семантикалық карта

Сөйлемдер

Төл сөз

Төлеу сөз

Автор сөзі

«Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт»




деп Халел Досмұхамедұлы айтқан.




деп үміт артады  Ахмет Жұбанов




«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын»




Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл екендігін  Ахмет Йүгінеки бабамыз айтып өткен.




Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі болатындығын Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан.




3-топ: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.

1. «Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.»-дейді Жүсіп Баласағұн

2. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз”,- деді Елбасы.






Постер,маркер, стикер, топтамалар, дидактикалық материалдар,

суреттер


Слайд























Кесте



Топтамалар








Кесте





Семантикалық кесте

Сурет


Аяқталуы






Жинақтау. «1тезис, 3 дәлел» әдісі

1 тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел

Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіреді.

Ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған куйінде жеткізу төл сөз деп аталады.

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуді төлеу сөз дейміз.

Төл сөзді болсын, төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Үйге тапсырма беру

1.Ережені есте сақтау.

3.Көркем әдебиеттен төл сөз бен автор сөзіне байланысты 5 сөйлем жазу.

Кесте

Қосымша ақпарат

Әдебиетпен, өмірмен,өзін-өзі танумен байланыстыру үшін мысалдар келтіру, талдау.

Саралау

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Оқушыларға өз ойларын айтуға еркіндік бере отырып, қолдау көрсету.

Әр тапсырмадан кейін формативті бағалап отыру. Дескрипторлар арқылы бағалап отыру.

әдебиетпен, өмірмен, өзін-өзі танумен байланыс


1.Мен бүгінгі сабақта не білдім?

2.Сабақ барысында маған не ұнады?

3.Тағы да осы тақырыпқа байланысты не білгім келеді?

4.Маған не түсініксіз болды?

Рефлексия


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1. Топтық жұмыстар

2."1 тезис, 3 дәлел" әдісі.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1.

2.

Тексерілді ___________________

















Қысқа мерзімді сабақтың жоспары №3


Сабақ:Қазақ тілі

Мектеп:№40

Күні: 26.04.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Тундебаева Н.К.

Сынып: 8 «Ә»

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 1

Сабақтың тақырыбы:

Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері туралы түсініктерін қалыптастырып, ерекшеліктерін анықтау, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру, өз бетінше ереже шығара білу, сын тұрғысынан ойлана отырып, шығармашылық жұмыстарды орындай білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сурет бойынша жұмыс істей алады,тақырып бойынша өз ойларын жеткізе алады, тақырып бойынша сұрақтар қоя алады,барлығы бірге мақсатты талқылайды, бірлесе критерий құра алады.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша мәтіннің негізгі идеясын анықтай алады, өз беттерінше ереже шығарып, дәлелдей алады,сабаққа байланыстаы өз ойларын жеткізе алады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша берілген шығармашылық жұмыстарды тез, сауатты орындай алады.

Тілдік мақсат




Оқушылар: тақырып бойынша мәтінді тыңдай біледі, оқи алады, сұхбаттаса алады, төл сөз бен төлеу сөз туралы бір-біріне сұрақ қойып, жауап ала біледі, грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтайды, жаттығу жұмыстарын өз беттерінше орындай алады.

Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілерін қоя білу.

Жазылым бойынша ұсыныстар: тыныс белгілеріне көңіл бөлу.

Алдыңғы оқу

Төл сөзі мен автор сөзі

Жоспар

Сабақтағы іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы



1.Ұйымдастыру кезеңі:-сәлемдесу,-түгендеу, оқуға жағымды ахуал туғызу.

2.Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тілеп, топқа бөлінеді.

1-топ: «Тапқырлар», 2-топ: «Білімділер», 3-топ: «Білгірлер»

Білу:

"Миға шабуыл" әдісі бойынша сұрақ-жауап алынады.

  1. Төл сөз дегеніміз не?Автор сөзі дегеніміз не?

  2. Төл сөзді төлеу сөзге қалай айналдыруға болады?

  3. Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығы неде?

  4.  «Де» етістігі қалай түрленеді?

  5. Біреудің сөзі қалай беріледі?


