Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ"Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы"11-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шойбекова Нурипа Темірбекқызы.
Оңтүстік -Қазақстан облысы
Арыс қаласы.
Шағыр елді мекені.
А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі.
Жаныңда жүр жақсы адам.
Мақсаты: Бүгінгі елдігіміз бен ерлігімізді айшықтаған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы шеңберінде мектебімізде Арыс өңіріне танымал ардагер қажы-ұстаз Жұмабек Қансейітов атамыздың ерен еңбегін насихаттай отырып ұрпақты патриотыққа тәрбиелеу; ұстаздың өміріне деген қызығушылығын ояту, оқушыларды озық ойлы болуға , білімді, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: кездесу.
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекілігі: слайд, дискілер, үнтаспа, портрет, бүктемелер, даналық сөздер, кітап көрмесі.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, зейнеткер ардагер ұстаздар!
Бүгін біз сіздермен Халықтық ағарту ісінің озаты,Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері ,Еңбек ардагері, Арыс қаласының Құрметті азаматы, қажы, «Шағырым – шаттық мекенім» кітабының авторы, Шымкент қаласында өткен «Үлгілі отбасы» отбасылық сайысының бірінші орын жүлдегері Жұмабек атамен Батыр ана «Алтын алқа» иегері 10 қыз, 2 ұлды дүниеге әкелген ардақты ана Нүрила әжемен кездескелі отырмыз..
Диана:
Сәлемдесу атадан қалған салтымыз.
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Білім беріп шаршамаған қыс жазы.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,
Үлкен кіші , жасымыз да кәріміз,
Келіңіздер қадірменді қонақтар,
Кездесуге шақырамыз бүгін біз.
Мұғалім: Бүгінгі кеш кездесу кеші болғандықтан осында ұстаз ағамыз Жұмабек пен Нүрила апа келіп отыргандықтан сұрақ-жауап алуға, арнау, естеліктер, тілек айтуға болады.
Диана:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға дегендей кезекте Нурипа апайдың ұстазға арнауы.
Арнау:
Арыстың өңірінде атың мәлім
Жұмабек ата –қажы боп жүрген аулың
Ұстаздық етіп талай ерінбестен
Тамсандыра ұқтырған тарих мәнін
Бүгінде болып тұрсыз зейнет жаста
Бұл күнді калайша біз тойламасқа
Ұстазындай пір тұтар барлық ұстаз
Өзің жүрген Шағырдай ауылыңда.
Шағырдың нар тұлғасы ардақтысыз
Арысы құрметтеген тарланысыз
Өмірді еңбегімен өрнектеген
Бүгінде қажы ата атаныпсыз.
Тер төккен ұлағатты ұстазсыз сіз
Дархан дала төрінде шаттаныңыз
Жалынды жастар сізді үлгі тұтсын
Елімнің еркесі боп шарықтаңыз
Өсіріп алтындай ғып ұл мен қызды,
Ата-ана армандары орындалды
Нүрила апа ешқашан қартаймасын
Бал бұл жайнап күлімдеп арамызда.
Диана: Көшкен елдің жұртында ,
Шала сөнген күл жатыр.
Кәріліктің сыртында,
Жылжып өткен жыл жатыр, дегендей ендігі кезекті оқушыларға берейік. Бізді атаның өткен өмір жолымен таныстырсын.
Диана: Қансеитов Жұмабек 1938 жылы мамыр 21 жұлдызы күні ОҚО Арыс ауылына қарасты 44-разъезде (Шағыр станциясында) теміржолшының жанұясында дүниеге келген. 1964 жылы разъезден жаңадан бастауыш мектеп ашылған. Ол мектеп №71-ші Ташкент темір жолына қарасты қазақ бастауыш мектебі болып ашылған. Сол мектепті әр түрлі жастаға 12 бала табалдырығын аттаған. Соның біреуі 8 жастағы Жұмабек Қансейтов болған.
Еркебұлан: Бастауыш мектепті бітірген соң Жұмабек ата Арыс станциясындағы №21-ші 7-жылдық темір жол қазақ мектебіне 5-ші сыныпқа барып оқиды. Сол Жұмабек ата оқыған №21-ші 7 жылдық мектептен 8 жылдық, 9 жылдық, 10 жылдық болады. Сол мектепті Жұмабек ата тұңғыш 10 жылдықты бітіруші болып шығады.
