Материалдар / Ашық сабақ Ұдайы өсудің түрлері 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ұдайы өсудің түрлері 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маман ұстаздарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
1173
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

«Тексерілді»: ...........................

ӘБ жетекшісі: ............................

Бөлім 4 Әлеуметтік география


Бөлімше: 4.1 -бөлім: Геодемография

Мектеп: Казнаковка орта мектеб3.

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұдайы өсудің түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2 дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді;

Сабақ мақсаты

Дж халқының сандық көрсеткіштерін талдау


Оқу дағдысы

Талдау

жинақтау

Бағалау критерийлері

«Жетті» деп есептеледі, егер:,

Дүниежүзі халықтарының өсу типтерін анықтау;

дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктеу;

халықтың өсу динамикасының формуласын түсіндіреді;

халықтың өсуі анықталған мемлекеттерді картадан табу.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

халық санын анықтау әдістері;

туу;

өлім-жітім коэффиценттері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Халық санын анықтаудың қазіргі тип ,дәстүрлі тип өтпелі тип әдістері бар;

Туу дегеніміз ... ;

Өлім-жітім коэффиценттерін ... арқылы анықтайды;

Табиғи өсімнің механикалық өсімнен айырмашылығы ... ;

Екінші салдары... болуы мүмкінТағы бір себебі, .... болып табылады.

Солтүстік/оңтүстік/батыс/шығыс жартышарларында ...байқалады


Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Экономика және математика, тарих пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


7 сыныптан Әлем халқы тақырыбы

Сабақ барысы

кезеңдер


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


6-10 минут

Сәлемдесу, түгелдеу, қолайлы орта қалыптастыру,

Топқа бөлу санау арқылы.

Үй тапсырмасынсұрау: Оқушылардан мектебіміздегі адамдардың ерекшелігі туралы сұрау, қандай қиыншылққа кездескені туралы сұрау.

«Ой шақыру» үшін сұрақтар қоямыз:

Адамдар қалай көбейеді? Көшіп қону адамдардың көбеюіне әсер ете ма? Тақырыппен таныстырамыз.

Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Ұдайы өсудің бірінші типі — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде.

Ұдайы өсудің екінші типі -дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды.

Үшінші тип- Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр.

Бірінші тип- демографиялық дағдарыс (кризис) деп аталады.

Екінші тип – демографиялық жарылыс деп аталады.


Халықтың ұдайы өсуінің типтері 


Көрсеткіштер 


Аймақтар 


Туу 


Өлу 


Табиғи өсу 



Дәстүрлі 


Өте жоғары 


Жоғары


Өте жоғары


Африка мен Азияның мешеу елдері
 


Өтпелі 


Жоғары


Төмен 


Өте жоғары


Латын Америкасы, Азия,
 Мұхит аралдары 

 Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады.


http://countrymeters.info/ru/World


10-15 дайындалуға




16-22 минут

Бағалауға




23-30 минут дайындалуға

30-35

Қорғауға және

Бағалауға









Тапсырма 1

Жұптық жұмыс.

картаны пайдаланып, аймақтарды және елдерді ұдайы өсу типтеріне қарай жікте.


Бағалау : жұптар жұмыстарымен алмасады. Сөйтіп өзара бағалайды.

«Семантикалық карта»


типтері/критерий

























































дескрипторы:

1-типтің анықтамасын біледі, таба алады

2- типтің .....


Бағалау: «»


Дескриптор

2- формуланың концепциясын жасай алады;

1-халықтың өсі динамикасының формуласын түсініре алады;

3- халықтың өсімін анықтайтын формуласын пайдаланып, есеп шығара алады.


Топтық жұмыс

Тапсырма 2

1 топ

Жапония елінің демографиялық өсу типін анықтап, өз жауаптарыңызды негіздеңіздер.

2 топ

Қазақстан елінің демографиялық өсу типін анықтап, өз жауаптарыңызды негіздеңіздер

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Өзара бағалайды.


Бағалау

р/с

Дескрипторлар

дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктей алады.

1

Елдің өсу типін анықтай алады

2

Жауаптарына негіз айта алады.






Сабақтың соңы

35-40

Кері байланыс. "композициялық талдау" Бұл әдіс бойынша оқушыларды екі топқа топтастырып, өз ішінен спикерді сайлап, оны тақтаға шығарады. Кейін ол оқушылар екі жақ мәтін таратылып, соның негізінде тақтаға шығып диалогқа түседі.

Дескритоп: 1- 2-топ мүшелері мәтінмен танысады;

2- спикерлерді сайлайды;

3- спикерлер мәтін бойынша диалогқа түседі;

4- эксперт екі спикердің диалогына қорытынды жасайды.


Үй жұмысы: Жекелеген мемлекеттердің ұдай өсу типтері бойынша анықтап, мәлімет жинап келу.

Түрлі –түсті стикерлер.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!