Сабақтың
тақырыбы
|
Сыныбы
|
|
Пән
мұғалімі
|
Тоқыма мозайка
техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны
(құрақ,пэчворок,квилт)
|
5а
сыныбы
|
Ашық
сабақ
|
Сұлтанбекова Раушан
Қалиқызы
|
Сілтеме:күнтізбелік
жоспар,әдістемелік құралдар,технология
оқулығы.
|
Сабақтың мақсаты:құрақ өнері туралы
мәлімет беру, құрақтың түрлерімен таныстыру, құрақ көрпе дайындау
әдісін үйрету.
Білімділік: құрақтың тұрмысымыздағы
алатын орны жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: құрақ өнерін
жетілдіру.
Тәрбиелік: құрақ құрау өнері
арқылы қыз баланы әсемдікке , іскерлікке, үнемділікке
тәрбиелеу.
|
Түйіндік
идеялар: Оқушылардың сыни
тұрғысынан ойлауын дамыта отырып, ой түйіндеуге және алған білімін
өмірде қолдана білуге үйрету.
|
Пәнаралық
байланыс: тарих, әдебиет,
бейнелеу өнері, геометрия, сызу.
|
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: СТО,АКТ, топпен жұмыс,
тест, сарамандық жұмыс, оқуды бағалау,
рефлексия.
|
Ресурстар: Құрақ түрлері,
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тест сұрақтары, техника қауіпсіздік
дәптері, бағалау парағы;
Құрал-жабдықтар: қайшы, сызғыш, үлгілер,
бор, мата түрлері, ине, жіп.
|
Қызығушылығын ояту
(5
мин)
|
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Оқушыларды жұпқа
бөлу
Амандасу, Ынтымақтастық
атмосфера қалыптастыру.
|
Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы екі топқа
бөлінеді.
1-топ ; 2-топ;
пэчворк.
|
Бағалау парағын
тарату
(оқушылардың сабаққа
қатысуын тексеру, топта бағалаушыны тағайындауға ұсыныс
беру.
|
Кезекші оқушы
оқушылардың сабаққа қатысуын хабарлайды және топ мүшелері
бағалаушыны таңдайды.
|
Ой қозғау стратегиясы
10 сұрақ беріліп,
оларды талдауға 2 мин уақыт беріледі. Командалық бір өкіл жауап
береді.Ал, бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша
қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда
ұтады.
|
Әр топқа сұрақтар беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап
береді.
1.Құрақ дегеніміз
не?
2.Пэчворк дегеніміз
не?
3.Квилт дегеніміз
не?
4.Жас жұбайлардың шымылдығындағы қолданылатын құрақ түрі
қандай?
5.Гүлдің атауына байланысты құрақ
атауы?
6.Европа халқының құрақ құрауы қалай
аталады?
7.Құрақтың қандай түрлері
бар?
8.Құрақты қандай бұйымдарда
қолданамыз?
9.Құрақты қандай мақсатпен
құраймыз?
10.Жапон халқында
құрақ құрау қалай аталадыы?
|
Топтық
жұмыс
|
Оқушылар постер дайындап топта
қорғайды
Құрақ дегеніміз не?
1-топ.
Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы
бар.Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек,
екіншіден, мата қиындысынан жасалған бұйымды құрақ дейді.Яғни,
құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.Негізінен құрақтың
200-ден аса түрі бар.Оның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз
құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүлқұйрығы,
майды құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен таралған.Құрақ
құрау техникасы екі бағытта дамып
келеді:
-
Құрақ құрау (құрақ
мозайкасы)
-
Жапсырмалау (аппликация)
Халқымыздың қолөнері құрақ құрау өнері XY-XYI ғасырларда
дамыған. Құрақтар әртүрлі геометриялық фигуралардың қосындысынан
құралған.Екі түрлі матаны бір бірімен қиылыстыра тігетін болсақ,
қарапайым ғана құрақ шығады.Құрақ құрау Европада Пэчворк техникасы
деп аталады.Орыс халқында «лоскутная техника» , жапон халқында
«Сашико» деп аталады. «Пэчворк» ағылшын тілінен аударғанда «құрақ
құрау ,құрастыру» қызықты жұмыс, қиял беруші
өнер.
Құрақ құрау қандай мақсатты
көздейді?
2-топ.
Құрақ құрау екі мақсатты
көздейді.
Біріншіден, мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату,
яғни адам үнемділікке үйренеді.
