Материалдар / Ашық сабақ Трапецияның ауданы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Трапецияның ауданы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
680
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Аудандар

Мектеп: Аль-Фараби атындағы орта мектебі

Күні: 07.02.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсынбек Ділбәр

Класс: 8

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы

Трапецияның ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақтың мақсаттары

  • Трапецияның ауданының формулаларын білу;

  • Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Трапецияның ауданының формулаларын біледі;

  • трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • трапеция ауданының формулаларын ауызша және жазбаша сипаттайды;

трапеция ауданының формулаларын есеп шығару барысында қолдануды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексикажәне терминология:

Трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табуүшін...

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табуүшін...

Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін...

Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табуүшін...

Құндылықтарды дарыту


Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Трапецияның түрлері.

Сабақбарысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушыларды тақтаға шығарып шаттық шеңберін құрғызып, бір-біріне сәттілік тілеп, бүгінгі сабақты бірлесе отырып мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірулеріне ықпал етіп берілген геометриялық фигураларды таңдап топ құрғызу.

(параллелограмм, трапеция).

Shape2 Shape1




Параллелограмм таңдағандар – лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін,басқарушылық қабілеті басым.

Трапеция таңдағандар – білуге құмар, ізденгіш.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді.

Параллелограм

Қарама-қарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,деп аталам!

Трапеция

Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді.Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді.

«Көршіңді тексер» тәсілі арқылы үй тапсырмасын   оқушылар бірін-бірінің дәптерлерін алмастырып тексеріп, бас бармақпен бағалайды.

Презентация

Слайд 1-5


5-8 мин


II. Өткен материалды қайталау.

Мұғалім оқушыларменжаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті ұғымдарды қайталайды. Мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынады:

Миға шабуыл “сұрақ-жауап” әдісі

  1. Геометрияда жаңалық ашқан зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)

  2. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы.

  3. 121 саны нешенің квадраты

  4. Үш кесіндіден құралған фигура

  5. 2-нің жетінші дәрежесі неге тең?

  6. Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдік

  7. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

8. Ең алғашқы әйел математик Софья Васильевна Ковалевская

  1. Диаметрге тірелетін іштей сызылған бұрыш шамасы неге тең?

  2. Синустың косинусқа қатынасы?

  3. Косинустың синусқа қатынасы?

Презентация

Слайд 6





III. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.






Сабақтың ортасы

8-18 мин



















































18-32 мин











32-38 мин


IV.Трапецияның ауданы туралы түсінік .

Мұғалім оқушыларға келесі формулаларды көрсетеді:

Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу;

Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу;


V. Кітаппен жұмыс (джиксо әдісі). Жеке жұмыс.

Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлер бойынша бағалайды.

Есеп 1. Егер трапецияның табаны 6 см және 8 см, ал биіктігі 5 см болса, трапецияның ауданын тап.

Есеп 2. Егер трапецияның орта сызығы 10 см, ал биіктігі 6 см болса, трапецияның ауданын тап.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табады;

  • трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табады;

Фигуралардың аудандарын тең өрнетермен сәйкестендіру:

Shape3

Shape4

Shape5

Shape6

Shape7

Shape8

Shape10 Shape9 Shape11

«Бой сергіту»

(партаның жанына шығып, мұғалімнің айтқан фигурасын дене мүшелері арқылы көрсете білу, мысалы тік бұрыш, вертикаль бұрыш, …)

Топтық жұмыс (BilimLand тапсырмалары)
(екі топқа берілетін тапсырма, әр топ оқушылары бірлесіп өздері орындайды).

І-топ II-топ

Дискриптары:

  1. Трапецияның берілген элементтерін жазады;

  2. Трапецияның белгісіз элементін көрсетеді;

  3. Трапецияның аудан формуласын қолданып белгісіз элементті табады.


Бағалау критерийі:

Барлық дискриптор орындалсаөте жақсы

Жартылай орындалсажақсы

Мүлдем орындалмасанашар



Презентация

Слайд 7













Презентация

Слайд 8-10













Қосымша 1






















Презентация

Слайд 11




Қосымша 2





Сабақтың соңы

38-40мин

VI.Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:

Математикалық диктант.

1. Трапецияның бүйір қабырғаларын орталарын қосатын кесіндіні трапецияның ....... деп аталады.

2. Бүйір қабырғалары тең трапеция............. деп аталады.
3. Бір бұрышы тік трапеция ………………… деп аталады.
4. Трапецияның орта сызығы табандарына ………….........................................................

5. Трапецияның орта сызығы табандарының …………. тең

6. Трапецияның ауданы ……………………….

………………………………………………………………………………………………………






Үй тапсырмасы:

Бізді қоршаған әлемдегі трапециялар туралы жазу”; №14; №15.

Презентация

Слайд 12-14

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.


Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрысқ ойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


-Сабақтың және оқудың мақсаттары дұрыс қойылды;

- Білу мен түсіну деңгейіне қол жетті, тек есептеуде әлі жұмыстар жасалыну қажет;

- Кейбір оқушылардың кеңістікті елестетуі мен ойлауы, суретті 3Д форматта көре алу дағдылары қалыптаспаған;

- Уақыт кезеңдерінде сәл ауытқулар болды, себебі, ізделінді бұрышты қай жерден қалай белгілеу қажеттігін алғашында түсінбеу болды.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткене екі аспектісі (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ жүйелі өтті және мақсаттар дағдылар бойынша жақсы жіктелді;

2: Әр қадам алдын-ала ойластырылғандықтан, уақыт өте тиімді қолданылды.

Сабақты жақсартуға не ықпал етеалады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!