Сабақтың ортасы
(Білу, түсіну)
5+3
мин
(Қолдану)
9+5
мин
(Шығару)
2+5+3
мин
|
Оқылым
ортасы.
ЖЕ.
Тапсырма. «Мәтінмен
жұмыс»
Шарты: Асты сызылған сөздер мен
мағынасы таныс емес сөздердің мағыналарын ажырату арқылы мәтіндерді
түсініп оқы.
А
мәтіні.
Үй іші
қоңыр
салқындау екен. Әжем қос сабаумен
тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына
құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазы
сезіледі. Екі әпкем мен жиен
қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық
иіріп, көмектесіп жүр...
Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей
келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін.
-
Әже,
әже-е-е, не үйренгенімді айтып
берейінші-і-і.
-
Әу,
құлыным –ау-у, сабыр етші. Мен жүнімді
сабап болайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын ғой,- деді әжем
еркелетіп.
Енді менің екпінім
бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім де, жүн шашып ойнай
бастадым.
(Бауыржан Момышұлы)
Ә мәтіні.
Әжем менімен кішкене
күнімнен сырлас. Екеуміз оңаша қалғанымызда өткен-кеткенімізді
айтып, үш ұл, бір қызды қалай адам ғып өсіргенін әңгімелейтін. Мен
әжемнің көрген бейнетіне, кереметтей төзімділігіне
жаным аши
отырып сүйсінемін. Сондайда қолымна
келсе, әжемді үлде мен бүлдеге
орап, тырп еткізбестен
төрге төрт қабат көрпенің үстіне отырғызып қойсам деп арман етуші
едім. Менің осы ойымды жақсы ұғатын әжем:
-Қозым,
қозы-ы-ым... Сенің осы
айтқаныңның өзі –ақ маған үлде мен бүлде емес пе?!
Айналды-ы-ым сенен! Басқасы тегіс жиналып
бір төбе болғанда, сен өзің бір төбе
емессің бе маған?!- деп
еміренетін.
(Сайын Мұратбеков)
ЖЖ.
«Ойлан-Жұптас-Бөліс»
Шарты: Жұбыңмен сұрақтарға жауап
бер.
-
Мәтіндер кім
туралы?
-
Неліктен олай ойлайсың?
-
Мәтін авторларының
кейіпкерлерге қандай қатысы бар?
-
Мәтін авторларының әже жайында жазуының себебі
неде деп ойлайсыңдар?
-
Мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін
анықта.
Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап береді;
-Мәтіндердегі тілдік
құралдардың мағыналарын ажыратып, стилі мен жанрын
анықтайды;
Саралау. Дереккөздер:
Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған
таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар
жүйесінің тұрақты бірлігі. Стиль түрлері –
5:
-Көркем әдебиет
стилі –проза, поэзия, драматургия салаларында
жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем
әдебиет стиліне тән ерекшеліктер: көркем сөз байлығы, көп стильді
болып келетіндігі.
- Ауызекі сөйлеу
стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас
функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын
құрайды. Ауызекі сөйлеу
тілінің тілдік белгілері: сөйлеудің еркінділігі; сөйлеудін мазмұны:
диалогтік форма мен қарапайымдылық.
-Ғылыми-стиль —зат не
құбылыс ғылыми негізде
сипатталып, дәлелдеуді
қажет ететін стильдің бір
түрі.
-Ресми құжаттар
немесе
іс-қағаздар стилі — ресми қатынастар аясында қызмет
ететін стильдің бірі. Ресми стиль талаптары: дәлдік, айқындық немесе жүйелілік;
логикалық,
дәлелділік; баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің
болмауы.
|
Сұрақтарды жұпта талқылап,
мұғалім сұрауымен жауап береді, қажет жағдайда бір-бірін толықтырып
отырады.
Мәтіндердің мазмұны түсінікті
ме?
ҚБ
«Бағдаршам»
Оқылымнан кейін.
ТЖ.
2-Тапсырма. «Мәтіндерді
салыстыр»
Шарты: Кестеге сүйене отырып,
мәтіндерді салыстыр.
А мәтіні
|
Ә мәтіні
|
Негізгі ақпарат
|
|
|
Стилі
|
|
|
Жанры
|
|
|
Мәтін нешінші жақта жазылған?
|
|
|
Кездесетін туыстық атаулар
|
|
|
Мәтінде кездескен екпін
түрлеріне мысалдар келтір (4+4)
|
|
|
Автор атынан кейіпкерге тілектер
жаз.
|
|
|
Дескриптор:
-Мәтіндерді
салыстырады;
-Мәтіндердегі негізгі
ақпаратты анықтап, нешінші жақта баяндалғанын
табады;
-Екпіннің әр түріне мысал
келтіреді(барлығы 4+4 мысал)
-Кейіпкерге тілектер жазады.
Саралау. Дереккөздер:
Екпін түрлері –
4.
1.Сөз ішіндегі бір буынның
көтеріңкі айтылуы сөз
екпіні деп аталады. Қазақ
тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға
түседі.
2.Ой
екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше
назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем
ішіндегі сөзді бөлектейді.
3.
Тіркес
екпіні — бірнеше сөздің
тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл
көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне
тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше
т.б.
4.Дыбыс
екпіні — сөз ішінде дыбыстың
бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып
айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша!
|
Қабілеті жоғары оқушыларға
арналған саралау. Тапсырма:
Мәтіннің бір ұнамды, бір ұнамсыз жағын
жаз.
|
+
-
|
+
-
|
Постерлер толтырылғаннан кейін, сағат тілі
бойынша топтарға беріліп отырады, әр топ түрлі –түсті стикерге кері
байланыс жазады.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс»
Топтар берілген кері
байланыстарға тоқталып өтеді, қорытынды
шығарады.
Жазылым.
ЖЕ. Тапсырма. «Құттықтау
хат жаз»
-
Шарты: Құттықтау хат құрылымын сақтай
отырып, көркем сөйлеу стилінде 8 Наурыз мерекесіне орай әжеңе
құттықтау хат жаз.
Дескриптор:
1.Мәтіндердегі тілдік
құралдарды және постердегі сөздерді
қолданады.
2.Құрылымын сақтап, көркем
стильде құттықтау хат жазады.
Саралау. Нәтиже немесе
жауап:
Құттықтау хат құрылымы
|
Аңдатпа
|
Кімге? Қандай себеп?
|
Мазмұны
|
Тілек
|
Қорытынды
|
Кімнен?
|
Құттықтау хат үлгісі
|
Құрбым Әсия!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын.
Болашақта асқақ арман, талмас талап тілеймін.Өмір асуларынан
сүрінбей өтіп, ата – анаңның үмітін ақта.
Ізгі тілек білдіруші: Томирис.
|
Қабілеті жоғары оқушыларға
арналған саралау. Тапсырма:
Синквейн
|
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сөйлем
5.Синоним
|
1.Әже
|
«Автор орындығы»
Қалаулары бойынша 1-2 оқушы
жазғандарын ортаға шығып оқиды, қалғандары
бағалайды.
ҚБ
«Сэндвич» (не ұнады, сын-пікір,
ұсыныс)
|
Кеспе
қағаздар
Түсіндірме сөздік
armanpv.kz
Қазақ тілі.
6-сынып
31-32-беттер.
Уикипедия.
Ережелер парағы
Постер
armanpv.kz
Қазақ тілі.
6-сынып
21-27-беттер
Стикерлер
Таныстырылым және кеспе
қағаздар
|