Материалдар / Ашық сабақ "Ызғарлы қыс"

Ашық сабақ "Ызғарлы қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғат тамашаларымен таныстыру. Қыс мезгілінің ерекшеліктері жөнінде түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Мерзімі: 26.01.2020

« Әлеуметтік орта » білім беру саласы

Тақырыбы: «Ызғарлы қыс. »

Бөлімдері: «Экология негіздері » Мақсаты: Балаларды қыс мезгілін сипаттау арқылы табиғат тамашаларымен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жөнінде түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру арқылы табиғаттың әсемділігін көре білуге және табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Қар, су құйылған, мұз, қатырылған ыдыстар, қыс көрінісі суреттер.

Қостілділік компоненттері: Қар- снег, су- вода, мұз- лед, қыс- зима, аяз- мороз, аққала- снеговик.

Іс - әрекет кезеңдері.

Тәрбиеші қызметі

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар бүгін біздің топқа көптеген қонақтар келіпті. Қонақтардың келгеніне қуанып, сәлемдесейік.


Таңғы тілектер.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын.

Балалар аман болсын,

Қазақстан жайнай берсін.


Жақсы, енді орнымызға отырамыз

Балалар өлеңді хормен айтады.








Шеңберге тұрып барлығы бірігіп айтады.

Ұйымдастыру - іздестіру

Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаймыз.

Шанамен сырғып жүретін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Жарайсыңдар балалар, өткен сабаққа шолу жасау.

1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

2. Қыс мезгілінде неше ай бар?

3. Қазір қай ай?

4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?


Ал енді бүгінгі сабағымызда осы қыс мезгілі жайында тақырыбымыз: Ызғарлы қыс.

Сиқырлы кигіз үйдің жұмбақтарын.

Мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырамын. Жұмбақтың шешуін тауып, оның жылдың қай мезгіліне байланысты екенін айтыңдар.

1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

2. Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

3. Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті.


Жарайсыңдар балалар. Жұмбақтар қай мезгілге байланысты екен.

Тақтадағы суретке назар аударайық.

Қысқы орман, қысқы көріністер туралы балалардың әңгімесі.


Қыс туралы тақпақтар кім біледі?


Жарайсыңдар, бәрекелді.

Енді орнымыздар тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнайық,

Суық өтер қолбақтан.


Орнымызға отырайық. Енді Даяна бізге жұмбақ жасырғысы келіп отыр екен, тыңдап көрейік. Кәне шешуін кім табар екен.


Таңғажайым сәт

Топқа көңілді әуен мен Аққала келеді, қолында шелегі бар.

Аққала: Мен аққала, ақбала,

Келіп қалдым бақшаға.

Екі көзім кап- кара,

Көргің келсе сен қара.


Сәлеметсіңдерме балалар. Бәрің тамаша өсіпсіңдер. Далаға қараңдаршы қар жауып тұр, таза ауа, балалар ойнап жүр.

Сендер білесіңдерме қыста қандай ойындар бар?

Аққала мұңайып: Жоқ балалар қазір аққала жасамай қойды. Сендер бақшаның қасынан аққала көрдіңдер ма?


Аққала сен ренжіме біз саған балалармен бірге көп аққала жасап береміз, солай емеспа балалар.


Аққала: Мен қуаныштымен балалар маған аққала жасап беретін болды. Менің оларға әкелген сыйлығым бар.


Ал балалар енді қимылды ойын ойнайық. Кім жылдам?

Ойынның шартын түсіндіру.


Енді аққалаға арнап тақпақтар айтып берейік.


Аққала: Мен кетейін мына жер тым жылы екен.(орны су болып тұрады) Шелегін тастап кетеді.

Балалар қараңдаршы мына жер су болып қалыпты. Осы аққала неден жасалады?

Ал қар неден пайда болады?


Мына ыдыстағы қарды ұстап көріңдерші қандай екен?

Саусақтарың нені сезді?

Балалар олай болса аққаланың неден қорқып кетіп қалғанын білу үшін тәжірибе жасап көрейік.

Қарды шыны ыдысқа салып жылы жерге қою керек. Жылы жердегі ыдысты әкеліп қардың суға айналғанын көрсету.

Сонымен аққала неден қорқып кетіп қалды.

Су қандай? Суға қарау.


Балалар тағыда тәжірибе жасап көрейік. Суды қатырып қайтадан қарға айналама?

Соны көрейік. Ыдыстағы суды салқын жерге қою.

Тәжірибе нәтижесін қарау, суымыз салқын жерде тұрса қарға айналмай, мұзға айналады.

Мұз қандай?

ТСО-ға қараймыз




Қыс.






Қыс


Үш

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қаңтар


Күн суытады, қар жауады, аяз, боран болады.






Қар

Аяз

Қар


Қысқа







Аяжан, Жан,Айюб,Даяна әңгімелейді.


Аяжан,Алина,Аяжан, Айюб.






Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен таналы

Қыста қардан жасалған

Тауып көрші сен оны



Аққала














Шанамен сырғанау, шаңғы тебу, аққала жасау.


Жоқ




Иә












Ойынды төрт бала ойнайды.


Ажар, Аяжан






Қардан


Бұлттан


Суық, аппақ

Суықты








Жылы жерде еріп кетем


Иісі жоқ, сұйық, мөлдір



Балалар жұмбақтар жасырады.

Ақнұр, Мейіржан.




Суық, қатты, жылтыр, мөлдір

Рефлексивті - түзетушілік

Балалар бүгінгі сабағымызда қандай мезгілді айттық? Қыс жайында орысша сөздіктер қайталаймыз. Қыс-зима,қар-снег, мұз-лед, аяз- мороз, аққала-снеговик, су-вода.

Қыс туралы өлең оқу.

Балалар бүгінгі іс- әрекетіміз ұнадыма.

Ендеше балалар табиғатымызды аялайық, оған қамқор болайық.

Мадақтау, марапаттау. Аққаланың сыйлығын тарату.


Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Балалар сөздерді қайталайды. Қыс мезгілінде болады.




Ұнады








Хормен айту:



Күтілетін нәтиже:


Нені біледі:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін .

Игереді: Қардың ерігенінен судың пайда болатынын.

Меңгереді:Қыс мезгілінде ауа райының суытып аяз болатынын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