Материалдар / Ашық сабақ "Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы" 7сынып

Ашық сабақ "Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы" 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлау әдістері, топпен, жұппен жұмыс формалары қолданылған.Рөлдік ойыны да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, пәнге деген қызығушылығын жоғарлатады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебінің»ММ













«Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы»



Ашық сабақ





тарих пәні мұғалімі: Ислямова Нұргүл Мешитбайқызы























2015, ақпан



Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Сабақтың мақсаты:

Біліктілік: Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениетті дамытудағы зор үлесі, Оңтүстік Қазақстанның бағытындағы жол торабының маңызы жөніндегі білімдерін тиянақтау, тексеру

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, тілін, ынтасын, қиялы мен қабылдау қабілеттерін дамыту, оқулық және қосымша ақпарат құралдарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, жүппен, топпен жұмыс жасау, әртүрлі тесттер түрлерімен жұмыс жасау біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: азаматтылыққа, Отан тарихына сүйіспеншілік пен қызығушылық тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: ой талқы,іздену,

Көрнекіліктер: карта, қима қағаздар, маркерлер, стикерлер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды жұмыс барысымен таныстыру.

Өткенді пысықтау: Тарихи диктант.

  1. 756 - 940 жылдар аралығынд өмір сүрген қағанат: ( қарлұқ)

  2. 16 ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналған қала (Түркістан)

  3. Тың жерлердің игерілуі басым көпшілігі негізінен Қазақстанның осы аймағында жүзеге асырылған (солтүстік)

  4. «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі» - деп айтқан гұн басшысы? (Мөде шаньюй)

  5. Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар (дулулар, нушеблер)

  6. Ұлы Отан соғысы жылдарында 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды (ж. Елеусізов)

  7. Ахмет Йасаудің шәкірті (С. Бақырғани)

  8. Уфаға жер аударылып, сол жерде 1790 жылы дүние салған хан: (Нұралы)

  9. Найман мемлекетінің астанасы (Балықты)

  10. 1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала (Түркістан)



Критериалды бағалау.

9-10 – «5»

7-8 – «4»

5-6- «3»

0-4 – «2»

2. 3 топқа болу- стикерлер түсі арқылы топқа бөлінеді



3 Жаңа тақырып ( сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын бірге анықтау)

Мұғалімнің сөзі

Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған.

Ұлы Жібек жолы-Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ал бізді ең алдымен адамзат тарихында Батыс пен Шығысты байланыстыра білген алғашқы бейбіт қатынас қалай асырылды екен деген сұрақ қызықтырады.

Бөлінген топтарды рөлдерге бөлу.

  1. Шежірешілер 2. Көпестер 3. Археологтар 4. Тарихшылар



Оқушылардың мақсаты: Ұлы Жібек жолының рөлі мен тарихи маңызын ашып беру.

Проблемалық сұрақ: Ұлы Жібек жолының бүгінгі күні зерттелуі қаншалықты маңызды?

(бір оқушы дайындалған презентациямен танысып қорғайды).

1 топ. Шежірешілер (Ұлы Жібектің пайда болуы)

  1. Ұлы Жібек жолы деп аталу себебі неде?

  2. Ол туралы қандай мәліметтер бар?

  3. ҰЖЖ қашан пайда болды?

  4. ҰЖЖ қайдан бастау алады?

  5. Бүкіл Еуразияға жібек қашан әйгілі болды?

  6. ҰЖЖ жалпы қашықтығы қанша болды? ( және тест ия- жоқ қосымша )

2 топ. Көпестер (ҰЖЖ сауданың дамуына тигізген әсері)

  1. ҰЖЖ шарықтау шегіне жету себептерін анықта

  2. Халықаралық саудаға шығарылған тауарлар түрлерін ата

  3. Жерорта және Еуропа тұрғындары арасында тауарлардың қандай түрлері сұранысқа ие болды?

  4. Қытай еліне тасымалданған тауалар түрі? ( тест толықтыр қосымша)

3 топ. Археологтар (ҰЖЖ шаруашылыққа тигізген әсері)

1.Жібек жасау технологиясы неліктен құпияда сақталды?

