Материалдар / Ашық сабақ "Үшбұрыш түрлері" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Үшбұрыш түрлері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, жас мамандарға арналған дайын сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 13.05.2015 ж

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың түрлері

Сабақтың мақсаты:

1. Үшбұрышты бұрыштарына байланысты түрлерге ажырату

2. Үшбұрышты өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, кейс әдісі, топтық жұмыс, постермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, түсіндірме плакаттары, кеспе қағаздары, АКТ

Сабақтың барысы:

Уақыты

Кезеңдер

Әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

4 минут

Ұйымдас-тыру

Шаттық шеңбері

Оқушылардың туылған күндерін жыл мезгілдері бойынша топқа бөліп, мінездеме береді.

1) Жаз 2) Күз 3)Қыс 4) Көктем

Оқушылар жыл мезгілдері арқылы топқа бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды.

10 минут

Үй тапсырма-

сын тексеру


Топтық жұмыс

Оқуышаларға үйге берілген тарау бойынша қайталау тапсырмасын ауызша сұрақ – жауап арқылы тексереді.

1. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не? 2. Кесінді дегеніміз не?

3. Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

4. Үшбұрыштардың сыртқы бұрыштарының қосындысы неге тең?

5. Бұрыш дегеніміз не? 6. Бұрыштың түрлері?

7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

8. Тік бұрыш қанша градусқа тең?

9. Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?

10. Толық бұрыш қанша градусты құрайды?

11. Диаметр неге тең? 12. Видеосұрақ.

Оқушылар топпен ақылдаса отырып, ұяшық таңдап, сұраққа жауап береді

6 минут

Жаңа сабақ

Ой қозғау

БDrawObject1 ұрыш түрлерін еске түсіре отырып, үшбұрыш бұрыштарын өлшеп бұрыш түріне қарай ажыратуға және бұрыштарына байланысты атау беруге тапсырма береді.

DrawObject2 DrawObject3


550; 600; 650 500; 400; 900 150; 1100; 550

550 – сүйір бұрыш, 600 – сүйір бұрыш, 650 – сүйір бұрыш – сүйір бұрышты үшбұрыш

500 – сүйір бұрыш, 400 – сүйір бұрыш, 900 – тік бұрыш – тік бұрышты үшбұрыш

150 – сүйір бұрыш, 1100 – доғал бұрыш, 550 – сүйір бұрыш – доғал бұрышты үшбұрыш

Әр топ мүшелері постердегі үшбұрыштың бұрыштарын өлшеп, градустық өлшемі бойынша бұрыш түрлеріне ажырата отырып, үшбұрышқа атау береді.

5 минут

Кейс әдісі

Таратпа қағаздары арқылы оқушыларға жаңа ақпараттарды береді.


Бұрыш түрлерінің анықтамасымен танысып жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізеді. Бір – біріне түсіндіреді.

4 минут

Сергіту сәті

Бейне жазба

Математиканың табиғатпен байланысы туралы бейне жазба көрсетеді

Видеороликті тамашалай отырып, математиканың өмірмен байланысын көреді

7 минут

Шығарма-шылық жұмыс

Топтық жұмыс

Үшбұрышты өмірде қай жерлерде кездестіруге болатыны туралы постермен жұмысты тапсырады

Өмірде үшбұрыштың кездесуі туралы топпен постер сызып, қорғайды.

2 минут

Қорытынды

Жеке жұмыс

Мұғалім тақырыпқа байланысты сұрақ қояды.

Қалауы бойынша сұраққа жауап береді.

2 минут

Үй тапсырмасы

Жеке жұмыс

Үйге №11, №12 есептер

Үй тапсырмасын күнділікке жазып, үйде орындайды.

2 минут

Бағалау

Топтарға бір – бірінің сабақ барысындағы белсенділіктерін қызыл (өте жақсы), жасыл (жақсы), сары (орташа) түстері арқылы бағалауын ұсынады.

Түстерді көтеріп топтар қарсы топтарды бағалайды.

3 минут

Қорытынды

Кері байла-ныс

Жапсырма қағаз таратады, қағазға сабақтан алған әсерлері туралы жазуды сұранады

Өз ойларын жазады және жариялайды.





Пән мұғалімі: Утемалиева Ғалиябану Скакқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!