Аяна: Жұмабек ата 10 жылдық мектепті бітірген соң өзінің ауылындағы өзі оқыған бастауыш мектепке мұғалім болып жұмысқа кіреді. Сол өзінің мектебінде 40 жыл үздіксіз еңбек етеді. Бұрын Арыс станциясы мен Ташкенттің аралығындағы бір темір жол болған. 1952 жылы Арыс станцисы мен Ташкенттң арасына екінші темір жол салына бастады. Сол кезде 44-разъезден Бадам станциясына дейін жаңа темір жол салына бастады. Ол жол 1958 жылы бітті. Сол жылдан бастап 44-разъезд Шағыр станциясы деп аталады.
Ербосын: Сол жылдан бастап темір жол Ташкент темір жолынан алынып Қазақстан темірж жолына қарады. Шағыр станциясы 3 (үш) жолдың торабы болып қалады. Мектеп ашылған кезде 44-разъезде 20 (жиырма) шақты жанұя болған. Кейін станция мәртебесін алған соң халық көбейе бастады.
Амина: Қансеитов Жұмабек 1968 жылға дейін осы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы мектепте істеп жүріп Шымкент қаласындағы Надежда Крупская атындағы Педагогикалық институттық тарих факультетін бітірді. Сол кезде оқушылар саны жүзден асты. Балалар бастауыш мектепті бітірген соң басқа жерлерге барып оқитын болды.
Нұрсат: Жергілікті халықтарды тұрақтандыру үшін, халықтың санын көбейту үшін, балалар өз ауылында оқу үшін 8 жылдық мектеп қажет болды. Қасиетов Жұмабек сол кезде жергілікті кеңестің депутаты болып сайланды. Жұмабек сол депутаттық міндетін пайдаланып жоғарғы жаққа жығып ауылдан 8 жылдық мектеп ашуын өтінді. Сөйтіп 1968 жылы №364-ші қазақ темір жол 8 жылдық мектебін ашты. Сол мектепке өзінің ұстазы Жанбатыров Орынбасар мектеп директоры болып тағайындалды да, Жұмабек Қансеитов соның орынбасары болды.
Назерке: 1969 жылы Жанбатыров Орынбасар өмірден қайтқан соң , оның орнына Жұмабек Қансеитов директор болды. Жұмабек Қансеитов 1969 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озаты» медалімен марапатталды. Жұмабек ата 5 рет жергілікті кеңестің депутаты болып сайланды. Ол өзінің ауылы Шағыр станциясын көркейту үшін көптеген еңбек істеді. Шағыр станциясының тұрғындарына ішетін ауыз су Арыс қаласынан труба арқылы келетін. Сол труба ескіріп, әр жері тесіліп Шағырға су келмей қалды. Халық абыржи бастады. Халықтың жағдайын жақсарту үшін жоғарғы жақа өзі барып, хат жазып артезиан құдығын құрап елді суландырды.
Нұрдаулет: Балалар 8 сыныпты бітірген соң ары қарай оқуын басқа қалаларға жалғастыратын болды. Халықтың жағдайын ескере отырып Қансеитов Жұмабек мектепті 11 жылдыққа айналдыруға әрекет жасады. Сөйтіп 1990 жылы мектепті 11 жылдық мектепке айналдырды. Жұмабек атаның жолдасы Нұрила апа Шағыр станциясында балабақшада жұмыс істеді. Екеуі жұмыс істеп жүріп
4 ұл 10 қызды дүниеге әкелді.
