Материалдар / Ашық сабақ.Тақырыбы: «Мемлекеттік аумақтың морфологиясы. Мемлекеттік шекара»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Тақырыбы: «Мемлекеттік аумақтың морфологиясы. Мемлекеттік шекара»

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінен ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2021
1131
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







Бекітемін

Оқу ісі жөніндегі

директордың орынбасары

___________Б.С.Доспакова

«____»________2021 жыл







География пәнінен

«Мемлекеттік аумақтың морфологиясы. Мемлекеттік шекара» тақырыбында

ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі











Тараз – 2021



Пәні: География

Күні: 18.03.2021 жыл

Тобы: 1ПВТ 20-1

Қысқа мерзімді жоспардың бөлімі:

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік аумақтың морфологиясы. Мемлекеттік шекара.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

  • 10.5.1.9 мемлекеттер аумағының морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру;

  • 10.5.1.10 мемлекеттік шекаралардың функциясы, түрлерімен танысу.


Сабақтың мақсаты:

  • мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу;

  • мемлекеттерді жерінің ауданы бойынша топтастыру;

  • елдерді экономикалық-географиялық орны бойынша жіктеу;


Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшеліктері ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Мемлекет жерінің ауданы – оның халықаралық деңгейдегі орнын анықтайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіш мемлекеттің сыртқы саясатының сипатына, ұлттың геосаяси мүдделеріне ықпал етеді.
Мемлекеттік шекаралар – мемлекеттің қауіпсіздігі мен егемендігін сақтап қалудың аса маңызды шарты.
Мемлекеттік шекаралардың функциялары: бөлуші, жалғастырушы, сүзгілік.
Мемлекеттік шекаралардың түрлері: табиғи, жасанды, құрлықтық, теңіздік.


Мемлекетік шекаралардың түрлері:
- Табиғи шекаралар – елдердің аумақтарын бөліп жатқан табиғи шептер (теңіз, өзен, көл, тау) арқылы өтеді.
- Жасанды шекаралар – адам қолымен жасалған арнайы инженерлік құрылғылар көмегімен белгіленеді.
Сипатына байланысты мемлекеттік шекаралар құрлықтық және теңіздік болып бөлінеді.

Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында топтық және жеке тапсырмалар орындаймыз.

1 тапсырма. Жеке жұмыс.

Төменде берілген мемлекеттердің морфологиялық ерекшеліктері бойынша кестеге мемлекеттерді толтырыңыз.

Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер



Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер



Шашыраңқы мемлекеттер



Дескриптор:
1. Созылыңқы пішінді, біртұтас аумақты алып жатқан және шашыраңқы мемлекеттерді мемлекеттерді кестеге толтырады.
Бағалау түрі: Студенттер бір-бірін бағалайды.

2 тапсырма. Жеке жұмыс.

Төмендегі кестені толтырыңыз.

Мемлекеттер типі


1

Алып елдер


2

Орташа елдер


3

Ұсақ мемлекеттер (микро)



Дескриптор:

1. Алып, орташа, ұсақ мемлекеттерді кестеге толтырады.

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тексеру үшін тақтаға дұрыс жауап көрсетіледі.

3 тапсырма. Жеке жұмыс.
Елдерді экономикалық-географиялық орны бойынша жіктеңіз.
1.
2.
3.
4.
5.

Дескриптор:

1.Елдерді экономикалық-географиялық орны бойынша жіктейді.

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тексеру үшін тақтаға дұрыс жауап көрсетіледі.



Бағалау критерииі
-мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктейді;
-мемлекеттерді жерінің ауданы бойынша топтастырады;
-елдерді экономикалық-географиялық орны бойынша жіктейді;
-мемлекеттік шекаралардың функциясы, түрлерімен танысады.


Қорытынды:

Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қарауылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды.

Рефлексия.
Студенттер қиық қағаздарға жазып береді.
-Сабақта маған не пайдалы болды?
-Сабақта маған не қызықты болды?
-Сабақта маған не қиын болды?


Үйге тапсырма :

1.Азия мемлекеттерін аумағы бойынша жіктеу.

2.Африка мемлекеттерін ЭГО бойынша жіктеу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!