топ аттары жазылған стикерлер, топтамалар

Ортасы














Түсіну.

Төл сөздің тыныс белгілерін слайд арқылы көрсету.

Слайдпен жұмыс. «Топтастыру» стратегиясын пайдалану.

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруін төлеу сөз дейміз.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Оқулықпен жұмыс.

164-жаттығу. Төл сөз бен автор сөзін ажыратып, төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып шығыңдар. (ауызша)

Қолдану.«Ізденіс тенденциясы» сәті

Әр топқа карточкалар таратылады, төл сөз бен автор сөзінің жасалу жолына мысалдар жазады.

«Төл сөз»,-авт сөзі.

Авт.сөзі: «Төл сөз»(?!)

Авт.сөз: «Төл сөз», - авт.сөзі.

«Төл сөз,- автор сөзі, - төл сөз».

Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс. 162-жаттығу. Жазбаша.

Сергіту сәті. "Қаражорға" биі.

Шығармашылық тапсырма «Зерттеушілік әңгіме» әдісі.

3 топқа да бірдей тапсырма беріледі.

«Күнделікті оқиғалар» тақырыбында төл сөз бен автор сөзіне мысал болатын шағын мәтін құрау.







Постер,маркер, стикер, топтамалар, дидактикалық материалдар,

суреттер


Слайд

Кесте



Топтамалар


Кесте

Семантикалық кесте

Сурет

Аяқталуы



Жинақтау. "Баскетбол" әдісі.

Үйге тапсырма беру

1.Ережені есте сақтау.

3.Көркем әдебиеттен төл сөзге байланысты 5 сөйлем жазып, сызбамен көрсету.

Кесте

Қосымша ақпарат

Әдебиетпен, өмірмен,өзін-өзі танумен байланыстыру үшін мысалдар келтіру, талдау.

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

әдебиетпен, өмірмен, өзін-өзі танумен байланыс


интербелсенді тақта, аудиотаспа


сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау

Әр тапсырмадан кейін формативті бағалап отырамын. Дескрипторлар арқылы бағалап отырамын.

Рефлексия

1.Мен бүгінгі сабақта не білдім?

2.Сабақ барысында маған не ұнады?

3.Тағы да осы тақырыпқа байланысты не білгім келеді?

4.Маған не түсініксіз болды?

5.Мен бүгін кімге риза болдым?

6.Мен бүгін кімге көмектестім?


Оқушыларға өз ойларын айтуға еркіндік бере отырып,қолдау көрсетемін. Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды жеңіл тапсырмалардан күрделі тапсырмаларға көшу арқылы түрлендіремін.

Рефлексия

Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма?

Оқу мақсаттары шынайы болды.

Бүгін оқушылар төл сөз бен төлеу сөзі туралы толық мәлімет алды. Мысал келтіре отырып, түрлерін бір-бірінен ажыратты. Төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін білді.Түрлі дидактикалық материалдармен жұмыс істеді.

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

жақсы


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Сабаққа байланысты даярлап, жоспарлап әкелген тапсырмаларым өте тиімді болды.

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Уақытты тиімді пайдаландым.

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Алдыңғы сабақтағы оқушылардың іс-әрекеттері мен сабаққа берген кері байланыстарын ескере отырып, аздаған өзгерту енгіздім.Сабақтың жинақтау кезеңіне «Бес бармақ» әдісін пайдаландым.Себебі, осы әдіс арқылы сабақты жинақтау тиімді болатынын түсіндім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.Шығармашылық ізденіс.

2.Мен жоспарлаған уақыт.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1.Оқушылардың белсенділіктері.

2.Жас ерекшеліктеріне сай берілген тапсырмалар.

Тексерілді __________________



















Қысқа мерзімді сабақ жоспарына рефлексиялық есеп

8-сыныпта қазақ тілінен «Төл сөз, төлеу сөз» тақырыбында тізбектелген сабақ жоспарын өткізуді жоспарладым. Осы тақырып бойынша оқушыларға сапалы білім беріп, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқуды жақсартуды көздеймін. Сабақтың мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижелерін құрастырамын. Мен нақты не істеуім керек? Оқытуды неден бастауым керек? Оқушыға қалай көмектесуім керек? Оқуды қалай жақсартамын? Оқушыларға қалай қолдау көрсетіп, жетістіктерін қалай бағалаймын? деген мәселелерді алдыма мақсат етіп қоямын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен «Қалай оқу керектігін үйрену» тәсіліне сүйендім. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлануға үйрету үшін мұғалімнің өзі сыни ойлауға үйренуі керек екендігін түсіндім.

