Материалдар / Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі Ойын арқылы оқыту технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі Ойын арқылы оқыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш білім беру мамандығы бойынша сабақ беретін арнайы пән оқытушыларына көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
1002
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы:Ойын арқылы оқыту технологиясы

Құндылығы: дұрыс әрекет

Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде ойын арқылы баланың ойын жетілдіріп,сабаққа қызығушылығын,белсенділігін арттыратын оқытудың тиімді әдісі жайында түсінік қалыптастыру

Білімділігі: терең ойлай білу қасиеті арқылы білім алушыларға ойын технологиясы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, маман иесін қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері арқылы өмірде қандай жағдай болса да, мойымай, алға қарай бет ала білуге, кез келген жағдайда табандылық көрсете білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі:практикалық сабақ

Сабақтың түрі:аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер, «Квинтиллиан» әдісі, топтастыру, венн-диограммасы, тірек-сигналдар, кері байланыс

Негізгі ұғымдар: алгоритімдік, эвристикалық, шығармашылық деңгей

Пәнаралық байланыс: педагогика, психология, өзін-өзі тану

Бағалау: дескрипторлар бойынша әр білімгерлер өз алдына бағалайды

Қолданылатын көрнекі құралдар:АКТ, постер, суреттер, қима қағаздар,бейне баян, слайд


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық атмосфера қалыптастыру;

-Қайырлы күн, білімгерлер! Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Мен сіздерден бүгінгі сабақта барынша белсенділікті күтемін, өз ойларыңызбен еркін бөлісулеріңізді қалаймын!

Топта жағымды атмосфералық ахуал орнату үшін көңілді көтеру тренингін ұсыну.

ІІ. Сабақтың кезеңдерімен таныстыру:

1 кезең - ұжымдық жұмыс: «Қар кесегі» ойыны

2 кезең –шоғырланып топтасу : таныстырылым жұмысы

3 кезең - топық жұмыстар: 4 топқа бөліп, “Кейс-стади” әдісі бойынша тапсырмалар

4 кезең – «Квинтиллин » сұрақтары бойынша берілетін тапсырмалар



ІІІ.Өткен сабаққа шолу.

1 кезең – ұжымдық жұмыс: өткен тақырыпты қорытындылау.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: «Қар кесегі» ойыны арқылы ойын технологиясына байланысты сұрақтарға жауап алу барысында Аққаланы құрастыру:

  1. Іскерлік ойындардың ерекшеліктері қандай?

  2. «Ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден- бір жалпы ұғым» -деп айтқан психолог? (Е.А.Аркин)

  3. Ойын түрлерін атаңыз?

  4. Н.К.Крупсакая ойын ең бастысы неге үйретеді?( ұйымдастырушылық, мұқияттылық т.б)

  5. Ойын бастауыш сынып балаларының қандай қабілетін арттырады? (белсенділік, қызығушылық)

  6. Ойынның мақсаты?

  7. Оқытудағы ойынның ерекшелігі?

  8. «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады» деп айтқан педагог? (А.С.Макаренко)

  9. Іскерлік ойындарды өткізуде қандай тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады?

  10. Ойындар мазмұнына қарай қандай түрге бөлінеді?

  11. Ұлттық ойындардың маңызы қандай?

  12. Рөльдік ойындар балалардың қандай қабілетін ашады?

  13. Дидактикалық ойындардың түрлері?

  14. Ойынның функцияларын атаңыз?

  15. Г.К. Селевко ойындарды әрекетіне қарай қалай бөлді?

  16. Әдістемесіне қарай ойынның түрлері?

  17. Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?

  18. Ойын дегеніміз не? (халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі)

  19. Сабақта ойын технологиясын пайдалануға мысалдар келтіріңіз?

  20. Ойын сабақтарының түрлерін атаңыз?

  21. Тренинг сабағының мақсаты?

  22. Аукцион сабағының түрлері?

  23. Өзіңіз қандай ойынды ұнатасыз?

  24. Ойынды ең алғаш пайдаланған мемлекет?

  25. Ойынға қатысқан император?


Жаңа сабақ барысы:

Қыс, Аққала, Қар, Аяз – сөздерін үш тілде айту және латын әріптерімен жазу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

Жаңа тақырып:Ойын технологиясы.

Талқыланатын сұрақтар:

1.Ойын сабақтарының түрлері

2.Іскерлік ойындардың түрлері

3. Оқыту үдерісінде ойынның атқаратын қызметі


Тақырыпқа қысқаша теориялық шолу:

Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуге мүмкіндік береді.Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайаланудың маңызы зор.Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқу метериалын зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.Ойын – бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді,, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын-айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұймдастырушылық қабілетін қалыптастырады.Ойын баласын оқытудың басты жолы – «ойын әдісі». Баланы оқытудың барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағаты, төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс.
Ойын технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр
түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

«Ойын» технологиясының мақсаты – оқушыларға жаңа білімбілік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау. Ойын арқылы оқушының білім-білік, сойдеу дағдыларын қалыптастыру.

Балалардыоқытудағыойынныңерекшелігі:

  • Ойынбарысындаоқушының ой-өрісідамиды, сөйлеуқабілетіжетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.

  • Сабақсапасыжақсарады, пәнгедегенқызығушылығыартады, логикалықойлайбілугеұмтылдырады, тәртіпсақтауқабілеті, естесақтауқабілетіқалыптасады.

Ойындармазмұнынақарай, өзінетәнерекшеліктерінеқарайсюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалыққұрылысойындары, қимылдыойындар, ұлттықойындарболыпбөлінеді. 

