Материалдар / Ашық сабақ"Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ"Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырып 9-сынып бойынша өткізілді.Сабақ жоспарында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты мәліметтер және тың деректер қамтылған.Әр алуан видеоматериалдар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды деп есептеймін.Сонымен қатар әріптестеріме де көмегі тиеді деп ойлаймын.Ақын шығармашылығын оқу арқылы оқушыларды туған халқының тарихы мен әдебиетін сүюге тәрбиелеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2018
6602
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:17.01.18 ж.Сынып: 9

Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет бере отырып, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелеу

Сабақтың міндеттері:

1.Өскелең ұрпаққа ақынның өмірін дәріптеу арқылы ақын шығармашылығының тарихын аша отырып, оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру;

2.Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыда ойларын, тілдерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жетелеу сұрақтары арқылы белсенділігін, ой еркіндігі мен танымын арттыру;

3.Елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ақын бойындағы елжандылық, адамгершілік, ерлік, өрлік қасиеттерін үлгі ету,өз халқының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: танымдық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірме,баяндау,талдау, жинақтау, топтық жұмыстар, СТО стратегиялары, »3 неліктен техникасы»

Сабақтың негізгі түйіндері: Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ішкі Бөкей ордасы, Жәңгір хан, Баймағамбет сұлтан, Гекке бастаған қарулы топ, Исатай Тайманұлы, дауылпаз ақын

Ресурстар: топтық жұмысқа арналған құралдар, сабаққа байланысты слайдтар, Махамбет өміріне байланысты деректі фильм

Пәнаралық байланыс: тарих,музыка

Сабақтың нәтижесі: Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу,ақынның қазақ әдебиеті мен тарихындағы ролін ұғыну.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу,сыныптың тазалығы мен оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеру.

2.Оқушылар назарын сабаққа сабаққа аудару.

3.Бағалау парағы таратылады.

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Баламалы тест арқылы жүзеге асырылады.

«Иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы орындалады.

1.Шортанбай Қанайұлы Түркістан жерінде дүниеге келді ме?-иә

2.Ол Ахмет Риза медресесінде білім алды ма?-жоқ

3. «Зар заман» шығармасын Шортанбай Қанайұлы жазды ма?-иә

4.Ол ағартушылық-демократтық бағыттың өкілі ме?-жоқ

5.Заман,қоғам мәселесі ақын туындыларының негізгі арқауы ма?-иә

6. Шортанбай Қанайұлы айтыс ақыны ма?-иә

III.Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

 «5 жолды өлең» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.

  1. Зат есім Шортанбай

  2. Сын есім шыншыл,сыншыл

  3. Етістік жазады,сынайды,суреттейді

  4. Сөйлем Шортанбай-езгіге қарсы ақын

  5. Синоним Зар заман ақыны

Сынып оқушыларын топқа бөлу- XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі үш бағыт бойынша бөлемін.(Күрескер ақындар,ағартушы-демократ ақындар,әнші-ақындар)

IY.Жаңа білімді меңгеру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

1)«Ой шақыру» стратегиясы1. Ой шақыру (бейнетаспадан фильмнен үзінді)
1.- Мына бейнетаспаны көргенде ойларыңа не келді?
2. -Азаттық үшін күрескен қандай тарихи тұлғаларды білеміз?

2)Оқушыларға төмендегі кілт сөздер арқылы ой тастап,жаңа тақырып туралы өздеріне айтқызамын:

1-топ

1.Исатайдың серігі

2.Ішкі Бөкей Ордасындағы көтеріліс басшысы.

2-топ

3.Туған жер үшін найзалы күреске шақырған өршіл романтик ақын

4.XIX ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі

3-топ

1.»Қара қазан, сары бала»қамы үшін күрескен халқының батыры

2.Алдағы жеңістен күдер үзбеген,жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын

3 топ оқушыларының ойы тыңдалады.

Осыдан кейін барып,жаңа тақырып тақтаға жазылады-Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.



Мұғалімнің сөзі. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайдты пайдалану арқылы сабақты түсіндіремін.