Ақнұр: Монтайтастан Шымкентке қатынайтын асфальт жол Шағырға 4 км қашықтықта орналасқан. Шағырдың халқы Шымкент қаласына облыс орталығына бару үшін 4 км жаяу барып автобусқа мінетін. Қансеитов Жұмабек аудан басшыларына, облыс басшыларына барып жүріп ақша бөлдіріп сол 4 км жерге асфальт салдырды. Осындай жұмыстары үшін аудан басшылары Қансеитов Жұмабекке «Еңбек ардагері» деген атақ берді және ауданның «Құрметті азаматы» деген атақ берді
Арайлым: Жұмабек ата мен Нұрила әже жұмыс істегеннен қатар барлық балаларын жоғарғы оқу орындарында оқытты. 4 қызы 2 ұлы Қаз ҰУ-ды бітірді. 2 қызы Мед академияны бітірді яғни барлық балаларын түгелдей оқытты. Қансеитов Жұмабек 2008 жылы меккеге қажылыққа барып қайтты. Қазір Жұмабек Қансеитовтың 42 немересі 20 шөбересі бар. Немерелері өздері ғылым кандидаттары, ғылым докторлары. Жұмабеката отбасымен үлгілі отбасылар жарысына қатысып 1-ші орын алды.
Мұғалім: батыр Б.Момышұлы «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін» деген сөзін қағида етіп алдым. Ұрпақтарыма да сол сөзді үнемі қайталап отырамын. Еңбегім ескерусіз деп айта алмаймын. Шағыр ауылындағы мектепте қырық бір жыл қызмет атқардым. Мамандығым тарихшы. Қазақтың тарихына зерделей қараймын. Ауылға, туған жерім Шағырға еткен еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп түсінемін деп еске алады ардагер ұстаз.
Диана. Жұмабек атаның Жаңыл деген қызы емші әрі ақын. Ол кісі өзінің әкеге, анаға деген перзенттік махабатын жыр жолдары арқылы жеткізеді. Әкесіне арнаған «Елдің ұлы» атты жырын тыңдап көрелік.
Біздер үшін әрқашанда мереке ,
Туған күнің әкелсін құт береке.
Ортамызда батагөйім жүре бер,
Туған күнің құтты болсын жан әке.
Саған жырмен салдырамын естелік,
Менің қазір көрсетерім еркелік.
Парызым мен қарызым көп алдыңда,
Барсам-дағы Меккеге сан көтеріп.
Тарыққанда демеу болдың жаныма,
Күш-қуатты төге білдің қаныма.
Көтер де төзе білдің барыма,
Құлақ салып айта білген зарыма.
Дос секілді сырластым да өзіңмен,
Бөлістім тек көргенімді көзіммен.
Босай қалсам өз өзімді лақтырып,
Жинай білдің ес ақылды сөзіңмен.
Жүргенімде көтере алмай шашырап,
Көмектестің ұл қызымды асырап.
Пейіліңмен барша жерде елжіреп,
Жүрек түгіл сүйектерің қақырап
.
Кейбір жерде сырласамын жеңгемдей,
Ал бір жерде ойнай салам жездемдей.
Ақылыма ақыл қосып жүрдің тек,
Бәрін-бәрін бұрын өзің көргендей.
Әкетайым, айналайын ақкөңіл,
Енді сізге лайық тек шат өмір.
Ұл-қыздарың шеттерінен бақытты,
Еңсеңді ұстап барша жерде көтеріл.
Беделдісі ауданның құрметтісі,
Халық үшін жұмсалды ерен күші.
Еңбегі еленіп дегенменен
Із қалдырды артында әрбір ісі.
Бірі әкім, іскер де, бірі ғалым,
Шартарапта ұшыраған шәкірттері.
Ат абырой жиюда бейнет етіп,
Еңбекпен өсірген перзенттері. Жұмабек қажы мен Нурила әже – 12 бала (2 ұл, 10қыз), 42 немере, 20 шөбере тәрбиелеген берекелі отбасының ұйытқысы.
1.Тұңғыш қызы – Қансейітова Маржан Жұмабекқызы. 30.10.1959 жылы туылған. Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың заң факультетін бітірген. Қазір ҚР Әділет министрлігінде Бас маман болып қызмет істейді. Екі ұлы, бір қызы, 7 немересі бар.
2.Қансейітова Шаһаризада Жұмабекқызы 11.10.1961 жылы туылған. Жетісай педагогикалық училищесін бітіріп, 30 жыл бастауыш сыныпта мұғалім болған. Қазір зейнеткер. 2 қыз, 3 ұлы, 12 немересі бар. Тұңғыш ұлы Бөленбаев Мақсат Жұмабайұлы техника ғылымының PhD докторы.