Сабағымда әдіс-тәсілдердің тиімді, табысты кіріктірілуіне ерекше мән беріп, «Блум таксономиясы» негізінде жүйелеймін. Себебі, Блум таксономиясы бойынша жоспарланған сабақ жүйелі болады. Ең алдымен ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында оқушыларды шаттық шеңбері арқылы топқа бөлемін.

«Білу» бөлімінде оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беріп, «Баскетбол» әдісі арқылы сұрақ қойып, жауап аламын. оқыту мен оқуда АҚТ-ны пайдалану модулі бойынша бейнеролик көрсетіп, слайдтар даярлаймын. интербелсенді тақтадан шыққан сөздердің «Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?» дегендей миға шабуыл ретінде сұрақ қойып, тақырыпты ашамын.Тақырып негізінде сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін құрастырамыз. «Бағалау критерийі» бойынша өздерін-өздері бағалайтынын ескертемін. Сабақта ашық сұрақтарды дұрыс пайдалана отырып, диалогты өрбітемін.

«Түсіну» бөлімінде оқыту мен оқуда АҚТ-ны пайдалану модулі бойынша слайдтар арқылы түрлі тапсырмалар даярлаймын. Миға шабуыл ретінде сұрақ қойып, тақырыпты ашамын. Тақырып негізінде сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін құрастырамыз. «Бағалау критерийі» бойынша өздерін-өздері бағалайтынын ескертемін. Сабақта ашық сұрақтарды дұрыс пайдалана отырып, диалогты өрбітемін. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында топ бойынша оқулықта берілген ережені оқып, постер құрастыруға беремін. «Қолдану» бөлімінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, семантикалық кестені, суретпен жұмысты кіріктіремін. Берілген тапсырмаларды орындап, қорғау барысында, оқушылардың метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірбиесіне қадағалау жүргізу сияқты қабілеттері дамиды, сурет арқылы өз ойларын жеткізуде сын тұрғысынан ойланады. Талантты және дарынды балаларды оқыту үшін берілетін тапсырмалар бүкіл сабақ бойы көрініп, оқушы ойын топтастырғанда, шығармашылық жұмыспен айналысқанда, мәтінмен, суретпен жұмыс істегенде анық байқалады. Сыни тұрғыдан оқыту стратегияларын сабақта қолдану арқылы оқушының шығармашылық тапсырмалар арқылы ойларын жинақтап, өз ойын еркін, нақты жеткізе білулеріне мүмкіндік беремін. Ол үшін семантикалық кестені сабаққа кіріктірдім. Себебі, оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін дәлелді түрде көрсете алуы керек.

«Жинақтау» бөлімінде «Баскетбол»әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін жүйелеймін.

«Бағалау» бөлімінде оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша оқушыларды дискрипторлар арқылы формативті бағалаймын. Жиынтық бағаны смайликтерге «өте жақсы», «жақсы», «орташа», «нашар» деп, бағалаушылардың бағалау парақтарын жинап алып, жиынтық бағаны өзім шығарамын. Топ арасында топ басшыларының оқушыларды қалай бағалайтынын өзім бақылап жүремін. Сабақтың соңында оқушылармен нені біліп, нені білгісі келетінін анықтау үшін, сабақтан алған әсерін білу үшін кері байланыс жүргізуді жоспарлаймын. Жалпы кері байланысты оқушыларға сабақ бойы беріп отырамын. Себебі, кемшіліктерін уақытында түзетіп отыру керек. Өз беттерінше іздене білу дағдыларын қалыптастыра отырып, үйге тақырып бойынша көркем әдебиеттен ізденіп, төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып, жазып келулеріне беремін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!