Екіншіден, үлкен
сәнділікпен мата қиындыларынан әртүрлі пішінді бұйымдар
дайындау.Абай атамыз айтқан 5 дұшпанның бірі-ысырап болса, өнердің
бұл саласы ысырапшылдыққа жол бермейді. Ата-бабаларымыз құрақтан
тігілген заттар оның иесін тіл көзден сақтап, үйіне бақыт алып
келеді деп сенген. Ертеде әжелеріміз құрақ құрай отырып, қызына,
немересіне арналған құрақты: «Отан болып құралып кетсін,
өсіп-өнсін» деген тілекпен жасаған екен.Құраққа қойылатын талап
біреу-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің
үйлесімді орналасуы.
|
Сергіті сәті (3 мин)
«Жалғасын тап» ойыны
(Мақал-мәтелдер)
Бірінші топ бастайды,
екінші, үшінші топ жалғасын жалғастырады.Қай топ жалғастыра алмаса,
сол топ ұпай алмайды.Кезектесіп
отырады.
|
1-топ:
1.Бүгінгі істі.....................қалдырма (бір
рет)
2.Жеті рет өлшеп...... .......кес
(жирен)
3.Өнерліден үйрен,
Өнерсізден..........
(ертеңге)
2-топ:
1.Еңбек етсең ерінбей,
. ..............тіленбей.
(тірлік)
-
Еңбегің сайлы болса,
Ішің.............болар ( тояды
қарның)
-
Бірлік болмай,............ болмас
(тоқ)
|
Қауіпсіздік ережесі.( 3
мин)
Оқушыларға жұмбақ беріледі.
Жұмбақтың жауабына байланысты қауіпсіздік ережесін
айту.
Жұмбақтар.
1.Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.
2.Кигізіп ап ұзын жіп
көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе.
3.Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып.
Басқаға киін дейді,
Ал өзі
киінбейді.
|
Оқушылар жұмбақты шешеді. Жауабына байланысты қауіпсіздік
ережесін айтады.
Жұмбақтардың жауабы және оған байланысты қауіпсіздік
ережесі.
1 топ. Қайшы.
Қауіпсіздік ережесі
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен
берме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға
болмайды.
Қайшыны ашық тастама.
2 топ Ине.
Қауіпсіздік ережесі
Инені киімге қыстыруға
болмайды.
Иненің жібін тіспен үзуге
болмайды.
Инені жіпсіз тастауға
болмайды.
Инені ине қадағышқа шаншы.
1
топ Тігін
машинасы
|
Сарамандық жұмыс (35 мин) Алған білімін
қолдану
Құрақ көрпе дайындау.
1 топ. «Ботакөз»
құрағы
2 топ. «Жұлдызша»
құрағы
Жасалу жолдарын түсіндіру:
Қима үлгілері бойынша
а) композициялық орналасуы, симметрия
сақтауы;
ә) түстерінің үйлесуі, жарасымды
болуы;
б) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және
бірдей орналасуын қадағалау.
(оқушының жұмысына баға беру,
мадақтау)
|
Әр топ өздеріне
берілген құрақ үлгілерінен құрақ схемасын
дайындайды.
|
Талдау және өз ойын ұсыну. (2
мин)
Тест (1-топ)
1.Мата қиындыларын дайындалатын сәндік қолданбалы өнер
түрі.
А)Текемет
Ә)Түскиіз
Б)Құрақ
2. Құрақ құрағанда қолданылатын
құрал-жабдықтар.
А)Біз, ине, жіп, сурет түсірілген мата, қармақты
біз.
Ә)Қайшы, ине-жіп,
сызғыш, мата, картон-үлгілер,
бор.
Б)Тоқитын станок, қайшы пышақ, тоқпақ
ине.
3.Құрақ құрауда кздесетін ою
түрлері.
А)Қошқар мүйіз, түйе табан, сынық
мүйіз.
Ә)Шимай, сұлама, тұмарша.
Б)Ботакөз, тырнақатар,
жұлдызша.
Тест (2-топ)
1.Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасын
атаңыз.
А)Сәулет өнері, саз өнері, мүсін
өнері
Ә)Тіл өнері, мүсін өнері, сәулет
өнері
Б)Тіл өнері, саз
өнері, қолөнері.
2. Қай нұсқа дұрыс?
А)Құрақ құрау
өнері-ертеден келе жатқан өнер.
Ә)Құрақ құрау өнері-ұмыт болған өнер
түрі.
Б)Құрақ құрау өнері-жаңадан пайда болған
өнер.
3.Құрақты не үшін құраймыз?
А)Көрпе
тігу
Ә)Киім тігу
Б)Алаша тоқу
1 топтың жауабы:(1Б, 2Ә,
3Б)
2 топтың жауабы:(1Б, 2А,
3А)
(Оқушының жұмысына баға беру,
мадақтау
|
Оқушыларды бағалау
(топ бағалаушыларына сөз
беру)
(4
мин)
|
Әр топ бағалаушысы оқушыларды бағалап
шығады.
|
Рефлексия (2 мин)
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
|
Оқушылар өз тілектерін стикерге жазып смайликтерге
жабыстырады.
|
Жұмыс орынын жинастыру
|
Кезекші оқушылар жұмыс
орынын жинайды.
|
Оқып үйренудің
нәтижесі
|
1.Құрақ өнері тарихы мен құрақ түрлерімен
танысты.
2.Құрақ құрау техникасын
үйренді.
3.Қыздар әсемдікке,
іскерлікке, ұқыптылыққа үйренді.
|