Материалдар / Ашық сабақ: «Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері» 10сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: «Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері» 10сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаттары: 1. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын талдап, оны болашақ өмірмен ұштастырып, балаларға арналған дүниелерді түрлі ақпараттық технологиялар арқылы беру; 2. Балалар әдебиетінің атасы-Ы.Алтынсарин шығармаларының түйінін ұғындыру, сол арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиетін дамыту; 3. Ыбырайдың әңгімелерінің астарындағы түйіннің тәрбиелік мәнін ұғындыру; Әдіс-тәсілдері: шығармаларын өздері оқи отыра талдау, түсіндіру, салыстыру, топтастыру, ізденушілік, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ақпараттық технология Сабақтың түрі: аралас, зерттеушілік, практикалық сабақ Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, түрлі аудио, видио жазылымдар Сабақтың типі: жаңа материалды алдын- ала беру арқылы меңгерту І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, үш топқа бөліп отырғызу (3 мин) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы топты үш бөлікке бөлу арқылы сұралады. Үй тапсырмасын белгіленген кесте арқылы топтастырып сұрау .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1729
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі » ММ

« № 19 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ







Shape1

«Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері»









Өткізген : Т.Р.Калиева

Сабақтың тақырыбы:  Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері

 Сабақтың мақсаттары: 

1. Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын талдап, оны болашақ өмірмен ұштастырып, балаларға арналған дүниелерді түрлі ақпараттық технологиялар арқылы беру;

2. Балалар әдебиетінің атасы-Ы.Алтынсарин шығармаларының түйінін ұғындыру, сол арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиетін дамыту;

3. Ыбырайдың әңгімелерінің астарындағы түйіннің тәрбиелік мәнін ұғындыру;

Әдіс-тәсілдері:  шығармаларын өздері оқи отыра талдау, түсіндіру, салыстыру, топтастыру,  ізденушілік, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ақпараттық технология 
Сабақтың түрі:  аралас, зерттеушілік, практикалық сабақ
Көрнекіліктер:  интерактивті тақта, слайд,  түрлі аудио, видио жазылымдар
Сабақтың типі: жаңа материалды алдын- ала беру арқылы меңгерту 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, үш топқа бөліп отырғызу (3 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы топты үш бөлікке бөлу арқылы сұралады. Үй тапсырмасын белгіленген кесте арқылы топтастырып сұрау .

І топ :Нақты деректерді топтастыру: (Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  – Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» – деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.

ІІ топ «Өнер-білім бар жұрттар...» (Ы.Алтынсариннің өлеңдері) (Алдарына берілген хрестоматиядағы Ыбырай өлеңдері туралы әңгімелеп,жатқа оқып, өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады )

Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз»  өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».

ІІІ топ «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.

ІІІ. Мағынаны ашу: «Ыбырай Алтынсарин –шағын әңгіме шебері».Жаңа материалды алдын- ала берілген тапсырма арқылы меңгерту. 

Мұғалім сөзі:

Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде  жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.


  Шағын әңгімелері. (Оқушылар айтады)
Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.
Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың  пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері. 

Бекіту сабағы бойынша тапсырмалар : Алдын-ала берілген материал бойынша жаңа сабақты тапсырма беру арқылы оқушылардың өздері түсіндіру. «Шығарманы   мазмұндау арқылы тақырыптық талдау»

Ітоп « Аз жұмысты қиынсынсаң,көп жұмысқа тап боларсың» «Әке мен бала». «Талаптың пайдасы» әңгімелерін өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады

ІІтоп « Сабыр түбі сары алтын» «Асыл шөп», «Алтын шеттеуік» әңгімелерін өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады

ІІІтоп « Бай баласы мен жарлы баласы» , «Дүние қалай етсең табылады» әңгімелерін өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады


1) Оқушылардың жұмысын тыңдау.

-  Сонымен бұл әңгімелерде ортақ желі бар ма?

2) Оқушылар пікірін тыңдау.

3)Қорытынды түйін: Әке мен ана –баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екен.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қорытындыға келу.

ІY . Сабақты бекіту.Интерактивті тақтамен жұмыс . Сабақты қорытындылау мақсатында «Ойлан ,тап !...» ойынын өткізу. 

Зияткерлік тест

І топ

Шашылған сөздерден сөйлем құра.Қай шығармадан алынған?

А) ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. (Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.)


ІІ топ

Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендір.


Сәтемір хан

Мына сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен-малдың жас тезегі бар.

Бір уыс мақта

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?

Шеше мен бала

Бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады,орта шеніне барғанда құлап түседі,үшінші рет бар күшін салып қисая-мисая барып тамның төбесіне шығады.

Бай баласы мен жарлы баласы

Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас;

Бақша ағаштары

Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім.Менің бұл ісім сауап емес пе?

 

ІІІ топ

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың............» (азды қанағат етпесең, көптен құр қаласың) «Әке мен бала»


«Күн түссе, күннің, шөп түссе шөптің......» (сәулесі түседі, көңілің де сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын) «Таза бұлақ»

«Бағып-қағуда.....»(көп мағына бар) «Бақша ағаштары»

«Не нәрсенің сыртына қызықпа....» (асылы ішінде болар,) «Алтын шеттеуік»


Тар жерде жолдасын тастап қашатын.... (достармен жолдас болма) «Жаман жолдас»

«Еңбекпен табылған....» (нан тәтті) (Атымтай Жомарт)


Y . Рефлексия «Тілек ағашы»

Y І.  Бағалау.

YІІ.Үй тапсырмасы:

Үйге тапсырма:  1. Ыбырай шығармаларына сүйене отырып, шағын әңгіме жазу.

2. Ыбырай әңгімелерінен біреуін алып, кейіпкеріне хат жазу.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!