Ф-БЕ-10/10
ҚР ОҚУ – АҒАРТУ
МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ
БАСҚАРМАСЫ
Жол - көлік
колледжі
ӘДІСТЕМЕЛІК
ТАЛДАУ
Орындаған: Айнабекова Ж.
Р.
Жалпыбілім және жалпыкәсіптік
пәндері
циклдік комиссиясында
талқыланып,
қаралған.
Хаттама №___« _» ____ 2022
ж
ПЦК төрағасы:_____ Cакбаева
Н.Т.
Шымкент
2022ж.
Сабақтың
тақырыбы
«Үш фазалы транформаторлар
»
Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларды үш фазалы трансформатормен және
оның қасиеттерімен
таныстыру. Сабақта
BOPPPS моделін қолдану. BOPPPS моделі – студенттердің назарын аудару және сабақ материалын
оқуға мотивация жасау арқылы тақырыпты тиімді меңгеру
әдістемесі
Тәрбиелік:
Оқушыларды трансформаторды ажырата білуге,
техникалық терминдерді ұғынуға,
сауаттылыққа,еңбекті
сүюге,
адамгершілікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Оқушылардың тапқырлығын,
ақыл-ойын,
ойлау
қабілетін, ынтасын
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық
және ойлау қабілеттерін
дамыту.Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу,
нақтылыққа, дәлдікке үйрету, дүниетанымын
кеңейту.
Сабақтың
түрі: жаңа білімді
игеру
Сабақтың әдісі
(пед.технология): оқытудың компьютерлік
технологиясы
Пәнаралық
байланыс: сызу,
физика.
Сабақтың
көрнекілігі: мультимедиалық проектор,
презентация, электронды оқулық,
Сабақ
барысы
BOPPPS моделінің
компоненттері
І. Bridge-in. Кіріспе бөлім. Сәлемдесу, оқушылар зейінін
сабаққа аудару.
ІІ. Objective /Outcome .
Күтілетін нәтиже
Жаңа сабақ тақырыбымен танысалық. Бұған дейін
генератор тарауын оқығанда системаның бір фазадан басқа үш фазалы
болатынын білдік. Сіздерге мынадай сұрақ: Үш фазалы системаның бір
фазалы системадан айырмашылығы қандай? Үш фазалы система дегеніміз
не? Трансформаторларды да қуатты трансформаторға
айналдыру үшін үш фазалы система қолданылады. Бүгінгі
тақырыбымыздан күтілетін нәтиже: Үш фазалы трансформаторлардың
құрылысын, жұмыс жасау принциптерін, қолданылуын білетін
боласындар.
ІІІ. Pre-Assessment. Алдын
ала бағалау. (слайд бойынша жауап
беру).
Трансформаторлар туралы қандай
түсініктері бар екенін байқап, бағалау.
1. Трансформатор дегенініз
не? Оның негізгі бөлшектерін
ата.
2.Трансформатор электромашиналар қатарына жата
ма?
3.Кернеуді
көбейту үшін қандай трансформатор
қолданылады?
4.Электр энергиясын тұтынушыға керекті
мөлшерде жеткізу үшін қандай трансформаторлар
қолданылады?
5.Магнитопровод неге
керек? Ол қандай материалдан
жасалған?
6.Трансформатор обмоткаларының орналасуына
қарай неше түрге бөлінеді? Олардың обмоткалары қалай
орналасады?
7.Трансформаторда неше орама
бар?
8. Егер трансформатордың орам саны көп болса,
онда кернеу қандай
болады? Ал
егер
аз
болса
ше? Төменгі
кернеудің
мөлшері
қандай?
9. Трансформатордың
жұмыс
принципі?
10.
Бос жүріс тогы дегеніміз
не?
ІV.
Participatory Learning . Белсенді
оқыту.
Тақырыпты түсіндіру.
Тақырыпты жан – жақты ашу.
Үш фазалы
трансформаторлар. Үш фазалы трансформаторлар фазалық құрлымы
жағынан екі немесе үш орамалы болады да, оларды екі немесе үш
орамалы дейді.
1.Үш фазалы
трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс
ерекшеліктері
2.Үшфазалы
трансформаторлар орамдарының белгіленуі
және жалғану
топтары
Үш фазалы трансформаторлар
фазалық құрлымы жағынан екі немесе үш орамалы болады да, оларды екі
немесе үш орамалы дейді.
Үш фазалы
трансформаторлардың магнит өткізгіштігішінің құрылыс
ерекшеліктері. Үш фазалы кернеуді (ЭҚК)
трансформациялау үшін үшфазалы трансформатор қолданылады. Ең көп
тарағандары өзекшелері бір жазықтықта орналасқан (1.1-сурет) үш
фазалы үш өзекшелі
трансформаторлар.
Мұндай трансформаторлардың
сипаттамалық ерекшелігі оның магнит жүйесінің симметриялы болмауы,
ортадағы магнит өткізгіштің өзекшесі шеткілерінікінен қысқа. Бұл ең
бастысы бос жүріс кезінде білінеді.
Кіші қуатты трансформаторлар
үшін симметриясыздық 50% жетуі мүмкін
ІАхх =Ісхх=(1,2…1,5) вхх. Мұндай жағдайда бос жүріс
тоғы үш фазаның тоқтарының орташа арифметикалық мәніне теңеп
алынады. Аталып өткендегідей бос жүріс тоғы
(0,02…0,1)Ін болғандықтан қуаттылығы
шағын трансформаторлар үшін тоқтардың симметриясыздығы екінші
ораманың магнит ағынының магнисіздену факторлары есебінен аз
жүктеме кезінде де әсер етпейді. Фаза тоқтарының жүктелудегі
симметриясыздығынан туған табиғи немесе жасанды симметриясыздық,
ЭТН курсынан белгілі болғандай, трансформатордың құрлыс
бөлігінде ,бактың қабырғасына және тартпа болттар арқылы еріксіз
тұйықталуынан магнит ағынының үшінші гармоникалық құраушысы пайда
болады.
