Материалдар / Ашық сабақ Ы.Алтынсарин"Дүниеде жамандық неден?" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ы.Алтынсарин"Дүниеде жамандық неден?" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтыра түсу және шығармаларымен таныстыру, жамандық пен жақсылықты ажырата отырып ой-өрістерінің кеңеюіне бағыттау.Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тілдік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының маңызын түсіне білуге, адамгершілікке, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
496
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Ы.Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»

Мақсаты: І.Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін толықтыра түсу және шығармаларымен таныстыру, жамандық пен жақсылықты ажырата отырып ой-өрістерінің кеңеюіне бағыттау.Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.
ІІ. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тілдік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ІІІ. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының маңызын түсіне білуге, адамгершілікке, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: автор суреті мен шығармадағы кейіпкерлердің суреті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
«Қызығушылықты ояту»
2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболестйдіберікатташикібелесілік -бейбітшілік)

Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ-Жақсылық)

Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (мқесйтікртікмхдқі
-мейірімді)
Жіңішке дауысты дыбысты сызып тастап шыққан сөзді оқы ( ідеоөсетиыәқ- достық
)

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
М.Жұмабаев «Түркістан»
ІІІ. Жаңа тақырып өтуге даярлық.Ребус шешу.

«Дүниеде жамандық неден?»






" Дүниеде жамандық неден?" кім қалай түсінеді? Әр топқа парақ таратылып беріледі. Әр оқушы бір сөзбен жазады.Суреттерін көру және қайда өмір сүретіндерін әңгімелету: қарға, жылан, бұғы, кептер.
Бұл қандай жануарлар?
ІV.Жаңа тақырып:
1. Оқушыларды мәтіннің авторымен, шығармаларымен таныстыру. Топтастыру.(педагог, ақын, жазушы)

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру
3. Сөздік жұмыс

Ақжүрек – адал ,ақ ниетті.

Байлаулы – біреуге,бір нәрсеге тәуелді,меншікті

Әр оқушыға тізбектей оқыту
Қарға, жылан, бұғы, кептердің ой-әрекетін топтастыру және мінездеме беру.
Мақал-мәтелдер айтқызу,тақырып бойынша

V.Рефлекция.

Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Смайликтер арқылы сабақты түсінген түсінбегенін сұрау.

VI.Үйге тапсырма. «Дүниеде жамандық неден?»мазмұнын айту

VII.Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!