Материалдар / Ашық сабақ Вирусқа қарсы бағдарламалар 1 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Вирусқа қарсы бағдарламалар 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні бойынша ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
495
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ембі қызмет көрсету саласы колледжі» МКҚК













Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары _______________Ф.С.Баешова

« » _______________ 2017 ж.





Ашық сабақ


Тақырыбы: Вирусқа қарсы бағдарламалар







Пәні: Компьютерлік техникаға қызмет көрсету

Тобы: 22

Мамандығы: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Мерзімі: 17 наурыз 2017 жыл

Пән оқытушысы: Уалиева Молдир Бериковна



















2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Вирусқа қарсы бағдарламалар

Сабақтың мақсаты:

білімділік: білім алушылардың вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлері, жіктелуі және олармен жұмыс туралы түсініктерін толықтыру.

тәрбиелік: білім алушыларды жеке-топтық жұмыс істей білуге, тапқырлыққа, ойларын

толық жеткізе білуге тәрбиелеу, мамандыққа бағдарлау.

дамытушылық: білім алушылардың ақпараттық сауаттылықтарын, сабаққа

деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, «Айналмалы бекет», «Пресс-конференция», кері байланыс, «Идеал тапсырма» және т.б.

Сабақтың уақыты: 1 сағат

Сабақты өткізу орны: №7 кабинет

Пәнішілік байланыс: «ДК-ге қызмет көрсету» тарауы

Пәнаралық байланыс: Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыздандыру, Компьютерлік техниканы бағдарламалық қамтамасыздандыру, ағылшын тілі және т.б.

Сабақтың жабдықталуы: дербес компьютер, проектор, презентация, плакат, бағалау парағы, маркер, қарындаштар, жеміс-жидектер суреттері және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі: Информатикадан 30 сабақ: Жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған тәжірибелік оқулық/ Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.-Алматы: Шартарап, 1998 – 384 б.

қосымша: С.Т.Мұхамбетжанова. Талапкер топтамасы. Информатика: 7-11-сыныптар.- Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2007-304 бет

Меңгеруі тиіс: Вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс

Білуі тиіс: Вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлері, жіктелуі


Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы:


І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру –10 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру –15 мин

ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту – 5-10 мин

Ү. Қорытындылау – 3 мин

ҮІ. Үйге тапсырма – 2 мин


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: а) білім алушылармен амандасу, түгелдеу;

ә) кабинет тазалығына көңіл бөлу;

б) білім алушылардың назарын сабаққа аудару.


Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері»

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

  Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің колледжіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» қарсаңында бір-біріміз жылы лебіздерімізді білдіріп жіберейік.

Топқа бөлу.

1-топ: «Avast» тобы

2-топ: «Dr.WEB» тобы

3-топ: «Eset NOD 32» тобы


  • Топ лидері, топ журналистін сайлау.

  • Топ лидеріне бағалау парағын тарату.

  • Топ лидері мен топ журналистінің атқаратын функцияларын түсіндіру.


Бағалау парағы

Топтың аты: ___________________________________


Топ мүшелерінің аты-жөні

Үй тапсырмасы

Айналмалы бекет

Пресс-конференция

1





2





3





4





5





6





7






ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы.

  1. Вирус қайдан пайда болады? (Вирустарды білікті программисттер қызғаныш, кектену, мансап құмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.

  2. Компьютерлік вирус дегеніміз не? (арнайы жазылған шағын көлемді программа)

  3. Әсер ету дәрежесі бойынша вирустар қалай бөлінеді? (қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті)

  4. Мақсаттарына қарай вирустар қалай бөлінеді? (бейсауыт, шантаж жасаушы, насихатшы, мағынасыз)

  5. Жүктелетін-файлдық вирустар дегеніміз қандай? (файлдарды сол сияқты дисктердің жүктелетін секторын зақымдайды)

  6. Желілік вирустар қайда тарайды? (ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды)

  7. Драйверлік вирустар қандай аумақтарды зақымдайды (компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді).

  8. «Троян аттары» дегеніміз қандай вирустар? (қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады).

  9. Насихатшы вирустар («өзін көрсету» мақсатында жасалады)

  10. Компьютерлік вирустардың жұғу жолдары

  11. Компьютерге вирус жұққанын қалай білуге болады?

  12. Өте қауіпті вирустардың әсері қандай? (программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында информациялардың өшуіне әкелуі мүмкін)


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы.

Мақсаты: басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты немесе сұрақты белсенді талқылау.

Жүру барысы: әр шағын топты бекетте орналастырып, жаңа сабақ мәтінін талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 5 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. Соңынан топтар өзара талқылап бір түйінді ой айтады.


ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:

«Пресс-конференция» әдісі арқылы.

Берілген жаңа сабақ мәтіні бойынша топ журналисті сұрақтар тізімін құру керек. Сонан соң топтар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.


Ү. Қорытындылау.

  1. Бүгін сабақта не білдік?

  2. Не үйрендік?


ҮІ. Үйге тапсырма: «Идеал тапсырма» әдісі.

Әр білім алушы орындайтын тапсырманы өзі таңдайды;

  • Вирусқа қарсы бағдарламалар” тақырыбына мәнжазба жазу;

  • Вирусқа қарсы бағдарламалар” тақырыбына презентация дайындау;

  • Антивирустық бағдарламалардың түрлері” бейнеролик дайындау;

  • Жаңа сабақ бойынша сөзжұмбақ, ребус, тест құрастыру.


Бағалау.

  • Білім алушылар өздерінің сабақтағы деңгейлерін «өте жақсы», «жақсы», «орташа» ағашқа жеміс-жидектерді жоғары, орташа, төмен деңгейлерге орналастыру арқылы бағалайды.

  • Бағалау парағы арқылы білім алушыларды бағалау.


Кері байланыс.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!