Кіріспе
|
1
мин
10
мин
|
Сыныппен амандасу
Үй тапсырмасын
бекіту: Сәйкесін табу
тапсырмасы:
(Бірін-бірі тексереді)
-
Көру аймағы
-
Есту аймағы
-
Иіс сезу және дәм сезу орталығы сту
аймағы
-
Тері-бұлшықет сезім аймағы
-
Қимыл–қозғалыс аймағы
-
Ассоциациялық
аймақ
|
А) маңдай бөлігінде, орталық жүлге
алдында
Ә) төбе бөлігінде, орталық жүлге
артында
Б) шүйде бөлігі
В) төбе бөлігі
Г) самай бөлігі
Ғ) самай және маңдай бөлігінің ішкі
беті
Д) төбе және самай
бөліктерінің шегінде
|
Дұрыс жауаптар кілті:
1-Б, 2-Г, 3-Д, 4-Ә, 5-А, 6-В,Ғ
Орталық жүйке
жүйесінің бөлімдері
|
Қызметтері
|
-
Жұлын
-
Сопақша ми
-
Мишық
-
Ортаңғы ми
-
Аралық ми
-
Үлкен ми
сыңарларының қыртысы
|
А) жоғары жүйке әрекеті
Ә) дене қимылын үйлестіру, бұлшықет
тонусы
Б) тыныс алу, асқорыту, жүрек-қан
тамырлары
В) бағдарлау рефлекстері, бұлшықет тонусын
реттеуге қатысу
Г) зат алмасу, дене температурасын реттеу,
нейрогуморальдық реттеуге қатысу
Ғ) қимыл-қозғалыс
және вегетативті шартсыз рефлекстерді жүзеге асыру
|
Дұрыс жауаптар кілті:
1-Ғ, 2-Б,3-Ә, 4-В, 5-Г, 6-А
Осы тапсырмалардың
қорытындысы арқылы топтарға бөлемін.
Сергіту сәті. Тез-тез
дұрыс және қате түсініктерді айтамын, оқушылар дұрыс жауапта
орындарынан тұрады, қате жауапта отырады. Бұл жаттығу арқылы
оқушылардың байқампаздық қасиеті де анықталады. Көбірек дұрыс жауап
берулеріне қарай дарынды балаларды бөлек топқа бөліп, қалғандарын
басқа топтарға бөлемін.
Мысалы: Нейрон-жүйке
жасушасы +
Адамның жүйке жүйесінің жануар жүйке жүйесінен ешқандай
айырмашылығы жоқ –
Адамның жүйке жүйесі
атқаратын қызметіне қарай 5-ке бөлінеді -
Адамның миы 3 бөлімге
бөлінеді +
Рефлекс доғасы шеңбер
бойымен өтеді-
Тітіркендіргіш
рецепторды тітіркендіреді+
Маңызды қорғаныс
рефлекстерінің орталығы мишықта-
Маңызды қорғаныс
рефлекстерінің орталығы сопақша мида+
Гуморальдық реттелуді
сопақша ми басқарады-
Гуморальдық реттелуді
аралық ми басқарады+
«Сергіту сәтінің
сұрақтарына жақсы жауап бердіңіздер, жаңа тақырыпты да жақсы
меңгереді деп сенемін»,- деп оқушыларға сенім білдіремін,
ынталандырамын.
|
Топтық ережені еске
түсіреді, топтың ұранын шығарады.
Мысалы: «Төртеу түгел
болса, төбедегі келеді», «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз
үшін», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Бірлік бар жерде, тірлік
бар», «Татулық табылмас бақыт», «Ырыс алды - ынтымақ»
|
Тұсау-кесер
|
2
мин
|
Түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен бар білімдерін пайдалану арқылы
жаңа сабақ критерийерін анықтатамын.
- Адамның жүйке жүйесі
қандай бөлімдерден тұратын еді?
-Сомалық жүйке жүйесінің
қызметі қандай?