3.Қансейітова Жаңыл Жұмабекқызы 02.01.1963 жылы туылған. Шымкент қаласындағы Медициналық академияны бітірген. ҚР Кәсіби халық емшілері қауымдастығының ОҚО және Шымкент қаласы бойынша филиалының және «Шапағат» халық емшілері мекемесінің ОҚО және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, «ҚР Құрметті Халық емшісі», «ҚР Жұлдызды емшісі». Ақын – «Емшілік – жұмбақ әлем», «Бақыт жолы», «Жүректерге жол іздеу», «Қуаныш» кітаптарының авторы.Бір ұл, бір қызы, екі немересі бар.
4.Қансейтова Бақыткүл Жұмабекқызы 16.10.1965 жылы туылған. Қапланбек техникумының бухгалтер мамандығын бітірген. Бір ұл, бір қызы бар.Тұңғышы Қиханова Жанар Сауыржанқызы «Алтын белгі» иегері, Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Қызыл дипломмен» бітірген түлегі.
5.Қансейітов Дінмұхаммед Жұмабекұлы 2.07.1967 жылы туылған. Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың заң факультетін бітірген. Арыс станциясы Желілік Ішкі Істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан Көлік полициясына 90 жыл» медалімен марапатталған. 2 ұл, 3 қызы бар. Қызы Нұрай №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының «Алтын белгі» үміткері.
6.Қансейітова Нұрбала Жұмабекқызы 1969 жылы туылған. Балқаш қаласындағы медициналық училищені бітірген. «Арыс» шипажайында медбике болып жұмыс істейді. Бір қызы бар. Қызы Көркем Арыс қалалық «Әйгөлек» байқауының 1 орын иегері.
7.Қансейтова Ботагөз Жұмабекқызы 3.07.1971 жылы тулыған. Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Қазір осы иститутта дәріс береді. 3 ұл, 1 қызы бар. Үлкен ұлы Рүстем бокстан Алматы қалалық жарыстың 1 орын иегері.
8.Қансейітова Жұмагүл Жұмабекқызы 23.03.1973 жылы туылған. Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірген. Қазір «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚФ ОҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында дәріс береді. Кембридж Халықаралық Емтихандар Кеңесі ынтымақтастықта берілген валидациялық марапат иегері, халықаралық дәрежедегі тренер. 3 ұл, 1 қызы бар. Балалары оқу озаттары.
9.Қансейітова Элеонора Жұмабекқызы 21.01.1975 жылы туылған.Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде араб тілінен дәріс береді, Филология ғылымының кандидаты. 3 ұл, 1 қызы бар. Екі ұлы Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9, 11 сынып оқушылары.
10.Қансейітов Шаяхмет Жұмабекұлы 14.06.1977 жылы туылған.Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың заң факультетін бітірген. Астана қаласында Көліктегі Ішкі істер департаменті жолаушылар поезына ілесіп жүру батальоны командирінің орынбасары, полиция подполковнигі. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен, «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен және де «Ерен еңбегі үшін» ҚР ІІМ, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 3 ұл, 2 қызы бар.ҚР ІІМ Көліктегі ІІД ұйымдастырған Отбасы күнін мерекелеуге байланысты өткізілген эстафетада отбасымен І орынға ие болған.
11.Қансейітова Гүлгүл Жұмабекқызы 23.12.1979 жылы туылған. Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген.Түркиядағы Испарта қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінің туркітану факультетінде PhD докторантурада оқуда. 2 ұл, 1 қызы бар.
12.Қансейітова Лаура Жұмабекқызы 15.08.1982 жылы туылған. Алматы қаласындағы Республикалық медициналық колледжді бітірген. ҚазірАрыс тораптық ауруханада медбике болып істейді.4 ұлы бар. Үлкен 3 ұлы оқу озаттары.
Ендігі кезекте мектебіміздің ардақты ұстазы Маржан апай өзінің жүректен шыққан жылы лебізімен арнауын ағайға арнамақшы . олай болса сөз кезегі өзіңізде.
Арнау.
Еліңді еңбегіңмен,
Ағажан сүйсіндіріп.
Бойыңа парасатты,
Ағажан жүрсің жиып.
Шәкіртке мейірім төккен,
Ұстаз ең аға неткен.
Шәкірттің жүрегінен,
Орын тепкен.
