Ашық сабақ Заттың тығыздығы 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Заттың тығыздығы 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құрылған. 7-сыныпқа сабақ жоспары ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.


Picture 6



Дүзбатырова Рима

Жаңабайқызы

ІІ санатты физика пәнінің мұғалімі




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А Тығыздық

Сабақтың тақырыбы

Заттың тығыздығы және өлшем бірлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4 Тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық=масса/көлем формуласы бойынша есеп шығара білу;

7.2.2.7- сұйықтың және дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің тығыздығын анықтау әдісін сипаттау;

7.1.1.3- туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату

Сабақтың мақсаттары

  • Зат тығыздығының физикалық мәнін түсіну;

  • Тығыздықты тығыздық=масса/көлем формуласы бойынша есеп шығара білу;

Жетістік критерийлері

  • Тығыздық түсінігін, өлшем бірлігін, белгіленуін, формуласын біледі;

  • Есеп шығаруда формуласын пайдалана алады;

  • Өлшем бірліктерді ХБЖ-не аудара алады

Тілдік  мақсаттар

Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттары:

Оқылым дағдысы: Берілген тақырып пен формулалармен жұмыс.

Айтылым дағдысы: Тығыздық шамасының анықтамасын, формуласы мен өлшем бірлігін, өлшейтін құралын әңгімелейді.

Жазылым дағдысы: тығыздықтың белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын белгілеп , есепті шығаруда қолданады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім қарым-қатынас үшін жайлы, достық ахуалды жасайды;

  • Мұғалім мен оқушылар бірігіп топпен жұмыс істеудің мақсаттарын, ережелерін және критерилерін анықтайды

Академиялық адалдық және айқындық:

  • Мұғалім және оқушылар өздерін, бір-бірін, топты ашық бағалайды, бағыны негіздейді, кері байланыс жасайды

Өмір бойы оқу:

  • Тақырып, тарауды оқытудың, оқу жоспарының бірізділігін сақтайды.

Пәнаралықбайланыстар

Математика (ізделініп отырған шаманы формуладан өрнектеу)

Химия (заттардың құрылысы)


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқыбілім

Оқушылар осы уақытқа дейін «Жаратылыстану» бағдарламасынан заттың құрылысы жайлы біледі

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин















Сабақтың ортасы

28 минут


























































І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Сабаққа қатыстарын тексеру. Сабақтың мақсатын айту.

«Қолшапалақтау» тренинг

(Жағымды көңіл-күй ахуалын тудыру)

  1. Бүгінгі сабаққа дайынсыңдарма?

  2. Жоқ мен дайын емеспін, маған бәрібір

  3. Үй тапсырмасын оқыдым

  4. Берілген тапсырмаға дайындалған жоқпын

  5. Физика сабағы сендерге ұнайды ма?

  6. Физика сабағы сендерге ұнамайды

  7. Бүгінгі сабаққа көңіл күйіміз тамаша ма?

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру.

«Команда таңдау» тәсілі бойынша топқа бөлу

  1. топ Масса

  2. топ Көлем

ІІІ. Үй жұмысын тексеру:

«Сіз қаншалықты сенесіз?» тәсілі.

Мұнда өткен сабақта өткен тақырыптың дұрыс және бұрыс тұжырымдары мен түйін сөздері беріледі

1. Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу б.т +

2. Өзара әрекеттесуге бір дене қатысады. –

3. Өзара әрекеттесу – күрделі құрылыс. +

4. Денелердің әрекеттесуі кезінде жылдамдығының өзгеруі инерция деп аталады. –

5. Масса – денелердің инерттілігінің өлшемі. +

6. Масса бірлігі ретінде литр қабылданған. –

7. Сұйықтың көлемі спидометрмен өлшенеді. –

8. Дененің массасы таразымен өлшенеді. +

9. Массаның бірлігі ретінде кг қабылданған +

10.Көлемнің өлшем бірлігі м3 қабылданған +

Рисунок 6











Бағдаршам арқылы өз-өздерін бағалайды.


9 – 10 жасыл бағдаршам

6 – 8 сары бағдаршам

3 – 5 қызыл бағдаршам



«Миға шабуыл» әдісі

Проблемалық сұрақ.

1.Неге көлемі бірдей денелердің массалары әр түрлі?

2.Ал массалары бірдей денелердің көлемдері әр түрлі? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар?

Сонымен, бұл қандай екі шаманың арасындағы тәуелділік деп ойлайсыңдар?

Сонымен масса мен көлем арасындағы қатынас тығыздық деген жаңа бір физикалық ұғымды береді. Ол ρ (ро) әрпімен белгіленеді.

1 - тапсырма.Оқушылар топтасып «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы өз тақырыптарын қорғайды және тәжірибе жасап

көрсетеді



















І топ: Тығыздық. Картамен жұмыс.

ІІ топ: Масса. Көлем. Пирамида құру.

ҚБ:2 жұлдыз, 1 тілек

(топтар бір-бірін бағалайды)






Сергіту жаттығуы:

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).


Презентация

Слайд














Қосымша 1










































2-тапсырма.

1

1. 63-суреттегі шарлардың массасы өзара тең. Заттардың тығыздығы бірдей ме?

2. Ас тұзының ірі кесектерінің тығыздығы 2160 кг/м8, ал майдаланған ұнтақтарының тығыздығы 800 кг/м3. Неге?

3. Газ күйдегі сутектің тығыздығы 0,09 кг/м3, ал сұйык күйінде 69 кг/м3, қатты күйінде 80 кг/м3. Сутек тығыздығынын өзгеру себебі неде?

4. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?

5.Жиналған шөп массасы 40 кг және мөлшері 90х 40х55 см. Осы престелген шөптің тығыздығын табыңдар.

2

ρ

m

V

a

b

c

1

19000 кг/м3

5кг

?




2

1800 кг/м3

?

3,75дм3




3

?

3кг


20cм

2см

50дм






















3 Көңілсіз Жиенбай көке өзіне сорпа пісірмекші болыпты, бірақ ол сорпа емес жасыл түсті быламық пісіріпті. Жиенбай көке сорпаның дәмін көруге қорқып тұр. Сорпаның көлемі -0,001 м³ массасы – 1 кг 300 г. Жиенбай көкенің сорпасының тығыздығын табыңдар.







«Бас бармақ » әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Қосымша №2














Қосымша №3



















Қосымша №4







Сабақтың соңы

7 минут

«Тақырыптың түйінді сөзі» әдісі (артық сөзді алып тастау)

Көлем бірлігіндегі заттың массасына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.

Үйге тапсырма: §15 Заттың тығыздығы

«Табыс сатысы»

- Мен............................................ білемін;

- Мен.......................................... түсіндім

- Мен өмірде ...............................қолданамын

Сабақ аяғындағы көңіл күйіңіз қандай?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
896
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі