Ашық сабақ "Ұшқырлы ойық өрнек"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ұшқырлы ойық өрнек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл таратылып отырған материал оқушыларға әдістемелік көмек ретінде ұсынылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 8


Тақырыбы: Үшқырлы ойық өрнек

Мақсаты:

1.Білімділігі:Оқушыларға үшқырлы ойық өрнек туралы жалпы мағұлмат

беру.

2.Дамытушылығы: Үшқырлы ойық өрнек туралы ой-өрісін дамыту

3.Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке,

икемділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Плакаттар

Құрал-жабдықтар: Құралдар жиынтығы

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушыларды түгендеу

ә)сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Жаңа сабақ

Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті (үшбұрышты ойық) орындау технологиясы:

1.Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою.

2.Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін қйыұтың ортасына қарай тереңдете ою.

3.Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою.

Ал үшбұрыш ағаш талшығының ұзына бойына паралелль түссе, пышақты бас бармақтың көмегімен демеп қана көлбеу тереңдігін оңай алуға болады. Ағаш талшығын кесуде ойық ішінде пышақ өзіңе қарай немесе өзіңнен әрі қарай жүргізіледі. Геометриялық үшқырлы өрнектің қарапайым түрін меңгергеннен кейін үшбұрыштарды әр алуан түрде композициялық бейне құрастырып панно ойып шығаруға болады.

Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелердің жартылай көмегін мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельфті бедерлі ою деп атайды.

Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.

Бедерлеп оюдың өзін де орындалу тәсілдеріне қарай бірнеше түрге ажыратуға болады. Егер тақтаға өрнек жосығы тіліп түсірілсе – жосықтау деп, ал қашау ізі тік салынса – қиып ою деп, қашау жүзі көлбеу салынып, нұқи ойылса – кертіп ою деп аталады.

Ағашқа ою салған кезде, жөке ағашын пйдаланған дұрыс. Ол жұмсақ әрі өңі біркелкі. Жөке болмаса, қаттырақ қайың да оюға ыңғайлы.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асырылады:

-бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

-бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау (жоспарланған өрнектердің үлгілерін жасау);

-өрнектерді кесу;

-бұйымдарды бояу, оған әр беру;

-боялған бұйымды тазалау;

-бұйымды лактау.


ІII. Машықтық жұмыс


Оқушыларды машық барысында тақтай бетіне геометриялық өрнек салып ойып дайындау, қадағалап жүру түсінбеген жерлері болса түсіндіру.

IV.Сабақты қорытындылау, бағалау

V.Жұмыс орнын жинау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі