Материалдар / Ашық сабақтың Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақтың Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақтың тақырыбы: Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі, - деп аталады. сабақ 8 сыныбымен өткізілді. Сыныпта барлығы: 9 оқушы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
438
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі

Мектеп: «Ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған интернат»

Күні: 3.03.2022

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімнің есімі: Онлабекова Айгүл

Сыныбы: 8 «Ә»

Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар: -

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі туралы түсіну. Етістікті жіктеуді, яғни сөйлем ішінен етістікті табу, қай жақта тұрғанын айтуды үйрену.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, кесте, топқа бөлуге арналған суреттер және әртүрлі қима-қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, түсіндіру, көрнекіліктер, рефлексия.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескртпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

(9 минут)

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психиялогиялық дайындық : «Шаттық шеңбері».

- Балалар, барлығымыз ортаға шеңбер құрып тұрайық. Енді сағат тілімен бір-бірімізге жақсы қасиеттерімізді айтайық.

Ал енді орнымызға отырмас бұрын, топқа бөлінейік.

Топқа бөлу . «Мозайка» әдісі

Шарты: мозайка сурет қиындыларын құрастыра отырып оқушылар топқа бөлінеді.

-Мына бәйшешек және қызғалдақ гүлдерінің екі мозайка сурет қиындыларын құрастырыңдар.

«Бәйшешектер» суретін құрастырған оқушылар 1 топ болып, және «Қызғалдақтар» суретін құрастырған оқушылар 2 топ болып екі топқа бөлініп отырасыздар.

-Балалар, әр сабақтың кезеңінде сендерді смайлик арқылы бағалап отырамын. 1 смайлик – 1 ұпайға тең.

II.Үй тапсырмасын сұрау

I, II деңгей: 131 беттегі 4 тапсырма. Мақал- мәтелден келер шақ етістікті тап.

Үй тапсырмасын оқыйық.

III, V деңгей: 132 бет, 7 тапсырма. Дәптерде жазылған өлеңді бастырып жазу.

Үй тапсырмасын қорыту:

-Өткен сабақта өтілген тақырытар бойынша етістіктің шақтарын сәкестендіру тесті арқылы білімдерімізді шыңдайық.


Осы шақ

Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс-әрекетті білдіреді.

Өткен шақ

Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекетті білдіреді.

Келер шақ

Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекетті білдіреді.

-Балалар, барлықтарыңыз 133 бетті ашып қойыңыздар. Дәптерлерімізге бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қоямыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

-Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы: «Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі» -деп аталады. Біз бүгінгі сабақта етістікті жітеуді үйренеміз, яғни сөйлем ішінен етістікті табуды, қай жақта тұрғанын айтуды үйренеміз.

Бәйшешек пен

қызғалдақ суреттерінің мозайка қиындылары





























Сәкестендіру тесті

Ортасы

(27 минут)

III. Білу және түсіну

-«Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі» тақырыбына бейнебаянды мұқият көріп есімізге сақтап алайық. Балалар кәне енді осы ережені қайталайық (ережені 2 рет қайталату):

Ереже: Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.

Етістік I, II, III жақ болып, жекеше, көпше болып осы шақта, өткен шақта, келер шақта жіктеледі.


IV. Талдау. Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

1, II деңгей: 1-тапсырма.Мына етістікті осы шақта жікте.

3, 4 деңгей: 3 тапсырма. Дәптерге өлеңді көшіріп жазу немесе бастырып жазу.

Дәптермен жұмыс.

1, II деңгей: 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Етістіктің астын сыз.

3, 4 деңгей: «Малдың төлін тап» әдісін қолданы, малдың төлдерін тапқызамын.

«Етістіктің жекеше және көпше түрінің жіктелуі» тақырыбына бейнебаян




















«Малдың төлін тап» әдісіне көрнекілік

Сергіту сәті

(2 минут)

Жұмбақтар жасыру:

1.Өзі қу, әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу.

(Түлкі)

2.Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді.

(Қоян)

3.Аузы бейне, шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ малды орады.

(Қасқыр)

«1001 Жұмбақ» кітабы

Аяқталуы

(7 минут)

V. Жинақтау

Оқушыларға өтілген тақырыптарды «Ия, «Жоқ» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.

Ережелер

Дұрыс

Бұрыс

1.Зат есімге жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.






+

2.Етістік I, II, III жақ болып, жекеше, көпше болып бөлінеді.


+


3.Етістік осы шақта, өткен шақта, келер шақта жіктеледі.



+



Қима-қағаздар
























Бағалау парақшасы.




Жасыл – түсіндім, басқаларға түсіндіре аламын.

Қызыл – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

Сары – түсінген жоқпын.

Бүгінгі сабағымызға жақсы қатысқандарыңыз үшін алыстан пойызбен әкелінген қораптың ішінде сендерге арналған «Тосын сый» бар.


VI. Бағалау

Сабақтың әрбір кезеңінде бағалау парақшасын оқып балалардың алған балдарын айтамын.

VII. Рефлексия: «Пойыз әдісі»

Кім қандай пойызға отырады?


Үйге тапсырма: I, II деңгей: 134 бет, 5 тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз. Етістіктің астын сыз. Ережені жаттау.

III, V деңгей: 134 бет, 6 жаттығу. Жаңылтпаштарды жазу немесе бастырып жазу.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!