Материалдар / Ашық сабақ "У әрпінің жазылуы" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "У әрпінің жазылуы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек, ашық сабақ құруда үлгі ретінде пайдалануға болады. Мақсаты: Оқушыларға у дыбысының жазылуын үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5039
109 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А. С. Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектепшық сабақ







Тақырыбы:

У әрпінің жазылуы


Сыныбы: 2 «Б»




Хантағы ауылы

Сабақ тақырыбы: У әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік — өткен дыбысты және әріпті қайталау, У әрпі қандай сөздерде кездесетінін, қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын пысықтау, сөздердің ішінен дұрыс тауып алуды үйрету.

Дамытушылық — оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін және логикалық ойлау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік — сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, шыдамды, қайсарлы болуға, оқу құралдарын күтіп ұстауға, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, суреттер.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті борлар, сюжетті суреттер, құралдар,

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Барлығымыз бері қарайық, сабағымызды бастамас бұрын келісіп алайық, ия:

1-ереже:

Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!

2-ереже :

Нақты, дәл жауап береміз!

3-ереже:

Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды,

шапшаңдығымызды көрсетеміз !

4-ереже:

Сабаққа белсене қатысып,жақсы баға аламыз!

2. Өткен сабақты пысықтау.

— Өткен қазақ тілі сабағында біз у дыбысының жуан, жіңішке және дауысты дауысыз болып келуін откенбіз. Олай болса есімізге түсірейік.

Ол үшін «Дабылды карточкалар» ойынын ойнайық

Тапсырма: У дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба аңықтау. Дауысты болса қызыл, ал дауыссыз болса көк карточканы көтереміз. Мысалы: ауа, су, тау, әуе, ту, жазу, сусын, сауыт, жауын, әуре.

Тапсырма: У дыбысының жуан, жіңішкелігін анықтау. Ол үшін тақтада сөздер берілген, құрамында жіңішке у дыбысы бар сөздің астын екі рет, жуан у дыбысы бар сөздің астын бір рет сызамыз.Қане кім айтады? У дыбысы қай кезде жуан, қай кезде жіңішке?

Сауыт, сәулет, ауа, науа, сусын, суық, серуен, сау, денсаулық.

3. Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз у әрпінің жазылуын өтеміз, яғни дауысты ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у әрпі жалғанса, ы, і әріптері түсіп қалады.

Мыс: 1-жаттығуға назар аударайық,



Тоқы тоқу ОПрямая со стрелкой 5 Прямая со стрелкой 6 Прямая со стрелкой 5 Прямая со стрелкой 6 қы оқу

Прямая со стрелкой 7 Прямая со стрелкой 8 У УПрямая со стрелкой 7 Прямая со стрелкой 8

Жекі жеку Бекі беку

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күннің жадын жазып, дәптеріміздің шетінен бір саусақтың орны қалатындай орын қалдырып, көркем жазу жазамыз:

У У У У У

у у у у у

2- жаттығу. Берілген сөздерге у әрпін қосып жаз.

Шалқы –шалқу, тасы –тасу, ............

Сөздерде қандай өзгерістер болды?



Сергіту сәті

3-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Малту сөзінде у әрпі жалғанғанда қандай әріп түсіп қалды?

Өлеңді жазып жаттап аламыз.

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, у дыбысы бар сөздерді теріп жазамыз. У дыбысы дауысты болса астын бір рет, дауыссыз болса екі рет сызамыз.

Оқушылар кезек оқып сөзді тауып жазады, және дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.

(Тақтада орындалады)



Қорытынды:

Қане балалар сабағымызды қорытындылайық, ол үшін тақтада екі қатарда сөздер берілген. Осы сөзерде ы, і дыбыстары не себепті түсіп қалды?





Бағалау. Сабақ барысында жапсырылған смайликтеріне карай бағаланады.

Үйге: 5-жаттығу. 24 бет




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!