Материалдар / Ашық сабақ "Ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақты жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу мақсаттарына сай жоспарлау, оқу мақсаттарынан сабақ мақсатын шығару, бағалау критерийлерді құру, дескрипторлар ұсыну, техникалық құрал-жабдықтарды ұтымды қолдану, қалыптастырушы бағалау стретегияларын тиімді қолдану бойынша тәжірибе бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
1414
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жүргізу платформасы: ZOOM

Сыныбы

7-сынып

Бөлім атауы: «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»

Тақырыбы

Ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О4; 7. ӘТН 5. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.

Сабақ мақсаттары (SMART мақсаттар)


Барлық оқушылар орындай алады:

Кім...? Не...? Қалай...? Қашан...?» сұрақтары арқылы оқшау сөздер мен стиль түрлері туралы алдыңғы білімдерін еске түсіреді, мәтіннің тілдік ерекшеліктерін ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Хиуаз Доспанова туралы екі стильдегі (публицистикалық және көркем әдебиет) мәтінмен танысады, мәнмәтіндік талдау жасайды. Оқшау сөздердің функционалдық ерекшеліктерін түсінеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Алған білімдерін өз өмірлерімен байланыстырады, екі түрлі стильдегі мәтін құрастырады, өз ойларын модельдейді, bookтрейлер жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Стиль түрлері, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, мәтін, мәтін құрылымы, оқшау сөздер

Талқылауға арналған сұрақ:

-ХХІ ғасырда стиль қолданыстан алынып тасталса не болуы мүмкін?

Құндылықтарды дарыту

Құрмет. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген құрмет сезімін арттыру.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. Өз Отаны, халқы мен тарихына деген мақтаныш пен ортақтастық, Қазақстандағы қоғам мен дамудың әл-ауқатына жауапкершілігін сезіну сезімдерін қалыптастыру.

Ынтымақтастық. Топтық жұмыс арқылы жағымды өзара әрекет пен ынтымақтастық атмосферасын WEB ортада құруды үйрену.

Алдыңғы оқу

  • Тарих пәнінен екінші дүниежүзілік соғыс барысы;

  • Қазақ әдебиеті пәнінен соғыс жылдарындағы әдеби туындылар (Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны» өлеңі);

  • Музыка пәнінен «Әлия» әнін, оның шығу тарихын;

  • қазақ тілі пәнінен майданда ерлік көрсеткен кейбір қазақ батырлары туралы (Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Панфиловшылар) біледі, сол білімдерін бүгінгі сабақта қолдана алады.





Сабаққа дейін:

  1. https://www.youtube.com/watch?v=tNjvj0Pz_7Y&t=72s сілтемесін ұсыну.

  2. Сілтеменің ашылғандығы немесе ашылмағандығы туралы айқындау.

  3. Бейнежазба уақыты: 2.46


Бейнежазбаға ұсынылатын сұрақтар:

  1. Бейнежазба кім туралы?

  2. Бейнежазбаның басындағы түйінді сөздер қандай?

  3. Бұл майдан туралы сендер бұрын қай жерден естідіңдер?

  4. Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк туралы не айтасыңдар?

  5. Бұл бейнежазба сендерге қалай әсер етті?






Сабақтың барысы

Сабақтың басында мұғалім өзіне және оқушыларға: «Неліктен сабақ жүргізу ережелерін талқылауымыз керек? »

(2 минут)

Оқушылармен сабақ жүргізу ережесіне келісімге келу:

  1. Микрофонды өшіру немесе қажет кезінде қосу.

  2. Камераны жауап бергенде қосу, тыңдаған кезде өшіру.

  3. Чатта белсенділік таныту.

  4. Чат, микрофон арқылы кері байланыс беру арқылы сабақта жетістікке ұмтылу.

  5. Түсінбеушілік пайда болса, чатқа жазу, жауап алу.

  6. Уақытты басқару.

  7. Қалам,жұмыс дәптерін дайындау.


Сенім білдіру.

(1 минут)

Оқушыларға сенім білдіру:

  1. Дауыс.

  2. Мұғалімнің сырт келбеті.

  3. Уәждеу (Бұл сабақ естеріңізде қалады деп ойлаймын. Өйткені маған келген жазбалар бұл ойымды дәйектейді. Атап айтқанда... )

Назарға: Мұғалім сөйлеу темпі мен кідіріс туралы ойланады.

Шағын топтың жұмысын ұйымдастыру.

Тапсырмалар


Ресрустар

Шағын топпен жұмыс

Оқушылар алдын ала шағын 4 топқа бөлінген.

Шағын топтық жұмыстың мақсаты:

  • WEB ортада қарым-қатынасқа түсу;

  • Оқушылардың бір-біріне кері байланыс беруін ұйымдастыру;

  • Мұғаліммен сабақтан тыс уақытта қажеттілік негізінде байланыста болу.

Өзіндік тапсырманы тексеру.

(4 минут)









(1 минут)

Ойлануға уақыт беру назарда болады.

