Материалдар / Ашық сабақ "Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Ашық сабақ "Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам. Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
5600
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ф-ОИБ-01/15




Шардара қаласы №16 колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы


Оқытушының аты – жөні: Тұңғышбаева Марина Ақылбекқызы


САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №64


Пәні : Қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Білім алушыларға Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
2.Тәрбиелік мақсаты:
Білім алушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты Сабақ барысында білім аушыларды ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.



Сабақтың түрі, әдісі: Аралас сабақ, сыни тұрғыда ойлау оқыту әдісі


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ойын әдіс тәсілдері


Пәнаралық байланыс: тарих,этика


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)

1 Студенттермен сәлемдесу

2 Студенттерді түгелдеу

3 Студенттердің оқу-құралдарын тексеру


2. Үй тапсырмасын тексеру (12 минут)

" Миға шабуыл әдісі"арқылы тест сұрақтары қойылады.

Шоқан Уалиханов туралы сұрақтар

1. Ш. Уалиханов кім? әдебиет зерттеуші,ғалым тілші, ақын аудармашы

2 . Ш. Уалиханов туған жері?1835 жылы. Қостанай облысы,Құсмұрын бекетінде

3. Ш. Уалихановтың білім алған ортасы? А лғашқыда ауыл молдасынан хат таниды.1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды

4.Ш. Уәлихановты « Аққан жұлдыз» деді? С. Мұқанов

5 Ш. Уалиханов еңбектері? «Тәнірі», Қырғыздар туралы жазбалар», «Жонғария очерктері», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», « Ыстықкөл сапарындағы күнделіктері».

6. 1856-1857 ж қай елдерге саяхатқа шықты? Қырғыз еліне, Жоңғарияға, Құлжа қаласына.

7. 1858-1859 ж қай жерге саяхатқа шықты? Қашқария жеріне

8. Қазақ өлеңдерін ғалым нешеге бөлді? Жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең.

9. Шоқанның қазақ ауыз әдебиетінен алған жыры ? « Қозы Көрпеш-Баян сұлу.

.

"Математикалық"ойыны дәптермен жұмыс.

1.Шоқанның дүниеге келуі. 600*3+30+5

2.Қай жылы Омбыдағы кадет корпусында оқыды. 900*2+40+7

3. Қай жылы Орталық Қазақстанды аралайды 450*4+55

4.Қай жылы Черняевке саяхатқа шықты 360*2+64

5. Ш. Уалиханов қай жылы дүниеден өтті 300*6+60+5

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (14 минут)

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би, өз ортасына белгілі, беделді адам болған. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.В. Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саясат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой - өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында) өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді. Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады. Ыбырай Алтынсарин 1876 жылы Н.Н. Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым », - деп жазады. «Мысалдарды енгізгім кемейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін , ал олардың ата - аналары: балаларға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті тәжірибемнен білемін», - деп айта келіп жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңітетін әңгімелер, сондай - ақ қазақ өлеңдерінен іріктелген өлеңдер енгізілетінін жазады. Ы.Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер, кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды. Ы. Алтынсарин қазақ даласында мектептердің көбірек ашылуы, таралуы туралы қазақ ойларын Н.Н. Ильминскийге, В.В. Катаринскийге жазған хаттарынан анық байқаймыз. Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Сонымен қатар көрнекті ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалау үстінде де орасан зор үлес қосты. Ауыз әдебиетінің дәстүрінен қол үзіп, жазба әдебиетінің үлесінде сюжетті өлеңді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі - Ыбырай Алтынсарин. Сондықтан да қазақ жазба әдебиеті тууы сөз бола қалғанда Ыбырай Алтынсаринның қадір есімі кемеңгер Абаймен қатар аталады. Жалғыз поэзия жанрында ғана емес, көркем прозаның қалыптасуына да Ыбырай Алтынсарин ат салысты. Ы. Алтынсариннің шығармалары алғаш рет 1879 жылы Орынбор қаласында «Киргизская хрестоматия» деген атпен жарияланды. Кейін «Махтубат» делініп 1889, 1896, 1899 жылдары арабша басылып шықты: 1906 жылы А. Васильевтің редакциясымен жарық көрді. Совет жылдарында жеке кітап боп 1935, 1948, 1955 жылдары сан рет басылды.

Оқулықпен жұмыс.Білім алушыларға ақынның өмір жайлы оқып шығуыа 2 минут уақыт беріледі.
Жаңа сабақты пысықтау(12 минут).
Кім тапқыр ойыны.

Ақынның өлеңдерінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған сөзді табу.

1.Таулардан өзен ағар    ........ (сарқыраған)

Айнадай сәуле беріп ...........  .(жарқыраған)

Жел соқса, ыстық соқса  бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты .........  .(арқыраған)

2. Өнер -  білім бар жұрттар,

Тастан сарай   ...........  . (салғызды)

Айшылық алыс ............   (жерлерден),

Көзіңді ашып жұмғанша,

Жылдам хабар  .........  . (алғызды)

3. Көңілің суын ішсең,   ..........  . (басылады)

Денеңде бар дертіңді   ............  . (қашырады)

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат  тауып,  ............  .  (басылады)

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге  ...........    . (бас ұрады)


Ақынның «Өзен» өлеңнің құрылысына қарай талдау жасау.

3 2 2 4

Таулардан // өзен ағар // сарқыраған, - 11

3 2 2 4

Айнадай // сәуле беріп // жарқыраған. - 11

1 2 2 2 1 3

Жел соқса, // ыстық соқса, // бір қалыпта, - 11

3 1 1 2 4

Аралап // тау мен тасты // арқыраған. - 11

Өлең 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ, 11 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.

Дәптермен жұмыс.
Ақын шығармашылығы жайында сұрақтарға жауап жазу .
1.
Ыбырай қай жерде қай жылы туылды? 1841ж Қостанай обл
2.
Білімге шақырған өлеңдері?
«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»
3. Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».
4.
. Әлеуметтік теңсіздік арналған өлеңдері?
.«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері»
5. Ыбырай Алтынсарин кім?

6.Ыбырайды атасы бауырына неліктен басты, атасының тәрбиесінде болудың себебі. 7.Ыбырай алғашқы қазақ даласында ашылған мектепте неше бала оқытты.

.Сабақты қорытындылау: ( 5 минут)
Бүгінгі сабағымызды БББ кестесін толтырумен қорытындылаймыз.
Білдім, Білемін, Білгім келеді.
4-топтан нені білгісі келетінін сұраймын.

«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», - деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырайдың арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді.
Кімде – кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Ыбырайдың өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.

Бағалау: (2 минут)
Сабақта белсенділік танытып, тапсырмаларға дұрыс жауап берген студенттерді бағалаймын.
Үй тапсырмасы: ( 2 минут)

1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!