Материалдар / Ашық сабақ: Ұлттық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәніне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2020
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қабылбек Т.Ж

Сынып: 2-3


Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындарымен танысу

Қазақтың ұлттық ойындарына баулу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.7.1. Патриоттық сезімнің не екенін біледі, бір бірімен әрекет ету, адал бәсекелестіктің мағынасын түсінеді

3.2.7.1 - топтық және жарыс әрекеттері кезіндегі патриотизм көрінісін көрсету және дамыту.

Сабақ мақсаттары

Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру арқылынегізгі қозғалыс дағдыларын орындау.

Бағалау критерийі

Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыс дағдыларын орындау.

Тілдік мақсаттар


Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жай ғана білімді көрсететін сұрақтарға жауап бермей, тұрақты талқылауға қажетті білімді пайдалану, тіл байлығын көрсету, осылайша оқушылар диалогты жүргізе алады).

Құндылықтарды дарыту


Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, жас өспірімдер физиологиясы.

Бастапқы білім


Оқушыларда алдыңғы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс кезде алынған ұлттық қазақстандық ойындар туралы бастапқы білімі болады деп күтіледі.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.


Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар





Сабақтың басы


Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар.

Жүрістегі жаттығулар.Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау.Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау.Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.







Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш.







Сабақтың ортасы


Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру.

Оқушыларды ортаға шығарып шенбер құрып жүргізуші ортасына орналасып допты бір балаға лақтырады оны қағып алған бала ұлттық ойынның бір түрін атап жүргізушіге қайтадан лақтырады сөйтіп оқушылар бір бірін ұлттық ойындармен таныстырады

Топқа бөлу:

Оқушылар реттік нөмірі бойынша 3 топқа бөлінеді.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.Сол тапсыра бойынша әр топ ұлттық ойындарды басқа топпен бірлесе көрсетеді.



Асық ойыны
«Тас қала»
Ойынның ережесі:
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды Тігеді Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады


«Арқан тартыс»

Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, бірлескен іс-әрекетке тәрбиелейді.

(К)«Арқан тартыс» – «Арқанды тартысу». Қатысушылар арқанның ұшын ұстап тұрып, қарсыластарын өз жағына тартып алуға тырысады.





Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырғыш.

арқан, гимнастикалық таяқтар.

Асықтар.






Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім ұлттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау.Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!