Өткен сабақта берілген өзіндік тапсырманы тексеру.

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогінен алған үзінділерді пайдаланып, «Панфиловшыларға тағзым» тақырыбында оқшау сөздерді қатыстыру арқылы құрап келген мәтіндерін (ең көбі 7 сөйлем) әр топтан бір оқушы оқиды. Өзге екі топ мүшелері чат арқылы 1 пікір, 1 ұсыныс жазады.

Мұғалім/оқушы бірнеше оқушының құнды идеяларын микрофон арқылы ортаға салады. Оқушылар толықтырулар жасайды.


Сұрақ (с):

-Небәрі 28 жаяу әскердің жаудың 51 танкісіне төтеп беруіне не әсер етті деп ойлайсыңдар?

-Менің пікірмше...

  • Оқушылар бір сөйлеммен ойларын чатқа жазады.

  • 1-2 оқушының жауабын микрофон арқылы тыңдайды.

  • Чатқа кері байланыс беріледі.

Ә.Нұршайықов: «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі. Алматы, 2008ж.

Сабаққа дейін ұсынылған ресурсты талдау.

(5 минут)























(3 минут)


Бейнежазбаға ұсынылған сұрақтар (Бейнежазба уақыты: 2.46)


  1. Бейнежазба кім туралы?

  2. Бейнежазбаның басындағы түйінді сөздер қандай?

  3. Бұл майдан туралы сендер бұрын қай жерден естідіңдер?

  4. Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк туралы не айтасыңдар?

  5. Бейнежазбаның соңында не туралы айтылған?

  6. Хиуаз Доспанованың бойындағы қандай қасиет сендерге ой салды? Неге?

  7. Сұрақ бойынша жазбаларыңды WhatsApp Web желісіндегі «Біздің 7- сынып» чатына жіберу сұралады. Жазбаны жіберу мерзімі оқушыға қолайлы болуын ескерген жөн.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Сабаққа дейін әр топ бейнежазбаны талқылады. Енді талқылауларыңызды ортаға салайық.

  1. 4 шағын топ мүшелері сұрақтың жауаптарын чатқа жазады.

  2. Чатқа мұғалім немесе оқушы кері байланыс береді.

  3. 3-4 оқушы өз ойларын микрофонға айтады.

  4. 1-2 оқушы берілген жауаптарға кері байланыс береді.

Бейнежазбаға қосымша сұрақ:

-Хиуаз Доспанова сұхбатында өмірінің қай кезеңі жайлы айтты? (жараланған)

-Қандай ұшақ түрлерін көрдіңдер? (Әскери ұшақтар, майдандағы ұшақтар, қаазіргі заман ұшақтары)

Мұғалім/ оқушы

  1. Топтық талқылау туралы кері байланыс береді.


Бірлескен оқу тапсырмасы

(5 минут)

Кері байланыстың позитивті болуы ескеріледі. Публицистикалық және көркем әдебиет стилінің айырмашылығы неде? Автордың сөз қолданысының мәтін құрылымына қатысы қандай? сұрақтары арқылы білім алушылардың жауабын дамытуға түрткі болу көзделеді.

(1 минут)











































































Кері байланыс сұрағы:

(1 минут)

« Мәтінде оқшау сөздердің қолданылуы мазмұнға қалай әсер етуі мүмкін?»- деген түрткі болу сұрағын қойып, оқшау сөздерді кез келген типтегі мәтін құрауда дұрыс қолдануға бағыттау арқылы тиімді кері байланыс беру.



Рефлексия: «Мен...... мақтанамын» сөйлемін бір сөзбен немесе сөз тіркесімен (кіммен, немен, не үшін, неліктен т.б.) толықтыру арқылы өзін-өзі бағалау.

(5 минут)

Мұғалімнің сабақты қорытындылауы

(1 минут)





Өз бетімен оқу тапсырмалары (Саралау)

(2 минут)
































































Бірлескен оқу тапсырмасы. (Оқылым кезінде) Оқушыларға идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі Хиуаз Доспанова туралы екі мәтін ұсынылады. «Фашистер үшін «Түнгі мыстан» - қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова» тақырыбындағы мақала мен ұшқыш Раиса Аронованың «Түнгі мыстандар» көркем шығармасынан үзінді беріледі.

1 Ресурс.

1-2 шағын топ:

Мәтіндерді талдау.

Критерийі: «Мәтіндерді түсініп оқу, салыстыру».

Дескриптор:

  • Мәтінді топ ішінде түсініп оқиды, тақырыбы мен идеясын анықтайды.

  • Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын табады.

  • Тілдік бірліктерді талдау арқылы мәтіндердің мақсатты аудиториясын айқындайды.

  • Батыр апамызға деген құрмет байқалатын сөйлемдерді айтады.

Ресурс №1. Фашистер үшін «түнгі мыстан» атанған, қазақтың ержүрек қызы Хиуаз Доспанова

Хиуаз апа Орал қаласының №1 мектебінде білім алған, сонымен қатар, жергілікті аэроклубта ұшу дағдысын меңгерген. Олар 1942 жылдың мамырында майданға түседі. Хиуаз соғыс жылдарында барлығы 300-ден астам әуе шайқасына қатысып, жаудың төбесінен төнген.