2. жібек өндіруден Қытаймен бәсекеге түскен елді ата

3. халықаралық сауданың қолөнер мен шаруашылыққа қаншалықты әсер етті?

4.Сіздердің қорытындыларынды дәлелдейтін археологиялық олжаларды ата (сәйкестір қосымша беріледі)

4 топ. Тарихшылар Халықаралық қатынастарды дамытуда ҰЖЖ тарихи маңызын көрсет)

  1. ҰЖЖ пайда болу себептерін түсіндіріңдер

  2. ҰЖЖ байланыстырған елдерді ата

  3. Халықаралық қатынастардың дамуына ҰЖЖ тигізген әсері?

  4. ҰЖЖ халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңыздылығы туралы неге бүгінде айтылып жатады? (түсіп қалған сөзді тауып жаз қосымша)

(Уақыт беріледі одан кейін оқушыларын постьерлерін қорғайды, жұмыстары стикерлер арқылы бағаланады сонымен қатар 2 жұлдыз, 1 ұсыныс әдісін қолдану).

«Көш керуен» ойыны.

  1. Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған? /б.з.б. II-Iғ./

  2. Жібек жолы қайдан басталды? /Қытай жетіндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/

  3. Жібек жолының Жапониядағы сілемі? /Астанасы Нарга қаласы/

  4. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған? /Талғар, Испиджаб, Отырар/

  5. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған? /Тараз

  6. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел? /Соғды/

  7. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім? /Болгар бұрышы/

  8. Б.з.б. ІІғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император? /У-ди/

  9. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты? /Тараз/

  10. Жібек жолы арқылы таралған діндер? /буддизм, манихей, христиан, зорастризм/

  11. Жібек жолы бойындағы байланыста ерекше байқалған рухани, мәдени сала (музыка)

Аристотелдің стратегиясы арқылы Ұлы Жібек жолын септеу.

  1. Кім? Не?

  2. Қандай?

  3. Қанша?

  4. Қайда?

  5. Қашан?

  6. Не істеді?

  7. Кімнің? Ненің?

  8. Кімді? Кіммен?

  9. Кімдікі?

  10. Одағай



Проблемалық сұраққа жауап.

Бүгінгі таңда ҰЖЖ бойынша кешенді халықаралық зерттеулер жүргізілуде. ЮНЕСКО- ның Бас директоры Федерико Майор « Дала, шөлейіттер, теңіздер арқылы өткен ҰЖЖ өркениеттердің өзара баюына әсер ете қоймай, олардың арасында қатынас пен диалог орнатуда ғажап мүмкіндік беріп отырды.»- деген екен. Демек, ҰЖЖ кешенді зерттелудің негізгі мақсаты бүгінгі таңда халықтар арасында диалог орнату қажеттілігінің сезіндіру, өзара түсунушіліктің, қарым – қатынастың және де өркениеттердің өзара баю жолында тарихи маңызына ие болған ҰЖЖ мүмкіндіктерін пайдалану.



«Айнамалы шеңбер» (оқушылар «1жіңішке», 1 жуан сұрақ құрастырады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі)



Рефлексия (Слайд) (оқушылардың жауаптары)



1.Бүгін мен білдім.......

2. Маған қызықты болды......

3.маған қиын болды........

4.мен тапсырмалар орындадым.......

5. менің түсінгенім.......

6. енді мен жасай аламын........

7. мен сезінгенім.........

8. мен үйрендім.......

9. менің қолымнан келеді......

10. мені таңғалдырды........

11.сабақтан өмірге алғаным.......

12. мен тырысып көремін..........

Бағалау парақтарын толтыру

Үйге тапсырма: Ұлы Жібек жолының эмблемасын ойластырып келу, тест құрастырып келу, контурлық картаға «ҰЖЖ бағыттарын толтырып келу»

Оқушыларды бағалау.

Мұғалімнің тілек сөзі.

























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!