Ұлы жазушы М. Әуезов Махамбет поэзисы туралы:

« Соғыста- батыр, сөзде - от ауызды, орақ тілді дегендей жалындаған алғыр, шешен, Махамбет- Исатай қозғалысындағы ең көрнекті кісінің бірі Махамбет бұрын- соңды қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі саналуға тиіс...

Махамбет жырлары - өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы...Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі.» - деп қазақ даласының теңдесі жоқ тұлғасы екенін атап көрсетті. Махамбет - дауылпаз ақын, өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні болды. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін айқындаған да солар. Махамбет- халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. Оның өлеңдері - шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Ақын Жәңгір ханға айтқан өлеңінде өзінің батылдығын көрсете білді. Махамбет өлеңдерінде романтизм элементі жиі кездеседі.

Махамбеттің «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т. б. өлеңдері Исатай- Махамбет бастаған ұлт азаттық күресінің жылнамасы іспетті. Махамбет поэзиясы -қазақ әдебиетдегі отаншылдық, жауынгерлік поэзияның тамаша үлгісі.

Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда,Махамбет 10 жасынан бастап өлең шығара бастаған.Ақынның жырларын Қуан жырау жатқа білген,одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген,біздің заманымызға Ығылман Шөреков жеткізген.Тағдырдың сыйы болар,ақын Жәңгір ханға қарсы қарулы көтеріліске шықса, Жәңгірдің немересі Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев Махамбеттің екі өлеңін 1908 жылы баспадан жарық көруіне септігін тигізген.

Жәңгір хан туралы қосымша мәлімет бере кетемін.

«3 неліктен?» әдісі бойынша топтық тапсырма

1-топқа тапсырма:Неліктен азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды?

2-топқа тапсырма:Неліктен академик, жазушы Зейнолла Қабдолов «Махамбет-Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры, Махамбет есімі- өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы» деп баға берген? 

3-топқа тапсырма:Неліктен  Махамбет «Исатай- басшы, мен- қосшы»» деді?

Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады.

Y.Жаңа білімді бекіту кезеңі

«Не деген бақытты едің келер ұрпақ!» деп 20 ғасырдағы қазақ өлеңінің хас шебері Қасым Аманжолов жырлағандай, тәу етер тәуелсіздігін алған тұстағы қазақ жұртының ұл менен қызы бақытты. Олай дейтінім, білектің күші, найзаның ұшымен келіп, Абылай хан, Махамбеттей арынды ақындарымыз арман еткен тәуелсіз, еркін елдікке қол жеткіздік. «Еркіндік және Теңдік! Егемендік және Тәуелсіздік!Осы төрт тұтқа тұрғысынан келгенде Махамбет өз атынан емес, тұтас ұлттың атынан, өзі өмір сүрген жылдар емес, қазақ халық болып қалыптасқан сан ғасырлар деңгейінен тіл қатады!»- деп атап көрсеткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Тарих беттерін парақтасақ ,сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батырлар мерт болды. Бұл арпалыс бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған.Бүгінгі күні біз игілігін көріп отырған тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиындықтардан өттік. Осы өткен ата-бабаларымыз секілді біз де еліміздің тәуелсіздігіне қандай үлес қосар едік деп ойлайсыңдар? (оқушылар пікірі )Ендеше сендер қазір «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік» тақырыбына ойтолғау жазып, осы жайында сөз өрнегімен қағаз бетіне түсіріп көрейік.(Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, ойтолғау жазады,бұл уақытта Махамбеттің «Жұмыр,Қылыш» күйі ойналып тұрады. )

3 топтан жазған ойтолғауларын 3 оқушы оқиды.
ІХ. Сабақты қорыту
1.М.Шаханов «Махамбеттің соңғы сөзі»-үнтаспасын тыңдатамын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлтттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өздерің екендіктеріңді ұмытпаңдар!» деген сөзін жадыларыңа әрқашан сақтаңдар деп сабағымызды қорытындылаймыз.

Бағалау-өзін-өзі бағалау парағы арқылы жүзеге асырылады.

Х. Үйге тапсырма :М.Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!