Материалдар / Ашық сабақ.Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа пайдалануға болады
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 1-2


Мектеп

Ш.Әбенов атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Қожағұлов Дәурен Дәулетұлы

Сынып

6 «А»

Күні

06.09.2023

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:




Бөлім

1. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына дамыту

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп- қатерді басқара білу стратегиясы н құру және қолдану

Бағалау критерийі

Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік, жарақат қауіпі бар жағдайлар, арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері, дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы, ағзаның энергетикалық жүйесі, лақтыру, қозғалыс комбинациялары, реттілік, дәлдік, точности, бақылау, маневрлік, эстафеталар, жылдамдату, командалық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін?

- бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

- денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

- эстафеталық жүгіру қандай қозғалыс дағдыларын дамытады?

- лақтыру техникасын қалай жетілдіруге болады?

- әріптесіңіздің ұсынған кері байланысы пайдалы болды ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

5 сыныптағы өтілген жеңіл атлетика туралы мәлімет


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Ысқырық, фишкалар, бор.

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

http://www.everlive.ru/how-physical-activity-affects-a-body/ http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka

Сабақтың

ортасы

30 минут

(C) Жеңіл атлетика сабақтары кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің жалпы талаптары.

Болжалып отырған қызмет түріне байланысты қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулығы.


(Т, ЖЖ, ҚБ) Командалар бір-бірінен 5м арақашықтықта сапқа тұрғызылады.

Белгі бойынша екі команда алға жүгіреді.

Арттағы ойыншылардың мақсаты – алдағы ойыншыларды дақтау.

Дақталғандарды есептегеннен кейін, командалар рөлдерімен ауысып, жүгіру қайта өткізіледі.

Оқушыларға тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендігін айтыңыз.

Ойынның нұсқасы: ойыншылар төрт қатарға тұрады. Бірінші команданың ойыншылары бірінші және үшінші қатарға, ал екінші команданың ойыншылары екінші және төртінші қатарға тұрады. Әр команда ойыншыларының мақсаты – алдағы ойыншыларға қолын тигізіп дақтау және соңынан қуып келе жатқанға дақтатпау. Қайта жүгірген кезде командалар рөлдерімен ауысады.


(Т, Ж, ҚБ) Оқушылар бір тізбекке тұрады. Әр ойыншы алдағы тұрғанның белінен ұстайды. Бірінші ойыншы – «басы», ал соңғы ойыншы «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы» «құйрығына» қуып жетуге тырысады. Келісілген уақыттан кейін командалар орындарымен ауысады.

Егер «басы» «құйрығына» белгіленген уақыт ішінде қуып жетсе, екі ойыншы да жыланшаның ортасына ауысады, егер ауыспаса, «басы» ғана ауысады. Басқа команданы көп рет қуып жеткен команда жеңімпаз атанады. Қатысушылар алдын-ала келіскен түрлі әдістермен қозғалып, жыланшаны үзбеуге тырысады.

Сұраңыз: ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін және оны қалай болдырмау керек деп ойлайсыз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Дене жүктемелерінің әсерінен ағзада қандай өзгерістер болады?


Қысқа және орта қашықтыққа жүгіруді орындауда нормалары мен қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. Берілген жолақпен тапсырылған ара қашықтықты бәсекелестікпен жарыса отырып, өтіп шығыңыз.

Дескриптор

- жұбымен пәрмен бойынша әрекет етеді;

- берілген қашықтықтардағы сөре қалыптарын дұрыс орындайды;

- жарыста өз жолағымен жүгіріп өтеді;

- қауіпсіздік ережелерін сақтау амалдарын көрсетеді.



Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.


Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!