1.1-сурет. Өзекшелері бір
жазықтықта орналасқан үшфазалы үшөзекшелі кернеу трансформаторы: 1
– магнитөткізгіш; 2 – төменгі кернеу орамасы; 3 – жоғарғы кернеу
орамасы.
Нәтижесінде бұл бөлшектерде,
гистерезис құблысынан құйынды тоқтардың әсерінен, қосымша шығындар
болады. Іс жүзінде трансформатордың бактарындағы шығын, олардың
магнит өткізгіштіктеріндегі шығынның (50…60%) на жетуі
мүмкін. Бос жүрістоқтарының симметриясыздығын, тәуелсіз магнит
жүйесі бар үшфазалы трансформаторды пайдалану немесе брон типті
трансформаторды пайдалану арқылы болдырмауға
болады.
1.2-сурет. Тәуелсіз магнит
жүйелі топтық үшфазалы кернеу
трансформаторы.
Тәуелсіз магнитті жүйелі
трансформаторлар- топтамалы үшфазалы трансформатор, ол үш бір
фазадан тұрады (1.2-сурет). Мұндай трансформаторлар,әсіресе брон
типтері АҚШ-та, сондай-ақ тоқ беретін үшфазалы желілерде, тарату
жүйелерінде кеңінен қолданынылады.
Үшфазалы
трансформаторлар орамдарының белгіленуі
және жалғану
топтары. Жоғары кернеудің фазалық
орамаларының басы латынша бас
әріппен А,В,С, ал аяғы жағынан,Y, X
Z пен белгілейді. Төменгі
кернеулі орамның қысқыштарын латын алфавитінің кіші әріптерімен
белгілейді; а,в,с-ораманың басы және x,y,z-ораманың аяғы
(1.3). Қысқа болу үшін, фазалық орамаларды бастапқы
әріптерімен белгілейді Фаза А(а), фаза В(в), фаза С(с), бір фазалық
ораманың басы мен аяғы еркін етіп таңдайды. Онда ораманың қалған
екі ораманың басы етіп қысқыштарды алады, содан шығып орамаға орау
бірінші ораманың бағытымен
жүргізіледі.
1.3-сурет. Үшфазалы кернеу
трансформаторы орамасының ұштарын
белгілеу.
Үш фазалы трансформаторлардың
ортаңғы өзекшесіндегі ораманы табу үшін орамалардың бірін
кезекпен желіге қосып, қалған екеуінің қысқышындағы кернеуді
өлшейді.
Егер ол кернеу бірдей
болса,онда желіге қосылған орама ортаңғы өзекшеде
болғаны. Үшфазалы трансформатордың фазалық орамалары «жұлдызң
немесе «үшбұрыш сұлбасы бойынша
жалғанады.
Үшфазалы ораманы «
жұлдызң сұлбасы арқылы қосу оның барлық үш ұшын
ортақ түйіншекке жалғап,бас жағын тоқ көзіне немесе жүктемеге
жалғау үшін бос қалдырады. Ораманы ұшбұрыштан қосқанда,
бірінші ораманың басы,келесі ораманың аяғымен қосып барлық орама
тұйықталғанша жалғайды. Трансформатордың орамаларын « жұлдызң
немесе «үшбұрышң етіп қосу Ү немесе D деп
таңбалайды. Егер жұлдызша қосуда шығарылған бейтарап
нүктесі болса, онда сәйкес белгінің қасына «Оң жазады.
Мысалы; Ү0/D десе онда жоғары
кернеулі орама жұлдызша қосылған, сыртқа шығарылған бейтарап
нүктесі болғаны, ал төмен кернеулі орама ұшбұрыштап
қосылған
1.4-сурет. Кернеу
трансформаторы орамасын «жұлдыз сұлбасымен
жалғау.
|
1.5-сурет. Кернеу
трансформаторы орамасын «үшбұрышң сұлбасымен
жалғау.
|
V.
Post-Assessment Қорытынды баға.
Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып
отырған студенттер бағалау.
1. Үш фазалы трансформатордың неше орамасы
бар?
2.
Обмоткасының
орналасуына
қарай
трансформатор
қандай
түрде
жасалынады?
3. Әр стерженнің неше кернеуі
бар?
4. Жоғары кернеу қалай белгіленеді, төменгі
кернеу ше?
5. Обмоткалар қалай
жалғанады?
6. Жұлдызша ның шартты белгісі қандай,
үшбұрыштап жалғаудың
ше?
7. Егер жұлдызша жалғаудың нольдік желісі
болса қалай
белгілейміз?
8. Сызықтық және фазалық кернеулердің
арасындағы қатынас қалай
өрнектеледі?
9.Үш фазалы трансформатордың жоғары және
төменгі кернеу обмоткаларының бастарын жалғаудың неше түрі
бар?
10. Екі кернеудің арасындағы бұрыштық ығысу
қалай
есептелінеді?
VІ.
Summary
Сабақты
қорытындылау.
Бірнеше сұрақтар аясында
тақырыпты қорытындылау.
Трансформтор дегеніміз
не?
Үш фазалы трансформатор
сипаттамасы?
Үш фазалы трансформаторлардың
сұлбада жалғануы?
Үйге
тапсырма осы тақырыпты оқып, түсініп
келу.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Медетбекова А., Салькова
А., Ананьев А., Мағазов Е., Электротехнтканың теориянық негіздері.
2012
2.Китеав В. Е.,Электротехника
және өнеркәсіптік электроника негіздері.
1991