Материалдар / Ашық сабақ "Ыбырайдың асыл арманы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ыбырайдың асыл арманы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин : «Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу» деген өлеңі жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеуі ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай? Олар сол өнерімен нені игеріп отыр? Ертеңгі өмірдің талап-тілектері не ? ... секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2018
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




1-слайд Ыбырайдың асыл арманы. Жанына жәрдем беріп хақ тағалам,

Жас бала Орынборда білім алған.

Оқуға көңіл бөліп ықыласпен,

Арманы – мектеп ашу , оның болған.

2- слайд. Басты қағидасы Атамыз өз халқының өміріне мәдени жағынан іргелі өзгеріс кіргізуді армандап бірнеше мектеп ашты. Оқушыларға арнап оқу құралдарын, программалар, нұсқау хаттар жазды Оның ұстанған басты қағидасы - баланың жеке басын қадірлей отырып,оны ізгілікке, қайырымдылыққа жұмылдыру болды.

Біріншіден, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципін көздей отырып,тұлғаны өмір сүрген қоғамына қатысты халықаралық қатынасқа бейімдеу.
Екіншіден, жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.

Үшіншіден, жастардың, әсіресе, мектеп оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруімен бала түйсігін жүйелілікпен қалыптастыруға тырысқан.

3-слайд Домбырасыз ән қайда.. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз.Олай болса, Ыбырай әңгімелерінде  жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.


4-слайд   Бағып – қағуда көп мағына бар...  Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару - Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз.

5-слайд «Кел, балалар, оқылық» Оның күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің неге тұрады?! Бабамыздың бұл өлеңін жаттап өскен әрбір қазақстандық азамат тамаша педагог есімін әр кез қастерлеп, асыл мұрасынан рухани нәр ала бермек.

6- слайд «Өнер – білім бар жұрттар...»

Ыбырай Алтынсарин : «Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу» деген өлеңі жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеуі ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай? Олар сол өнерімен нені игеріп отыр? Ертеңгі өмірдің талап-тілектері не ? ... секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Атамыздың сол кездегі «Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді» деп жырлаған арманы бүгінгі таңда Елбасымыздың ерен еңбегінде өз жалғасын табуда. Озық тәжірибелер мен техниканың тілін меңгеру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қаншама шәкірттер білім нәрімен сусындауда. Арқаның өр төсінен қоныс тепкен Астанамыз өнер мен білімнің арқасында төрткүл дүниеге танымал болып отыр. Алдағы уақытта талапты жастарымыздың арқасында бұдан әрі де көркейе бермек



7- слайд. Шабытым бар шыңға қарай өрлеген

Өн бойымды казақ рухы кернеген.

Ыбырайдың ұстанымы бар менде,

Шәкірттерді надандықтан емдеген- дей келе , 1991 жылы ауданымызда алғаш ашылған қазақ мектебінің табалдырығын аттаған дәл 14 оқушының тағдыры менің қолыма сеніп тапсырылған болатын. Сол уақыттан бастап шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, адамгершілік қасиеттерін дамытуда Ыбырай атамыздың асыл арманы мені алға жетелеп келеді.

8- слайд Көзімнің үміт еткен нұры , балам...(Балғожа би)

Ұлы ағартушы  қандай да бір ізгі, жақсы қасиеттің барлығы сеніммен, таза жүрекпен жасалу керек, яғни адамда ең алдымен иман болу керек дейді. «Біз болмасақ, сіз барсыз, үміт еткен достарым, сіздерге бердім батамды» деп, қазақ жастарынан үлкен үміт күтті.

Біз ,отбасында ардақты анамыз, қоғамда Ыбырай атамыздың ізбасарларымыз. Жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқушылардың Білім, Білік, Дағдыларын жетілдіруде үкілеп өсіріп отырған көзіміздің ағы мен қарасы, Отанымыздың болашақ иелерін тәрбиелеу барысында Ұлы ағартушының еңбектерін басшылыққа аламыз. Жас өспірімдердің жан дүниесін, ақыл – ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу, мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті екенін естен шығармаймыз.



 

 

 

 

 

 


.,













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!