Кавказдағы ұрыста Хиуаз алғаш рет жараланады, бірақ бір айдан соң қатарға қайта оралады. Екінші рет ұрыс тапсырмасын орындағаннан кейін, өлімші боп қатты жараланады. Үш айдан кейін Хиуаз полкіне оралып, ауруына беріспей, жауынгерлік тапсырмамен аспан төрінде қайта ұша бастады. Әскери қолбасшылық бұйрықты түрде ұшқышты штабқа ауыстырып, полк байланысының бастығы етіп қояды. Осы әскери лауазыммен ол Берлин түбіндегі жеңісті қарсы алады.

Тұжырым. Мәтіндерге талдау жасау арқылы публицистикалық және көркем әдебиет стильдері туралы білімдерін нығайтады.

2 Ресурс.

3-4 шағын топ:

Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып жазып, құрамын өзгертіңдер.

Критерий: «Оқшау сөздердің мәтіндегі қызметін анықтау».

Дескриптор:

  • Мәтіндегі ерекшеленген сөйлемдерді табады.

  • Тірек сөздерді пайдалану арқылы сөйлем





http://e-history.kz/kz/

publications/view/1095



http://www.voxpopuli.kz/

kz/history/767-tungy-mystan-khiuaz-dospanova-.html





















http://e-history.kz/kz/

publications/view/1095

http://www.voxpopuli.kz/

kz/history/767-tungy-mystan-khiuaz-dospanova-.html


Тірек сөздер: шынында да, рас, әлбетте, өкінішке орай, шіркін...




біріншіден,

  • құрылымын өзгертеді.

  • Оқшау сөздердің сөйлемге үстейтін мағыналарын айтады.


2 Ресурс

3-4 шағын топ.

Мәтіндерді талдау.

Критерийі: «Мәтіндерді түсініп оқу, салыстыру».

Дескриптор:

  • Мәтінді топ ішінде түсініп оқиды, тақырыбы мен идеясын анықтайды.

  • Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын табады.

  • Тілдік бірліктерді талдау арқылы мәтіндердің мақсатты аудиториясын айқындайды.

  • Батыр апамызға деген құрмет байқалатын сөйлемдерді айтады.

Ұшқыш Раиса Аронова өзінің "Түнгі мыстандар" кітабында еске алатыны:

«Кезекті тапсырмадан оралған бір күні екі ұшақ бір мезгілде қонатын кезінде, әуеде қақтығысып қалды. Біреуінде Катя Доспанова мен Юля Пашкова болса, басқасында - Лида Свистунова мен Полина Макогон болды. Катяның есінде тек кенеттен сатыр шығып, ұшақтың құлағаны... жерде, сынықтардың астында есін жинады. Айнала тым-тырыс. Ерлігі мен күшінің арқасында Катя тапаншаны қорабынан алып, бірнеше әрекет жасамақ болып еді, қайтадан есінен айырылды... Көп ұзамай, апат болған жерге жедел-жәрдем де келіп жетті. Сосын кездейсоқ оның жансыз бозарыңқылықпен жамылмағанын байқап, жедел құтқаруға барлық шара қолданып және міне - ғажап! - оның кiрпiктерi селк еттi, ол көзiн сәл ашты.

Катя тірі қалды. Ессентукиға оны гипске кісендеулі күйінде алып келді. Шамалы уақыттан соң, рентген көрсеткендей оның жетiлуі терiс жүрдi. Гипсты сындырып, сүйектерін түзеді. Байғұс Катюша! Оның еншісіне сонша ауыртпашылық түсті...»

Тұжырым:

Мәтін құраудағы оқшау сөздердің функциясын талқылау арқылы түсінеді.

1) Олар 1942 жылдың мамырында майданға түседі.

2) Екінші рет ұрыс тапсырмасын орындағаннан кейін, өлімші боп қатты жараланады.

3) Ерлігі мен күшінің арқасында Катя тапаншаны қорабынан алып, бірнеше әрекет жасамақ болып еді, қайтадан есінен айырылды.







«Мен мақтанамын...» (кіммен, немен, не үшін, неліктен т.б.) толықтыру арқылы рефлексия жасайды. Чатқа 1 сөйлеммен жазады. Кері байланыс:

  1. Кіммен мақтанасың?

  2. Не үшін мақтанасың?

  3. Хиуаз Доспанованың қай қасиеті бүгінгі уақытта кездесе бермейді? Неге?



Мұғалім: Ал, балалар, мен бүгінгі сабақты Хиуаз апамыздың соңғы сөзімен аяқтағым келеді: «Қымбаттыларым менің, біздің жеңісімізді жақындатқан жандардың бәрі де батыр болатын. Мен өкінішсіз өмір сүрдім. Біздің төккен қанымыз текке кетпесе екен дейміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!