Материалдар / Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жасалынған. Деңгейлік тапсырмалар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2019
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: .7.1В Зат күйінің өзгеруі

Ы.Алтынсарин атындағы

49 мектеп-гимназия

Күні:11.10.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Турганбаева Баян

Сынып:7ә,б

Қатысқаны: 30


Сабақтың тақырыбы

Физикалық және химиялық құбылыстар.

Лабораториялық тәжірибе №3 «Химиялық құбылыстардың белгілерін тану»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.3. физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

Сабақтың мақсаты

  1. Физикалық және химиялық құбылыстарды белгілеріне қарай ажырату

Бағалау критерийі

1. Физикалық және химиялық құбылыстарды сипаттайды

Тілдік мақсаттар


  1. Көрсетілім бойынша физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін сипаттайды;

  2. Пәндік лексика және терминология

Физикалық және химиялық құбылыс, химиялық реакция, тұнба, газ, булану, балқу.

  1. Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер

Құбылыстар белгілеріне қарай ........ және ............. бөлінеді.

Физикалық құбылыстарға ......

Химиялық құбылыс .............. .............. деп аталады.

Физикалық құбылыстың химиялық құбылыстан айырмашылығы ......................

Құндылықтарға баулу




Лабораториялық жұмыстарды топта орындату арқылы еңбек өнімділігін арттыра отырып жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы дағдысын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану 5 сынып

3.1. Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Алдыңғы білім


5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады















Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10минут


1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Ынтымақтастық орта қалыптастыру. «Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар бір–біріне жағымды тілек айтады.

Топқа бөлу

Қоспаларды бөлу әдістерінің атаулары жазылған қима қағаздар бойынша бөлу.

1-топ. Сүзу

2-топ. Тұндыру

3-топ. Буландыру

І.Білу. «Серпілген сұрақтар»

Жаңа тақырыпты ашу.

«Миға шабуыл»

Құбылыстарға көрсетілім көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Тапсырма:

Оқушылар көрсетілімнен не көрдіңдер?

Бұл кезде қандай өзгеріс болады?

Екі құбылыстың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Бұл өзгерісті ғылыми тілмен қалай айтамыз? Оқушылар күнделікті өмірде қандай құбылыстарды кездестіресіңдер?

Алдыңғы білімді тексеруге тапсырма:

Мұздың еруі, шегенің таттануы, сүттің ашуы, найзағай ойнау, жапырақтың сарғаюы, көмірдің жануы құбылыстарды қандай құбылыстың түріне жатқызуға болатынын атаңдар.

Дескриптор:

- физикалық құбылыстарды анықтайды;

химиялық құбылыстарды анықтайды;

ҚБ: Дұрыс жауапқа «Қол шапалақтау» арқылы бағалау

\

Интерактивті тақта, қима қағаздар,

Сабақтың ортасы

25 минут


ІІ. Түсіну «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Тапсырма.

Оқулықтағы мәтінді оқып, жұппен, топпен талқылаңдар. Бір-біріңе сұрақтар дайындаңдар.

Дескриптор:

Мәтінмен оқып танысады.

Физикалық құбылыстың анықтамасын құрастырады.

Химиялық құбылыстың анықтамасын құрастырады .

Химиялық құбылыстардың белгілерін танып біледі.

Бір–біріне сұрақтар қояды

Қалыптастырушы бағалау:

«Бас бармақ» тәсілі арқылы жеке оқушыларды және сыныпты бағалау.



ІІІ. Қолдану. «Зертте де, зерделе»

Топпен жұмыс.

Химиялық құбылыстардың белгілерін танып білуге

3 лабораториялық жұмыс.

Мақсаты: тәжірибе арқылы химиялық реакциялардың белгілерін көрсету.

Мына реакцияларды жүзеге асырып, есептеріңізді үлгі бойынша жазыңыз. Не байқадыңыз?

Бұл реакциялардың белгілері қандай?

а) NaНCO3 мен СН3СООН. әрекеттесуі.

Натрий гидрокарбонатына сірке қышқылын қосқанда __________бөлінеді.

Демек, бұл ______________________ құбылыс.

b) Көмір немесе қантты жағу

Көмір немесе қантты жаққанда ----------- байқалды. Қорытынды: Реакция белгісі ____________ болады. Демек, бұл _____________________ құбылыс.

c) Мыс (ІІ) сульфатына натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу.

Мыс (ІІ) сульфатына натрий гидроксидін қосқанда __________________ түс пайда болды.

Қорытынды: Реакция белгісі _________ түстен ____________түске өзгеруі арқылы байқалды.

Демек, бұл ______________________ құбылыс.

Дескриптор:

-Химиялық құбылыстың белгілерін айтады;

-Байқалған белгілер бойынша құбылыстардың атауын көрсетеді

Қалыптастырушы бағалау: Керемет,Жақсы,Толықтыр (жазбаша )

IV Талдау. «Суреттер сөйлейді»

Осы суреттердегі құбылыстарды қандай құбылыстың түріне жатқызуға болады? Физикалық және химиялық құбылыс белгілерін салыстырыңыз. Физикалық және химиялық құбылыстарға мысал келтіріп, себебін жазыңыз.

Сіріңкенің жануы -------құбылыс болып табылады

Себебі ----------------------------------------------

Газдалған судан газдың бөлінуі бұл, ---------құбылыс болып табылады

Себебі -----------------------------------------------

Темірдің таттануы,бұл ----құбылыс болып табылады

Себебі ------------------------------------------------

Қардың жаууы,бұл --------құбылыс болып табылады

Себебі ----------------------------------------------------

Ас содасының үстіне ас үйдегі сірке қышқылының ірітіндісін қосқан кезде газдың бөлінуі, бұл ---- құбылыс болып табылады

Себебі ----------------------------------------------------

Дескриптор:

Білім алушы − физикалық құбылыстарды анықтайды; − химиялық құбылыстарды анықтайды; − физикалық құбылыстардың себебін жазады; − химиялық құбылыстардың себебін жазады; − құбылыстарға өзі мысал келтіреді.

V Жинақтау. « Терең ой» тапсырмасы

Күнделікті көріп жүрген құбылыстарды еске түсіре отырып, мына кестені толтырыңдар.

Құбылыстар,олардың мысалдары

Құбылыстың тұрмыстағы, шаруашылықтағы, тіршіліктегі маңызы

Физикалық:

1.

2.

3.

Химиялық

1.

2.

3.


Дескриптор:

Физикалық құбылыс түрлерін атайды.

Физикалық құбылыстардың маңызын жазады.

Химиялық құбылыс түрлерін атайды.

Химиялық құбылыстардың маңызын жазады.

ҚБ: смайликтер арқылы

Оқулық.

Лабораториялық ыдыстар, спиртшам,

Химиялық реактивтер,

Сабақтың соңы

5 минут

VI Бағалау.

Рефлексия «Жеміс ағашы » әдісі арқылы

- керемет, әрі қызықты болды

- түсінікті, сұрағым бар

-түсінбедім

Стикер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Жаңа тақырыпты ашу Миға шабуыл әдісі арқылы жүзеге асты.

« Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы мәтінді оқи отырып, топпен , жұппен жұмыс жасатып, әр оқушының меңгеру деңгейін және қажеттілігін анықтауға болады. Лабораториялық жұмыс оқушылардың практикалық жұмыс жасау дағысын дарытуға негізделген. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқушылар физикалық және химиялық құбылыстар бір-бірінен ажыратып, сипаттай алады.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді дескриторлар арқылы, үздіксіз кері байланыс жүргізе отырып, қателерін түзетуге мүмкіндік жасау, жақсы жауаптарын мадақтау. «Бас бармақ» әдісі оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көретудің, бірін-бірі бағалаудың жылдам тәсілі.



Лабораториялық жұмыс орындаған кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіріп, химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу кезінде оқушылардың денсаулығын және қауіпсіздігін қамту.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді деп ойлаймын.Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?, себебі семинарға қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың өздерінің сабаққа берген кері байланыстарына қарай сабақтың мақсатына жеткендігін аңғардым.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді .

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? 7ә сыныбында уақыт тиімді болды, ал 7б сыныбында уақыт тапшылығы байқалды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болды, себебі әр сыныптың деңгейіне байланысты деп ойлаймын.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылардың тақырыпты жақсы меңгергендігі байқалды.

2:Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды уақытылы қызығушылықпен орындауы.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Оқушылар санынының ықшам болуы.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сыныптың деңгейіне назар аудару керек.

7б сыныбында оқушылардың баяу қозғалатындарын байқадым, тапсырмаларды ықшамдау қажеттілігін байқадым да , тапсырмаларды өзгерттім.



Picture 2

Picture 1 Picture 3 Picture 5



Picture 1















Picture 7 Picture 9



Picture 8 Picture 10



Picture 11 Picture 12



Picture 14 Picture 15



Picture 16 Picture 17





Picture 18 Picture 19

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!