-Вегетативті жүйке
жүйесінің қызметі қандай?
Жаңа сабақ тақырыбы мен
мақсатын айтамын.
Тақтадан вегетативті
жүйке жүйесі құрылысының сызбанұсқасының суретін көрсетіп,
балаларға ойлануға 1 минуттай уақыт беремін.
- Не көрдік? Қалай
ойлайсыңдар, вегетативті жүйке жүйесі қандай қызметтер атқаруы
мүмкін?
|
Жаңа сабақ тақырыбы мен
мақсатын, сабақ критерийлерін оқушылар анықтайды.
Нені білуіміз керек?
Оқушылар сурет бойынша
ойланады, өз жауаптарын айтады.
|
Негізгі бөлім
|
20
10
мин
|
Оқушыларға жаңа тақырыппен
танысуға, ондағы негізгі идеяларды табуға тапсырма беремін. Оларды
топта талдайды. Ауызша сұрақтар беремін.
Оқушылар
дәптерлеріне жазып алады: Вегетативті
жүйке жүйесі барлық мүшелердегі зат алмасуды және ішкі мүшелердің
қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Талантты оқушылар топ болып жүйке жүйесі тарауы бойынша постер дайындайды,
«Жүйке жүйесінің адам өміріндегі рөлі» тақырыбында эссе жазады, (3
топ) Постер құруда оқушылар пилот және штурман рөлдерінде
болады.
Дарынды оқушыларға жүйке жүйесі туралы ертегі құру тапсырылады. Тірек сөздері
қолдарына беріледі. (1 топ)
Тірек сөздер: Жүйке, ми ,
жұлын, сомалық, вегетативті, рефлекс, ми бөлімдері, нейрон,
сезімтал, аралық, қимыл нейрондары,
Мысалы: Жүйке деген патша
болыпты. Оның ми
және жұлын деген екі
баласы болыпты. Ол екеуі өте алғыр екен.Мидың 5 баласы бар: сопақша
ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық және ең үлкен егіз ұлдары үлкен ми
сыңарлары. Ал жұлынның 31 ұрпағы болыпты. Патшылықтың
сомалық және вегетативті деген
екі түрлі қызметін олар бірлесе атқарыпты. Оларға көмекші
ханның Рефлекс деген сенімді уәзірі болыпты. Ол айналадағы болып жатқан
өзгерістің бәрін патшаға жеткізіп тұрады екен. Патшалықтың барлық
жұмысының жақсы жүруі нейрондар деп аталатын
қарапайым халықтың тынымсыз еңбегінің арқасында екенін біреу білсе
біреу білмейді. Нейрондар да тыныш жүрмей үш жүзге бөлінеді екен.
Үш жүз: сезімтал, аралық, қимыл нейрондары. Бірақ патшаның және
ұлдарының әрбір істі әділ әрі тез шешуіне байланысты патшалықтың
халқы тату-тәтті әрі ұйымшылдықпен күн кешуде екен.
|
Тақырып бойынша негізгі
идеяларды астын сызу арқылы табады, топ ішінде әркім өз ұсынысын
айтады, топта талдайды. Топтар өз нұсқаларын айтады, бірін-бірі
толықтырады. Сұрақтарға жауаптар береді.
Топтар бір - бірінің
жұмыстарын бағалайды, «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады.
.
|
Қоры-тынды
|
2
мин
|
Сабақ бойы жұмыстанулары
бойынша оқушыларды мадақтап, ынталандырамын, сенім білдіремін.
Бағаға түсініктеме
беремін.
Үйге тапсырма беремін:
Тарауды қайталап келу.
Рефлексия: тақтадан
смайликтерді көсретемін.
|
Сабақ бойы ең белсенді
әрекет еткен топ анықталады.
Бағаларымен танысады.
Сабақ соңында оқушылар
рефлексия жасайды.(тыңдаушы, қатысушы, шаршаңқы, көңілдімін деп
сәйкес смайликтерді таңдайды Өз сезімдерімен бөліседі.
|