Ұстаз ең ұлағатты,
Еңбегің еш кетпеген.
Бағалап еңбегіңді,
Елің де құрметтеген.
Халықтың қалаулысы,
Сайланып қаншама рет.
Арыстың азамат,
Атандыңыз.
Халықтың қамын ойлап.
Жүрмісің асыл аға.
Алланың жасын жасап,
Жүре бер қажы аға.
Жеңешем ардақты ана,
Ал ағам қажы ата.
Он екі ұл мен қызды ,
Өсірдіңіз.
Ұл-қызың өскенімен,
Жан-жаққа кеткенімен.
Жолына қарайлайсың,
Алаңдаумен.
Ұстаз ең ұлағатты,
Еңбегің еш кетпеген.
Бағалап еңбегіңді,
Елің де құрметтеген.
МҰҒАЛІМ: Жұмабек Қансейітов ағамыз ұстаздық жолында осындай еңбектерімен көзге түскен адам. Жастарымызды адамгершілік, имандылық рухында тәрбиелеуге ықпал етері сөзсіз. Бүгінгі кештен көп әсер алдық ойлаймын. Ағаның өз аузынан да талай естеліктер естідік. Тәлім тәрбие алатын әңгіме де естідік. Ендеше тәрбие сағатымды мына бір төрт шумақ өлеңмен аяқтасам деймін.
Тудырған өз тұлғасын әрбір дәуір,
Жазылар бұдан да еңбек әлі тәуір.
Есіңнен шығарма тек балалаларым
Түйенің көш бастаған жүгі ауыр.
Жаңа жыл мерекесі
Зал
мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші
шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты
ата-ана, Ұлағатты ұстаздар!
2-
жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты
шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан
алқа
тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі
жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді
бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз
бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп,
баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға
рұқсат етіңіздер!
/Ортаға /
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/”Жаңа жыл” әні орындайтын
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне
сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді
Ақша қар келе жатыр деген хабар алып
тұрмыз.
1-жүргізуші:
*
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар
келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша
қар.
Аяз ата:
Бар
бол, балам! Біз қай жерге келдік
қарағым?
1-жүргізуші:
Ауылы ән мен күйге боленген,
окушылары шетінен өнерлі, арасында үздіктері бар Арыс өңірінің
киелі шаттық мекені Шағыр ауылындағы Абылай Тілеубердин атындағы
жалпы орта мектебінің Нурипа Темірбекқызы жетекшілік ететін 5 сынып
оқушыларына келіп тұрсыз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Шағыр
әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда
да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын
кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз
болды.
Аяз
ата:
-Рұқсат шырақтарым,
рұқсат.
/шығыс биі /
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті
Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең
байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не
бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай
қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға ауылымыздың
ордалы Рахымберді мен Баймахан отбасынан келген өнерпаздарды
шақырамыз. /ортаға Ерасыл мен Ербосынды
шақырылады./
1-жүргізуші:
- Сіздердің алдарыңызда аргы
беттен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /Еребұлан мен
Қанағат./
2-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер!
Алдарыңызда
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермен қауым. /”Айналайын” бишілер тобы.
биі./
2-жүргізуші:
- Ал, ардақты
ағайын!
1-жүргізуші:
-Қадірлі халқым!
2-жүргізуші:
- 2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен
әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны
жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай
болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің
құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін
билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар,
“Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға
тарихтан өтер “Тауық ” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды
есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай
қарайсыздар?
Аяз
ата:
- Бәрекелді қарақтарым!
Келсін, тауық келсін...
/тауық жылы шығады./
Тауық жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша
қар!.
Аяз ата:
Иә, Тышқан қайда тарттың?
Тышқан жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде бұзау бауырыма жолығып кетейін деп
келдім. /осы кезде мөңіреп сиыр жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата!
Ассалаумагалейкум, тышқан аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Тышқан жылы:
Уагалейкумассалам, сен бала бұзаумысың?
Жаңа жыл:
- Дәл өзімін.
Тышқан жылы:
- Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, бұзаужан! Кімдер
даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым
білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса
атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам,
қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант
етемін.
Тышқан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де
барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп
бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.