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдікойындар, денешынықтыруойындары, сюжеттікойындар, дидактикалықойынэлементерінпайдаланудыңмаңызыөтезор. Дидактикалықойындарбаланыңақыл – ойындамытып, сабаққадегенқызығушылықтарынарттырады. Тіптінашароқитынбалалардыңөздері де ойынэлеметтеріараласқансабаққазорынтаменжігеріменараласатыныанық. 

2. Бастауыш сыныптардағы ойын түрлері:

Әр сабақүрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді.
1) Дидактикалық ойындар
2) Қозғалыс ойындары
3) Рөлдік ойындар
4) Грамматикалық ойындар
5) Фонетикалық ойындар
6) Лексикалық ойындар
7) Іскерлік ойындар
8) Интеллектуалдық ойындар
9) Ұлттық ойындар


Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойынарқылыоқушы неге үйренеді?

  • Қисынды ой-қабілетіндамытады

  • Өздігіненжұмысістеугеүйренеді

  • Сөздікқорыбаийды, тілідамиды

  • Зейініқалыптасады

  • Байқампаздығыартады

  • Өзара сыйластыққа үйретеді

  • Ойынныңережесінбұзбау, яғни, тәртіптіліккебаулиды

  • Бір-бірінедегеноқушысеніміартадыдостыққа, ынтымақтастыққабаулиды

  • Сабаққақызығушылығыартады.

Ойынкезінде-баланыңбойындаұйымдастыруқасиеттері қалыптасады: ойлау, сөздікқор, сауаттылық, тапқырлық,шыдамдылық, өжеттілік , байсалдылық, әдептілік.Ойын– баланыңшынтіршілігі. Ойын-бала әрекетініңнегізгітүрі. Ойын арқылықоғамдықтәжірбиені меңгереді,психологиялықерекшеліктеріқалыптасады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдықсипаты болады.

2 кезең –шоғырланған топпен жұмыс: 4 білімгерлерден құралған топқа тапсырма беру барысында «Поровоз» ойыны арқылы СТО әдістерін пайдалана отырып таныстырылым бойынша түсінгендерін қысқаша баяндау. (10мин)

  1. Ойындардың әрекетіне қарай бөлінген түрлеріне анықтама беру

  2. Ойынның әдістемесіне қарай бөлінген түрлеріне сипаттама беру

  3. Ойынның функцияларына сипаттама беру– өзін іс жүзінде көрсету, емдеу, көңіл көтеру

  4. Ойынның функцияларына сипаттама – түзету, ұлтаралық, қарым – қатынас

  5. Педагогикалық үрдіс сипатына қарай түрлеріне сипаттама беру

  6. Логикалық ойынның маңызын, тиімділігін ашып көрсету – ВЕНН диаграммасы

Бейне баян (мектеп пен балабақшадағы ойындар)

3 кезең – негізгі кезең топтық жұмыстар: мақсат, міндет, әдіс, ойын -үш тілде жазылған сөздер бойынша 4 топқа бөліп,тапсрымаларды жоспар бойынша жүргізу.

Оқулықпен жұмыс: әр топқа оқулықтағы мәтінді оқып талдауға уақыт беру.

Диалог: оқыған ақпараттарын топта талқылау.

« Кейс-стади» амал-тәсіл әдісі бойынша әр топқа оқулықтағы мәтінді талдау үшін тақырыптық тапсырма беріледі және тапсырмаларды берілген арнайы тақталаргға орындап талдайды, тапсырмаларын постер арқылы қорғайды:

  1. Ұлттық ойындарының мақсатын, міндетін, түрлері мен тиімділігін ашып көрсету, бір түріне сипаттама беру

  2. Іскерлік ойындарының мақсаты, міндеттері, түрлері мен тиімділігін ашып көрсету, логикалық ойын шарты мен нәтижесін ашып көрсету

  3. Дидактикалық ойындардың маңызын ашып көрсету

  4. Ойын сабақтарының маңызы мен жүргізілу барысын түсіндіру.


4 кезең –Ойын түрлеріне байланысты суреттер құрастыра отырып, «Квинтиллиан сұрақтарына жауап алу - 1. Не? 2. Кім? 3.Қайда? 4.Қашан? 5.Неліктен? 6.Не үшін?

7. Қалай 8. Қандай?», «Минзенхаура Матрицасы»(түсінікті, қажеттілігі, кемшілігі, ұсыныс) бойынша сабақты бекіту.

Қорыта келе айтарым, білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.

Қорытынды, рефлексия.

-Болжаған мәліметтеріңізді алдыңыздар ма?

-Бұл мәліметтер сізге не береді?

-Мұның қандай пайдасы бар?

-Бұл мәліметтерді өмірде қалайша қолдануға болады?


«Бүгінгі көңіл-күйім», «Алтын сандық», «Пирамида» «Бүгін қай сатыдасың?» әдістері бойынша әр топқа рефлексия парағын таратып, кері байланыс орнату.






Үйге тапсырма:350 беттегі тапсрымаларды орындау

Бағалау. Әр білімгерге берілген критериалды кесте бойынша білімгерлердің белсенділігін балдық жүйе бойынша бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Пазылова Г. Іскерлік ойындар – оқу – тәрбие үрдісінде. Қазақстан мектебі № 11 2008

  2. Тоқбергенов Ә., Сайлыбаев Б. Ұлттық ойында – тәрбие құралы. Бастауыш мектеп. № 8-9

3.К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технологиялар Алматы: Жазушы 2004ж

4.К.Ж.Бұзаубақова. Мұғалімнің иновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру теориясы мен практикасы Алматы: Жазушы, 2009ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!