Ашық сабақ.Қозғалысты дене қыздыру элементтері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Қозғалысты дене қыздыру элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Ш.Әбенов атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Қожағұлов Дәурен Дәулетұлы

Сынып

6 сынып

Күні

15.05.2024 ж

Қатысушылар саны:

15

Қатыспағандар саны:

15

Бөлім

8. Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Сабақтың тақырыбы

Қозғалысты дене қыздыру элементтері.

Оқу мақсаттары

6.3.1.1. Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Жекебас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру

Бағалау критерийі

Жүктемелердің жеке ағзасына тигізетін пайдасы мен қауіпі туралы айтады













САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Оқытуға сілтеме бейнетаспа:

https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs

Үлкен бос кеңістік, доптар, ысқырық, уақыт өлшегіш, кегелдер

Қозғалмалы ойындардағы допты лақтыру элементтеріне сілтеме :

http://la-kolomna.ru/to_work/method_recomm/223/

Сабақтың

ортасы

30 минут

(С) Шағын допты алысқа лақтыру тапсырмасын орындау реттілігі:

- Шағын допты лақтыру техникасы туралы түсінік құру

- Снарядты ұстау мен мәре фазасында лақтыру қимылының техникасын қайталау.

- Екпін алуды орындау барысында шағын допты «тура-артқа» апаруды қайталау.

- Қозғалыстың алдын ала және мәрелік фазалары мен жалпы шағын допты лақтыру элементтерін біріктіріп қайталау.

- Шағын допты лақтыру техникасын, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдіру.

Денсаулыққа қатысты қатерлерге назар аударыңыздар. Бастан жоғары көтеріп лақтырған кезде, шынтаққа өте үлкен жүк түседі. Көбіне шынтақтың іш жағында қиындықтар туындауы мүмкін. Шынтақ жарақаты лақтыру барысындағы шамадан тыс және қайталанатын жүктемелер нәтижесінде болады.

(С, Т, ҚБ) «Мергендер». Оқушылар екі топқа бөлінеді. Жеребе бойынша топтардың бірі «атыс» сызығына (белгіленген сызық) шығады да, сапқа тұрады. Барлығы бір-бір (2-3 доп алуға да болады) кіші доптан алады. Олардан 3-5м жерге 8-10 кегелдер (аралары 50 см) қойылады. Белгі бойынша топтың барлық ойыншылары, кегелдерді ұрып құлату үшін, доптарды бер мезгілде лақтырады. Кегелдерді көп құлатқан топ - жеңімпаз болып саналады.

Ойын барысында қауіпсіздік техникасын сақтауын қадағалау керек, ойын аяқталғаннан кейін допты дұрыс лақтыру техникасын сақтау қажеттілігін талдаңыздар.

Сұрақ: Лақтыру барысында өз денсаулығыңа қатысты қатерлерді қалай анықтауға болады?

Лақтыру дағдыларын сынамалау үшін келесі тапсырмаларды орындаңыз:

а) аяқты алға созып, жамбасқа отыру қалпынан нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз;

b) арқамен шалқалап жату қалпынан денені көтеру арқылы нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз;

с) орнында тұру қалпынан нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз.

Дескриптор

- лақтыру кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы айтады;

- лақтырылған доптан кейінгі әсер еткен қозғалыс дағдысын анықтайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.05.2024
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі