Материалдар / Ашық сабақ:Автомобильдің құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ:Автомобильдің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Автомобиль құрылысының жолдары мен олардың кейбір бөліктері көлік қозғалысындағы апаттардың орын алуына құрылысын білуі керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
509
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ



«ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

Shape1













Тақырыбы: «Автомобильдің құрылысы»



Дайындаған: Асылбекова Д.К.



«Бекітемін»

директордың оқу және

өндірістік оқыту істері

жөніндегі орынбасары

Балтабекова А.Т.

___________

Сабақтың тақырыбы: «Автомобильдің құрылысы»

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: Автомобиль құрылысының жолдары мен олардың кейбір бөліктері көлік қозғалысындағы апаттардың орын алуына құрылысын білуі керек.

ә) тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, өз Отанын сүюге баулу, ұжымда жұмыс істеп, жанындағыларға құрмет көрсете білуді үйрету, мәдениетті болу қағидаларын үйрету;

б) дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дағдыландыру, еріктілікті, белсенділікті қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін жан-жақты кеңейту.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта , комьпютер, құжат үлгілері

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Сабақтың барысы:

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгелдеу

  3. Оқушылардың оқу құралдарын тексеру

  4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



  1. Кіріспе бөлім



Көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруда жол құрылысы мамандарының үлесі зор. Автомобиль жолдары мен олардың кейбір бөліктері көлік қозғалысындағы апаттардың орын алуына негізгі себеп болуы мүмкін. Жолдың беті мен автомобиль дөңгелегі арасындағы байланыстың жетілдірілген тәсілдерін табуда ғалымдар мен мамандар кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай ізденістердің нәтижесінде автомобильдер мен жолдарды байланыстыру туралы нұсқаулар да шығарылған. Мұндай нұсқаулар негізінде жолдардың сапасын арттыру, нақты есептеулер арқылы жол құрылысында пайдаланылатын шикізаттар құрамын анықтау сияқты мәліметтерді болашақ жол құрылысшысы жақсы білуге тиіс. Осы нұсқаулар ескеріле отырып салынған жолдар көлік қозғалысы кауіпсіздігін арттыруда зор рөлге ие.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, салынған жол бетінің сапасы ІІІ-V санатта болса, онда автоапаттар 40—50%, жоғары санатты жолдарда автомобиль дөңгелегімен жол бетінің арасындағы ұстасудың нашарлығы нәтижесінде апаттар 60—70% кұрап отыр.

Жолдың бет қабаты мен автомобиль дөңгелегінің ұстасуы жолдың сапасына ғана емес, сондай-ақ резинаның сапасы мен ауа райы жағдайына да байла-нысты болып келеді.

Олардың ішінде ең маңыздысы — жолдың бет қабатының сапасы жақсы болуы, мұның өзі ұстасу коэффициентінің өзгеруіне әсер етеді.

Жолдың бет қабаты:

Құрғақ немесе ылғал беті: — 150—200;

Лас немесе шаң-тозаң беті: — 200—500;

Суға шайылған беті: — 200—1000;

Тегіс немесе ылғал әрі кедір-бұдыр: — 250—3500.

Дөңгелек резинасының жол бетімен ұстасу сапасы ең алдымен материалдың түріне және оның кедір-бұдырлығына және жолдың геометриялық көрсеткішіне байланысты. Алайда жолдың кедір-бүдырлығы жол қозғалысының дыбысы мен автомобильдің тербелу дәрежесін арттырады. Осы себепті жолдың кедір-бұдырлығын есептегенде, оның жетік дәрежесінде болуын қамтамасыз ету қажет.

Автомобильдің жалпы құрылысы. Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш. Шанақ жүргізушіні, жолаушылар мен жүкті орналастыруға арналған. Автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанағы деп жүргізуші мен жолаушылары бар салонды айтады. Жүк автомо- бильдерінде шанақ жүргізушінің жұмыс орны болып саналатын кабинадан, жүктерді және жолаушыларды (борттық платфор- ма болған жағдайда) тасымалдауға арналған платформалардан тұрады. Шасси үш механизмнен тұрады: трансмиссия, қозғалыс бөлігі және басқару механизмі (В1 сурет).

Трансмиссия қозғалтқыштың иінді білігінен автомобильдің жетекші доңғалағына дейін айналу кезін жібереді. Оның құрамы- на ілінісу муфтасы 3, беріліс қорабы 4, карданды беріліс 5, басты беріліс 6, дифференциал 7, доңғалақтың жетекті біліктері кіреді. Автомобильдің қозғалыс бөлігіне рама 10, аспалар 2 және8, амортизаторлар, 1 және 9 доңғалақтары, алдыңғы білік және артқы белдік қаптамасы кіреді. Автомобильдің басқару механизміне тежеуіш пен тізгінді басқа- ру 11 жатады. Тежеуіш автомобильдің қозғалыс жылдамдығын Қозғалтқыштар туралы жалпы мәліметтер. Автомобиль- дерде іштен жанатын қозғалтқыш деп аталатын піспекті қозғал- тқыштар қолданылады. Мұндай қозғалтқыштарда жанармай жанғанда бөлінетін жылу механикалық жұмысқа түрленеді. Іштен жанатын автомобиль қозғалтқыштары келесі қасиеттер бойынша бөлінеді:

міндеті бойынша — көліктік және стационарлық. Көліктік қозғалтқыштар автомобильдерге, сондай-ақ, өздігінен жүретін ма- шиналарда орнатылады. Стационарлық қозғалтқыштар стационар- лық күш қондырғыларында жұмыс істеуге арналған;

жұмыс кезеңін жүзеге асыру әдісі бойынша — төрт тактілі және екі тактілі. Барлық заманауи автомобильдерде төрт тактілі қозғалтқыштар орнатылады. Екі тактілі қозғалтқыштарды әдетте қуаты төмен көлік құралдарында (мотоцикл мен мотоарбашаларда) қолданылады;

қоспаның түзілу әдісі бойынша — ішкі (карбюраторлық) және сыртқы (дизельдер) қоспа түзілуі бар. Карбюраторлық қозғал- тқыштарда жанармай қоспасы карбюратор деп аталатын арнайы құралда бензин буы немесе жанармай газдары және ауадан пайда болады, дайын күйінде қозғалтқыш цилиндріне жіберіледі. Дизель- де сұйық жанармай үлкен қысыммен цилиндрге бүркіп, ол жерде бүрку, булану мен тұтану болады;

жұмыс қоспасының тұтану әдісі бойынша — электр ұшқыннан тұтану (карбюраторлық және газ) және ауаны (дизельді) қатты сығу кезінде пайда болатын жоғары температура әсерінен тұтану;

қолданылатын жанармай түрлеріне байланысты қозғал- тқыштарды екі негізгі топқа бөледі: сұйық жанармаймен және сығылған әрі сұйытылған газбен жұмыс жасайтындар. Бұдан бөлек, бірінші топта сұйық отынның жеңіл сұрыппен (бензин, бензол, керосин, лигроин және спирт) және сұйық отынның ауыр сұрыптарымен (дизельді отын) жұмыс істейтін қозғалтқыштарды атап өтуге болады;

цилиндр саны бойынша;

цилиндрлердің орналасуы бойынша: бір қатарлы — цилиндр- лердің тік орналасуымен; V-тәрізді — цилиндрлердің 90° бұрышта орналасуымен; оппозитті — цилиндрлердің 180° бұрышта орнала- суымен;

цилиндрлерді жаңа зарядпен толтыру әдісі бойынша: үрле- мелі және үрлемесіз қозғалтқыштар;

салқындату әдісі бойынша — артық жылуды бұру салқын- датқыш сұйық көмегімен немесе цилиндрді ауамен үрлеу әдісімен жүзеге асады.





Қозғалтқыштың жалпы құрылысы. Іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың құрамында екі механизм бар: қос иінді-шатунды және газ тарататын, сондай-ақ салқындату, қуат көзі, отал- дыру, қосу және майлау жүйелері. Қос иінді-шатунды механизм газ жарылысының күшін алуға және піспектің тура сызықты қайтарымды-берілісті қозғалысы- ның иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналуға арналған. Қос иінді- шатунды механизмнің негізгі бөлшектері болып ци- линдр блогы, цилиндр блогының бастиегі, картер, картер тұғы- рығы, иінді білік, шатундар, піспектер, піспекті сақиналар, пі- спекті сұққылар мен сермер саналады. Газ таратушы механизм цилиндрге жанармай қоспасының уақытында жіберілуіне және пайдаланылған газды шығаруға жа- уапты. Газ тарататын механизмге тарататын білік, итергіштер, штангалар, рокер өзегі, рокер, клапандар, клапан өзегінде бекіту- ге арналған тетіктері бар клапандар серіппесі жатады. Қозғалтқыштың салқындату жүйесі артық жылуды бұруға және 80 ...95 °С аралығында температуралық режимді сақтап тұруға арналған. Қозғалтқыштың салқындату жүйесінің екі түрі бар: қоршаған ортаға жылуды сұйықпен бұратын және артық жылуды қозғалтқыш цилиндрлерінен ауамен үрлейтін. Салқындатудың сұйық жүйесінде радиатор, сорғы, термостат, цилиндрлерді салқындату рубашкасы және радиатор жалюзилері бар. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қозғалатын тетіктерге майды беру үшін, үйкелісетін беттерден үйкелісу заттарын жою үшін және үйкелісетін тетіктерді салқындату үшін керек. Жүйенің негізгі құралдары май қабылдағышы бар май сорғысы, майды тазалау сүзгілері, май радиаторлары, қозғалтқыш картерінің вентиляция жүйесінің бөлшектері, магистралдер мен құбырлар болып табылады.

Карбюраторлық қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесі қозғалтқыш цилиндрлаерінен бөлек жанармай қоспасын дайындау үшін және оны цилиндрге жіберу үшін қажет. Жүйенің негізгі құралдары болып жанармай багы, карбюратор, күрделі және ақтап тазарту сүзгілері, жанармай сорғысы, ауа сүзгісі, кіріс және шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш саналады. Дизельдің қуат көзі жүйесіне отын багы, күрделі және ақтап тазартудың жанармай сүзгілері, төмен қысымды басқылайтын сорғы, жоғары қысымды жанармай сорғысы, бүріккіштер, ауа сүзгісі, шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш құбыры мен бәсеңдеткіш. Оталдыру жүйесі қозғалтқыш цилиндрлерінде жұмыс қоспасының тұтануына арналған. Дизельдерде оталдыру жүйесі болмайды, себебі жанармай қоспасының тұтануы қатты сығылу салдарынан ауаның жоғары температурасы әсерінен болады. Қосу жүйесіне қозғалтқыштың қосуын жеңілдететін құралдар кіреді.

Негізгі бөлім

1. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, компьютерге отыру

2. Автомобильдің құрылысымен танысу

3. Қозғалтқыштың жалпы құрылысын меңгеру

4. Студенттерге жеке-жеке көмек қөрсету



  1. Қорытынды



  1. Студенттердің жұмыстарын талдау

  2. Студенттерді бағалау

Аға шебер: Сәбден М.Ш.

Өндірістік оқыту шебері: Асылбекова Д.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!